"Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына және "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24254 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасына және (немесе) мәліметтерге сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Егер хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.

      Құжаттардың толық топтамасы келіп түскен және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған күннен бастап 12 (он екі) жұмыс күні ішінде ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жауапты орындаушысы және Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, содан кейін Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы ұсынылған қорытындылар негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      барлық ұсынылған қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы тұжырым болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;

      осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және Көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік берілсін;

      2) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылсын.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындау үшін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасына және (немесе) мәліметтерге сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Егер хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 12 (он екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Көрсетілетін қызметті алушының өтінімді тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтінім берушінің "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімді осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды немесе Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы немесе әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы;

      2) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданудан бас тарту туралы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 282 Бұйрыққа
1-қосымша
  Ядролық қауіпсіздік және
(немесе) радиациялық
қауіпсіздік, және (немесе)
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамаcын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-1-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      ______________________________________________________________ берілді
(Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Осы арқылы

      _________________________________________________________________ ММ
(Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Сіздің [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды

      _____________________________________________________________________
(құрылымдық элементті көрсету)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:

      1. ________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________

      Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.

      _________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)

      ___________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20__ жылғы "___" ___________

      "__" сағат "__" мин.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 282 Бұйрыққа
2-қосымша
  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын
бекіту қағидаларына
3-1-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      _____________________________________________________________ берілді
(Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Осы арқылы

      __________________________________________________________________ ММ
(Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Сіздің [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды

      _____________________________________________________________________
(құрылымдық элементті көрсету)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:

      1. ________________________________________________________________

      2. _________________________________________________________________

      3. _________________________________________________________________

      Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.

      _________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)

      ____________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20_ жылғы "_" ______ "__" сағат "__" мин.