"Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қыркүйекте № 21203 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10937 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      35-тармақ алып тасталсын;

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты хаттама рәсімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Қатысушы ұсынысты (конкурстық өтінімді) басып шығарады немесе өшірілмейтін сиямен жазады және тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті жеке тұлғалар үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлға үшін – бірінші басшының (немесе сенім білдірген адамның) қолымен куәландырылған түрде ұсынады.";

      70-тармақ алып тасталсын;

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты хаттама рәсімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгi