ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 № 204 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-6) тармақшасына және 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 № 204 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 № 204 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-бабы 1-тармағының 16-6) тармақшасына және 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) (бұдан әрі – сауда-саттық) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
2) кадастрлық (бағалау) құн – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және олардың түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
3) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
4) ұйымдастырушы – мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор.
2-тарау. Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру тәртібі
3. Сауда-саттық сатудың екі нысанында өткізіледі: аукциондық және конкурстық.
Жер учаскесін сауда-саттыққа шығару мынадай екі әдіспен жүзеге асырылады:
1) сатушының сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыруы және бекітуі;
2) геоақпараттық сервистен (бұдан әрі – геосервис) жер учаскелерін алуға мүдделі тұлғалардан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос жер учаскелерін сауда-саттыққа шығару туралы ұсыныстардың (бұдан әрі – ұсыныс) келіп түсуі.
4. Ұсыныс беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) геосервисте ұсыныс беру;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдар болмаса, жер учаскесінің шекараларын енгізу, жер учаскесі бойынша тақырыптық деректерді цифрлық картаға жүктеу;
3) ұсынысқа қол қою.
5. Ұсыныс беру үшін геосервисте тіркеу мынадай деректерді көрсете отырып жүзеге асырылады:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
3) байланыс деректері (почталық және электрондық мекенжайлары, телефоны).
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде геосервистегі деректерді өзгертеді.
7. Геосервисті пайдаланушылардың сауда-саттықтың кез келген сатысында цифрлық картадағы жер учаскелері туралы мәліметтерді қарауға және учаскені сауда-саттыққа шығару туралы шешім қабылданғанға дейін ұсыныс беруге мүмкіндігі бар.
8. Жер учаскесінің шекараларын геосервиске енгізген кезде оған шартты сәйкестендіру нөмірі беріледі. Жер учаскесі сауда-саттыққа ұсынылмаған не сұраныс болмаған жағдайларда, жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі ол берілген кезден бастап күнтізбелік бір жыл өткеннен кейін жойылады.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – сатушы) келіп түскен ұсынысты келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және тиісті шешім қабылдайды.
Жер учаскесін сауда-саттыққа шығару туралы оң шешім болған жағдайда, сатушы веб-порталда осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын, сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны орналастырады.
Жер учаскесін сауда-саттыққа шығару туралы оң немесе теріс шешім қабылданған жағдайда, геосервисте көрсетілген пайдаланушының электрондық почтасына веб-порталда орналастырылған сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны не ұсынысты қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
10. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама веб-порталда жарияланғанға дейін сатушы әрбір сауда-саттық объектісі бойынша веб-порталға мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді:
1) сауда-саттық объектісінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау туралы акт;
2) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартының жобасы.
11. Сатушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырушымен сауда-саттық объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасады.
12. Сауда-саттықты ұйымдастыру үшін сатушы веб-порталда сауда-саттықты өткізгенге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны орналастырады.
13. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) сауда-саттықты өткізу нысаны;
2) сауда-саттық әдісі;
3) сауда-саттық объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасы;
4) жер учаскесінің орналасқан жері, оның алаңы және нысаналы мақсаты;
5) иеліктен шығарылатын құқық түрі (жер учаскесіне меншік құқығы немесе жалдау құқығы);
6) сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты (веб-порталда жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен ерте емес және 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайтын уақытта белгіленеді);
7) жер учаскесіне түсетін барлық ауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі;
8) жер салығының немесе жалдау ақысының мөлшері;
9) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін (жер учаскесін жалдау құқығын) сату жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімге (бұдан әрі – өтінім) қоса берілетін, қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;
10) кепілдік жарнаның мөлшері мен енгізу тәртібі, ұйымдастырушының деректемелері;
11) сауда-саттық объектісін сату және жалдау бағасын төлеу тәртібі;
12) өтінімдерді қабылдау мерзімдері.
14. Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды.
15. Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.
16. Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
17. Сауда-саттыққа қатысушының өтінімі өтінімде көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, веб-порталдың арнайы бөлінген парақшасында электрондық конвертке жүктелетін сауда-саттық шарттарымен қатысушының келісімін және баға ұсынысын қамтиды.
18. Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерінің электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.
19. Егер шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, сондай-ақ қандастарға сауда-саттық объектісін беруге Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тыйым салынған болса, онда мұндай тұлғалардың құжаттары сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеу үшін қабылданбайды.
20. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.
21. Кепілдік жарнаны ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген деректемелеріне енгізіледі.
22. Өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алынбаған жағдайда, қатысушы деректерді өзі енгізеді, сондай-ақ өтінімге растаушы құжаттарды қоса тіркейді.
23. Автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
24. Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;
2) Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына және 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес;
3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.
25. Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.
26. Сауда-саттықтың сатып алушысының кепілдік жарнасы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету болып табылады.
27. Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 916-бабының 10-тармағына сәйкес қайтарылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдай орын алған кезде ұйымдастырушы кепілдік жарнаны тиісті бюджеттің кірісіне аударады.
3-тарау. Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізу тәртібі
1-параграф. Аукционды өткізу
28. Аукцион бағаны көтеру немесе бағаны төмендету шартымен өткізіледі.
29. Сауда-саттық объектісі бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады, екінші және одан кейінгі аукциондардағы сауда-саттық әдісін сатушы айқындайды.
30. Бастапқы баға аукцион әдісіне байланысты анықталады:
1) бағаны көтеру аукционы кезінде бастапқы баға ең төменгі бағаға тең болады;
2) бағаны төмендету аукционы кезінде бастапқы баға ең төменгі бағадан 100 (жүз) есе асады.
31. Жер учаскесін жеке меншікке сату кезіндегі бастапқы баға Жер кодексінің 10-бабына сәйкес есептелетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнынан төмен болмай айқындалады.
Жер учаскесін жалдау құқығын сату кезіндегі бастапқы баға жалдау мерзіміне байланысты жер учаскесі жалданған әр жыл үшін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнынан пайызбен сараланып айқындалады:
1) 10 жылға (қоса алғанда) дейін – 2 %;
2) 11 жылдан 30 жылға дейін – 20 % + 10 жылдан асқан әр жыл үшін 1,5 %;
3) 31 жылдан 49 жылға дейін – 50 % + 30 жылдан асқан әр жыл үшін 1 %.
32. Аукциондардағы объектінің ең төменгі бағасы жер учаскесін жеке меншікке сату кезінде кадастрлық (бағалау) құнынан төмен емес сомада, ал жалдау құқығын сату кезінде – осы Қағидалардың 31-тармағының екінші абзацында белгіленген сомадан төмен емес сомада белгіленеді.
33. Аукцион Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
34. Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.
Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
35. Бағаны төмендету аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.
36. Аукцион сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта басталады.
37. Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда сауда-саттық объектісін сатып алуға ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
38. Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда бұл сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
39. Егер аукцион басталған сәтте сауда-саттық объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (сауда-саттық объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетіне үшінші аукционды (бағаны төмендету аукционын қоспағанда), аталған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
40. Бағаның өзгеру қадамы былай белгіленеді:
1) сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 10% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді;
2) сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000-нан 50000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 7% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді;
3) сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 50000-нан 100000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы 5% мөлшерде белгіленеді;
4) сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 100000-нан 250000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 2,5% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді;
5) сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 250000-нан 500000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді;
6) сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 500000 еселенген АЕК мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді.
41. Бағаны көтеру аукционы:
1) аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың сауда-саттық объектісі үшін баға ұсыныстары бейнеленеді, олар шарттарды сақтай отырып, сауда-саттық объектісін сатып алуға келісім білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;
2) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 40-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын көбейту мүмкіндігі беріледі;
3) егер аукцион басталған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ең жоғары ағымдағы бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
4) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 40-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын көтеру жолымен сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) егер ағымдағы баға көтерілгеннен кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы бағаны көтеру жолымен сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
42. Егер аукцион басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының ұсыныстары объект үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса және осы ағымдағы баға 20 (жиырма) минут ішінде ұлғайтылмайтын болса, баға ұсынысы аукцион залында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген қатысушы осы қатысушылардың арасында аукцион жеңімпазы болып танылады.
43. Бағаны төмендету аукционы:
1) егер аукцион басталған сәттен бастап 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасы осы Қағидалардың 40-тармағында белгіленген қадамға төмендейді;
2) егер баға азайғаннан кейін 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда сауда-саттық объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен төмендейді.
44. Жарияланған баға бойынша сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады. Егер сауда-саттық объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттық объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
Қағидалардың 38, 39-тармақтарында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда сатушы веб-портал қалыптастыратын, аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
45. Аукцион жеңімпазы электрондық почта арқылы аукцион нәтижелері туралы хабардар етіледі.
46. Аукцион барысында техникалық іркіліс туындаған кезде ұйымдастырушы техникалық іркілістің болу фактісін тіркейді және ол болған кезде ақпаратты веб-порталда орналастыру арқылы аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығының техникалық ақауы болған кезде аукцион жалғасады.
Аукционды өткізуге кедергі келтіретін веб-порталдың техникалық іркілу фактісі болған жағдайда, ұйымдастырушы бұл туралы Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығын, сатушыны дереу хабардар етеді және аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды веб-порталда ақпаратты орналастыру және веб-порталда көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы осы аукционды жалғастырудың күні мен уақыты туралы алдын ала хабардар ете отырып, ұйымдастырушы техникалық іркілісті түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционды жалғастыруды ұйымдастырады.
2-параграф. Конкурсты өткізу
47. Сатушы конкурсқа шығарылатын сауда-саттық объектісінің конкурстық құжаттамасын қалыптастырады және бекітеді, онда мыналар қамтылады:
1) конкурс өткізудің шарттары мен тәртібі туралы ақпарат;
2) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартының жобасы;
3) жер учаскесін пайдалану шарттары бойынша өлшемшарттар.
Конкурстық құжаттама кемінде үш өлшемшартты, оның ішінде инвестициялар көлемі, құрылатын жұмыс орындарының саны, жерлерді қорғау, оларды ұтымды және тиімді пайдалану бойынша өлшемшарттарды қамтиды;
4) сауда-саттық объектісін беру шарттары, оның нысаналы мақсаты және бастапқы бағасы;
5) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті, мүдделі органдармен келісілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы.
48. Конкурсқа қатысу үшін өтінімге веб-порталдың арнайы бөлінген парақшасында конкурстық ұсыныстары (сауда-саттық объектісінің бағасымен бірге) бар жабық электрондық конверт қоса беріледі.
49. Конкурс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында веб-порталда өтеді. Конкурс Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және конкурс өткізілетін күні аяқталады.
50. Өтінімдерді ашу веб-портал арқылы конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты келгенде автоматты түрде жүргізіледі.
51. Өтінімдерді сатушы осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген сауда-саттық объектісіне қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды анықтау мақсатында веб-порталда қарайды.
52. Егер конкурсқа екі қатысушыдан кем қатысса, онда конкурс өткізілмеді деп танылады.
53. Сауда-саттық объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы автоматты түрде жеңімпаз деп танылады. Егер екі немесе одан да көп қатысушының бағасы бойынша ұсыныстар бірдей және ең жоғары болған жағдайда, өтінімі қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылардың арасында конкурс жеңімпазы болып танылады.
54. Конкурс жеңімпазы электрондық почта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.
55. Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.
56. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының арасындағы сауда-саттық жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою шарттарын тіркейтін құжат болып табылады.
57. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.
58. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.
59. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және аталған сауда-саттық объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.
60. Ұйымдастырушы сату бағасын сатушы сатып алу-сату шарты бойынша сауда-саттық объектісінің сату бағасын жеңімпаздың төлегені туралы мәліметтерді веб-порталға енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті бюджеттің кірісіне аударады.
61. Сауда-саттық объектісін беру жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сатушы мен сатып алушы веб-порталда қол қоятын қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүргізіледі.
62. Егер сатып алушы соңғы төлемді өтеу міндеттерін осы Қағидалардың 58-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде орындамаса, онда сатып алушы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жер учаскесі үшін төлем төленген күнге дейін төленуі тиіс күннен бастап кешіктірілген мерзім үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) төлейді.
63. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын құқықтық кадастрда тіркеу мұндай шарт бойынша есеп айырысу аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық түрде қамтамасыз етіледі.
64. Сауда-саттық нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.
Нысан
Бос жер учаскесін сауда-саттыққа шығару туралы ұсыныс
(Кімге) __________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың,
кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі)
кімнен ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі )
______________ мекенжайы бойынша орналасқан (немесе оның жергілікті жерге
байланысты сипаттамасы) бос учаскені жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау
құқығын сату жөніндегі сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығару
нысанасына қарастыруды сұраймын.
Жер учаскесін жоспарлы нысаналы пайдалану:
____________________________________________________________
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы ____________________________________________________________;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның,
ол болмаған жағдайда филиалдың (өкілдіктің) БСН-сы) ______________;
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________;
мекенжайы _______________________________________________________;
телефон нөмірі ____________________________________________________;
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________;
жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________;
жеке басты куәландыратын құжаты:
нөмірі ___________________________________________________________;
кім берді _________________________________________________________;
берілген күні _____________________________________________________;
мекенжайы _______________________________________________________;
телефон нөмірі ____________________________________________________
Аталған ұсыныста көрсетілген мәліметтерді, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге
келісім беремін.
Пайдаланушы 20__ жылғы "__" _________ сағат _____ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер________
ЭЦҚ қою күні және уақыты _______________________________________
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер _______________________________________
ЭЦҚ қою күні және уақыты _______________________________________
Қатысушының аукциондық нөмірі _________________________________
Нысан
Жер учаскесін (жер учаскесін жалдау құқығын) сату жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім
1. Сауда-саттық өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-бабы
1-тармағының 16-6) тармақшасына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган бекітетін Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату
жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің
веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларымен танысып,
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) 20 __жылғы
"____" _______ сағат _____ өтетін сауда-саттыққа (аукционға немесе конкурсқа)
қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім (дік), оны мынадай
сауда-саттық объектілері бойынша сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін
веб-портал бұғаттайды:
Р/с № | Сауда-саттық объектісінің атауы | Сауда-саттық объектісі үшін кепілдің жарнаның сомасы, теңге |
1 | ||
2 | ||
Жиыны |
3. Мен (біз) мыналардың сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелмейтіні туралы хабардармын(мыз):
1) Сауда-саттықты өткізу туралы өтінімде көрсетілген сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаны ұйымдастырушының шотына сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын енгізбеген заңды (жеке) тұлға;
2) Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына және 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес;
3) Жер кодексінің 96-1-бабының 4-тармағына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғалар.
4. Егер мен (біз) сауда-саттықтың жеңімпазы(дары) болып айқындалған жағдайда, сауда-саттық өткізілген күні сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін өзіме (мізге) аламын (мыз).
5. Мен (біз) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сатуға қатысуға мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартылған жағдайда, енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен келісемін (міз).
6. Өзім (із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (мыз):
Заңды тұлға үшін:
атауы _______________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________
мекенжай_____________________________________________________
телефон нөмірі ________________________________________________
банк деректемелері:
жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
банктік сәйкестендіру коды _______________________________________
банктің атауы _________________________________________________
бенефициар коды ______________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) _____________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
төлқұжат деректері ____________________________________________
мекенжайы ___________________________________________________
телефон нөмірі_ _______________________________________________
банк деректемелері:
жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
банктік сәйкестендіру коды ______________________________________
банктің атауы _________________________________________________
бенефициар коды ________________________________________________
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған дербес деректерді сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Қатысушы 20__ жылғы "__" ______ сағат _____ қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер _________________________________________________________________
ЭЦҚ қою күні және уақыты _____________________________________
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер ______________________________________
ЭЦҚ қою күні және уақыты _____________________________________
Қатысушының аукциондық нөмірі: ________________________________ (аукцион аяқталған соң өтінімде көрсетіледі)
Конкурс қатысушысының баға ұсынысы, теңге: ________________ (конкурсқа қатысушы толтырады және сатушы сауда-саттық өткізу туралы өтінімде көрсетілген сауда-саттық объектісіне қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сәйкес қатысушыларды анықтағаннан кейін өтінімде көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10937 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы өзгерістер енгізілетін бұйрықтар тізбесінің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13093 болып тіркелген).
3. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде сату және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 792 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12995 болып тіркелген).
4. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде сату және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 437 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14416 болып тіркелген).
5. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде сату және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 366 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17525 болып тіркелген).
6. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде сату және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 282 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21203 болып тіркелген).