"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 642 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24871 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:

      2 және 3 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда төмендегі ұғымдар қолданылады:

      1) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      2) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      3) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;әкімшілік әрекет;

      5) бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары – бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының азаматтары;

      6) жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары – сот тәртібінде не заңмен белгіленген өзге тәртіпте саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған адамдар;

      7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік құқықтық нормативтік актілерді тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларымен белгілеген тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.

      8) қандастар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

      9) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.";

      "3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Азаматтыққа жататындығын айқындау және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасының Президентінің атына беріледі.

      Азаматтық мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкін.

      Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныстылығы ретінде жоғары тұрған лауазымды адамға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте шағым берілуі мүмкін.

      Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға (лауазымды адамға) беріледі.

      Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен белгіленген мерзімдерде қаралады.

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелері жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыстығы тексеріледі.

      Осы Қағидаларға сәйкес өтініш иесі толық емес құжаттар пакетін немесе толық емес мәліметтерді ұсынған жағдайда, лауазымды адам үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакеті қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, өтініш иесіне хабарлама жолдайды.

      Егер өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде толық құжаттар пакетін ұсынбаса және (немесе) ұсынылған құжаттардағы кемшіліктерді жоймаған болса лауазымды адам өтінішхатты қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.

      Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидаларда көзделген барлық құжаттарды берген күннен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен расталады.

      Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналына тіркелуге және қаралуға жатады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Полиция департаменті (бұдан әрі – ПД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана береді.

      Анықтамалар берген кезде адамдардан жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары талап етіледі және істегі материалдарға қосылған көшірмелермен салыстыра тексеру жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау оларды тапсырған күннен бастап 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен - 3 (үш) ай ішінде жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау туралы өтініш білдірген адамға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары соттылығының болуы не болмауы, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметті прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАОААЖ) арқылы сұратады, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексереді және "Бүркіт" БАЖ-ға Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтерді енгізеді. "Бүркіт" БАЖ арналары арқылы материалдар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына келісуге жолдайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының ішкі істер органы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу туралы материалдарды ұсынғандарға өтінішхаттан (өтініштен) бас тартқан кезде алдын ала, әкімшілік актіні қабылдағанға дейін бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш иесіне әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізу туралы хабарлама жолданады. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтінішхатты (өтінішті) әрі қарай қарау туралы шешім қабылданады, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз болған жағдайда, өтініш иесіне бас тартудың себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден (одан шығудан) бас тарту туралы анықтама жолдайды. Анықтаманың екінші данасы өтініш иесінің жеке ісіне тігіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмірбаян;

      3) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;

      4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;

      6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (осы Қағиданың 15-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген ішкі істер органына Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы өтініштің көшірмесі азаматтыққа қабылдау туралы материалдарға қоса тігіледі);

      7) мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат:

      Санамаланған құжаттармен бірге:

      кәсіби тізбенің талаптарына жауап беретін адамдар және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар үшін талаптар – бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын;

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.

      Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.

      Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес бір тілден екінші тілге аударылғанын нотариус куәландырады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетел мемлекеттері билігінің қатысуымен жасалған немесе сол биліктен шығатын құжаттар мен актілерді, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, заңдастыру болған кезде қаралуға қабылдайды.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу тәртібі";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігімен немесе паспортымен тұрып жатқан адамның Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтыны, басқа мемлекеттің азаматттығына тиесілігін растайтын құжаттарының бар екендігі туралы мәліметтер және өтініштер келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үш жұмыс күні ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығына ҚАОААЖ арқылы прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінде тексеруді жүргізеді, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері және Қазақстан Республикасынан шығуды немесе оған кіруді растау үшін "Бүркіт" БАЖ бойынша тексереді.

      Тексеріс нәтижелері бойынша екі күн ішінде ПД бастығы немесе жетекшілік ететін орынбасары бекіткен дәлелді қорытынды шығарылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына келген адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнама бұзғаны анықталған жағдайда оған қатысыты азаматтықты жоғалту тіркелген адам Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.";

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін келіп түскен мәліметтер негізінде лауазымды адам мынадай құжаттардан тексеру материалын қалыптастырады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды одан әрі тіркеу үшін тексеру іс-шараларын өткізу үшін негіздер (мәліметтер);

      2) Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін (құжаттардың түпнұсқасы болмаған жағдайда) ресімдегенін растайтын мәліметтер;

      3) "Бүркіт" БАЖ-дан шекарадан өткені туралы мәліметтер;

      4) ҚАОААЖ, Қазақстан Республикасы ішкі істер органының барлық есептері бойынша мәліметтер;

      5) шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжат.

      Шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжаттары болмаған жағдайда адамға қатысты шетел мемлекетінің құзыретті органдарына сұрау салу жолдайды.

      Шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын мәліметтің болмауына байланысты белгіленген мерзімде мәліметтерді немесе өтініштерді қарау мүмкін болмаған жағдайда шетел мемлекетінің азаматтығы болуы туралы растайтын мәліметтерді алғанға дейін азаматтықты жоғалтуды тіркеу тоқтатылады. Сұрау салудың көшірмесі істің материалдарына тігіледі.";

      мынадай мазмұндағы 40-2-тармақпен толықтырылсын:

      "40-2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам азаматтықты жоғалтуды тіркеу үшін ішкі істер органдарына күнтізбелік отыз күн ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы еркін түрде өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі (түпнұсқасы);

      Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін жоғалтқан жағдайда адам жазбаша түсініктеме береді.

      3) шетел мемлекеті азаматының паспортының көшірмесі немесе шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжат;

      Лауазымды адам жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою туралы хаттама толтырады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Ата-анасы азаматтықты жоғалтқан жағдайда баланың азаматтығы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті