Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. "Тұжырымдама, доктрина әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17139 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
2021 жылғы 3 қыркүйектегі | |
№ 83 Бұйрықпен | |
бекітілген |
Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) 8-тармағына сәйкес әзірленді және доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші мемлекеттік орган – МЖЖ құжатын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
2) бірлесіп орындаушы – Стратегияны әзірлеу және іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын, қызметтерінен өз өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері шегінде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауаптылардың оларға қол жеткізуі байланысты болатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және басқа да ұйымдар;
3) доктрина (стратегия) – белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың, пайым мен көзқарастардың жиынтығын айқындайтын және Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілетін құжат;
4) жол картасы – саланың/аяның жекелеген міндеттеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар жиынтығын қамтитын, қызметтің жекелеген бағыттары бойынша әзірленетін, ведомствоаралық сипатта болатын іске асыру сипатындағы құжат;
5) кешенді жоспарлар – дамудың жекелеген маңызды салалық немесе өңірлік мәселелерін жедел шешуге арналған іс-шаралар жиынтығын қамтитын іске асыру сипатындағы құжат;
6) мемлекеттік бағдарлама – негізінен дамудың идеологиялық, нормативтік және басқа да аспектілерін қозғайтын және елеулі қаржы ресурстарын бөлуді талап етпейтін жекелеген саясаттарды іске асырудың мақсаттарын, міндеттері мен тәсілдерін айқындайтын құжат.
2-тарау. Доктриналарды (стратегияларды) әзірлеу тәртібі
3. Доктриналар (стратегиялар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік, сыртқы және ішкі саясат саласындағы, сондай-ақ ел дамуының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша жалпыұлттық ұстанымдарды, ортақ көзқарастарды, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын тұжырымдау мақсатында әзірленеді.
4. Доктринаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) кіріспе;
2) ағымдағы ахуалды талдау;
3) негізгі ережелер: белгілі бір мәселе бойынша дамудың мақсаттары мен қағидаттары, пайымы және тәсілдері;
4) қорытынды.
5. Доктрина (стратегия) жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) МЖЖ құжаттарын іске асыруға бағытталған;
2) МЖЖ-ның жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мақсаттар мен қағидаттарды қамтиды;
3) қысқаша және нақты жазылады.
6. Доктриналарды әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар, сарапшылар, әртүрлі білім салаларының мамандары тартылады.
7. "Кіріспе" бөлімінде доктринаны (стратегияны) әзірлеудің негіздемесі мен қажеттілігі көрсетіледі, доктринаның мәні ашып жазылады.
8. "Ағымдағы ахуалды талдау" бөлімінде белгілі бір салалардағы қолданыстағы мемлекеттік саясаттың қалыптасқан көзқарастар жүйесін, қағидаттары мен бағыттарын талдау көрсетіледі.
9. "Негізгі ережелер" бөлімінде мемлекеттік саясатты жүргізудің мақсаттары, қағидаттары, бағыттары, тәсілдері мен нысандары айқындалады, сондай-ақ оларды таңдаудың негіздемесі келтіріледі.
Доктринаның (стратегияның) мақсаттарында белгілі бір мәселеде істердің түпкілікті қалаулы жағдайы көрсетіледі.
Доктринаның (стратегияның) қағидаттарында мемлекеттік саясаттың ұсынылып отырған бағдарын іске асырудың негіздері мен қағидалары белгіленеді.
Белгілі бір мәселе бойынша дамуды пайымдау осы мәселенің қағидаттарын, көзқарастарын білдіреді.
Белгілі бір мәселе бойынша даму тәсілдері алға қойылған мақсатқа қол жеткізудің әдістерін, болжанатын (ықтимал) жолдарын білдіреді.
10. "Қорытынды" бөлімінде доктринаны (стратегияларды) іске асырудың нәтижесінде елдің және қоғамның дамуында күтілетін оң өзгерістер көрсетілген жалпы тұжырымдар қамтылады.
11. Доктринаның (стратегияның) жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
12. Доктринаның (стратегияның) жобасы әзірлеу сатысында, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
3-тарау. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
13. Мемлекеттік бағдарлама МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында кемінде 5 жыл кезеңге әзірленеді.
14. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленеді.
15. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) паспорт (негізгі параметрлер);
2) мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, іске асыру тәсілдері мен мерзімдері;
3) қажетті ресурстар;
4) іс-шаралар жоспары (қосымша түрінде).
16. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) МЖЖ құжаттарын іске асыруға бағытталған;
2) МЖЖ-ның жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жекелеген саясаттарды, іс-шараларды іске асырудың мақсаттарын, міндеттері мен тәсілдерін қамтиды;
3) аяралық, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы міндеттерді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге бағдарланған;
4) игілік алушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған;
5) қаржылық, еңбек және материалдық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігін қамтамасыз етеді;
6) қысқаша және нақты жазылады.
17. "Паспорт (негізгі параметрлер)" бөлімінде мыналар:
1) атауы;
2) әзірлеу үшін негіз;
3) әзірлеуші мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушылардың нұсқауы;
4) мақсаттары;
5) міндеттері;
6) іске асыру тәсілдері мен мерзімдері;
7) қаржыландыру көздері мен көлемдері қамтылатын мемлекеттік бағдарламаның негізгі параметрлері жазылады.
18. "Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, іске асыру тәсілдері мен мерзімдері" бөлімінде МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттары негізге алына отырып қалыптастырылатын мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, іске асыру тәсілдері мен мерзімдері көрсетіледі.
19. Мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізудің негізгі шарттары болып табылатын, жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның міндеттері айқындалады.
20. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тәсілдері әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде және қажетті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қамтиды.
21. "Қажетті ресурстар" бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер жазылады.
22. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірлеу сатысында стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
23. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін Орналастыру қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
24. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес беітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23023 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары және Жобалық басқарудың үлгілік регламенті) сәйкес жобалық басқарудың әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2023 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Кешенді жоспарларды әзірлеу тәртібі
25. Кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша маңызды салалық және өңірлік мәселелерді жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді.
26. Кешенді жоспардың құрылымы кесте пішінінде болады және мыналарды:
1) күтілетін нәтижелерді;
2) іс-шараларды (нақты іс-әрекеттер);
3) іс-шаралардың аяқталу нысанын;
4) іс-шаралардың орындалу мерзімдерін;
5) жауапты орындаушыларды/бірлесіп орындаушыларды;
6) қаржыландыру көлемін;
7) қаржыландыру көздерін қамтиды.
27. Кешенді жоспардың жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) мерзімі, қаржы ресурстары, аяқталу нысандары және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды (нақты іс-әрекеттерді) орындаушылар бойынша келісілген жүйені қамтиды;
2) шаралардың атаулылығын, олардың іске асырылуының мерзімдері мен дәйектілігін нақты айқындауды, орындаушылар қызметінің мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етеді.
28. Кешенді жоспарлар қажет болған жағдайда негізгі міндеттерді, проблемаларды көрсете отырып, осы құжатты қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпаратты көрсететін "Кіріспе" бөлімімен толықтырылады.
29. Кешенді жоспардың жобасы әзірлеу сатысында стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
30. Кешенді жоспар кешенді жоспарды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
31. Кешенді жоспардың жобасы әзірлеу сатысында, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
5-тарау. Жол карталарын әзірлеу тәртібі
32. Жол карталары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша ведомствоаралық сипаттағы қызметтің жекелеген бағыттары бойынша 3 жылдан аспайтын мерзімде әзірленеді.
33. Жол картасының құрылымы кесте пішінінде болады және мыналарды:
1) күтілетін нәтижелерді;
2) іс-шараларды (нақты іс-әрекеттер);
3) іс-шаралардың аяқталу нысанын;
4) іс-шаралардың орындалу мерзімдерін;
5) жауапты орындаушыларды/бірлесіп орындаушыларды қамтиды.
34. Жол картасының жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) мерзімі, қаржы ресурстары және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды (нақты іс-әрекеттерді) орындаушылар бойынша келісілген жүйені қамтиды;
2) шаралардың атаулылығын, олардың іске асырылуының мерзімдері мен дәйектілігін нақты айқындауды, орындаушылар қызметінің мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етеді.
35. Жол карталары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының шешімдерімен, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрықтарымен МЖЖ-нің 8-тармағына сәйкес бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша әзірленген және бес немесе одан астам мемлекеттік органның құзыретіне қатысты жол карталарын осы салаға/аяға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының шешімімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша әзірленген және бестен аспайтын мемлекеттік органның құзыретіне қатысты жол карталары осы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрықтарымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары бойынша әзірленген жол карталарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің шешімімен бекітіледі.
36. Жол картасының жобасы әзірлеу сатысында стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
37. Жол картасының жобасы жол картасын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
38. Жол картасының жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін Орналастыру қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Доктриналарды (стратегияларды), | |
мемлекеттік бағдарламаларды, | |
кешенді жоспарларды, жол | |
карталарын әзірлеу | |
қағидаларына | |
1-қосымша |
Нысан
Кешенді жоспар _______________________________ (кешенді жоспардың атауы) ___________________________________________________________________
Р/с № | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|---|---|
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
Бағыттың атауы____________________________ | ||||||
1. | 1-іс-шара | |||||
2. | n іс-шарасы | |||||
3. | n іс-шарасы | |||||
Бағыттың атауы___________________________ | ||||||
4. | 1-іс-шара | |||||
5. | n іс-шарасы | |||||
6. | n іс-шарасы |
Ескертпе: Кешенді жоспардың нысаны осы нысанға қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Кешенді жоспар нысанына | |
қосымша |
Кешенді жоспарды толтыру бойынша түсіндірме
Кешенді жоспар былайша толтырылады:
1) "Күтілетін нәтижелер" деген жолда Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер сипатталатын күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
2) "Атауы" деген жолдарда кешенді жоспардың негізгі бағыттары көрсетіледі.
Әрбір бағыт "Іс-шара" деген бағанда көрсетілетін іс-шараларға бөлінеді;
3) "Іс-шара" деген бағанда Кешенді жоспар іс-шараларының атауы көрсетіледі;
4) "Аяқтау нысаны" деген бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық сипаттамасы ) көрсетіледі;
5) "Орындау мерзімі" деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімі бір-бірімен байланыстырылады және Кешенді жоспар бойынша тұтастай алғанда жоғары тұрған органдарды хабардар етуі жылына екі реттен аспауға тиіс;
6) "Орындауға жауаптылар" деген бағанда міндеттер мен іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
7) "Қаржыландыру көлемі" деген бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жобаланатын көлемі көрсетіледі.
8) "Қаржыландыру көздері" деген бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі.
Бұл ретте іс-шараларды орындау бойынша ведомстволық ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі.
Доктриналарды (стратегияларды), | |
мемлекеттік бағдарламаларды, | |
кешенді жоспарларды, жол | |
карталарын әзірлеу | |
қағидаларына | |
2-қосымша |
Нысан
_________________________________ жол картасы (жол картасының атауы) ___________________________________________________________________
Р/с № | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | |
---|---|---|---|---|---|
Күтілетін нәтижелер 1) 2) ... n) | |||||
Бағыттың атауы _______________________________________ | |||||
1-іс-шара | |||||
n іс-шарасы | |||||
n іс-шарасы | |||||
Бағыттың атауы _______________________________________ | |||||
1-іс-шара | |||||
n іс-шарасы | |||||
n іс-шарасы |
Ескертпе: Жол картасының нысаны осы нысанға қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Жол картасы нысанына | |
қосымша |
Жол картасын толтыру бойынша түсіндірме
Жол картасы былайша толтырылады:
1) "Күтілетін нәтижелер" деген жолда жол картасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістерді сипаттайтын күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
2) "Атауы" деген жолдарда жол картасының негізгі бағыттары.
Әрбір бағыт "Іс-шара" бағанында көрсетілетін іс-шараларға бөлінеді;
3) "Іс-шара" бағанында жол картасы іс-шараларының атауы көрсетіледі;
4) "Аяқтау нысаны" деген бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық сипаттамасы) көрсетіледі;
5) "Орындау мерзімі" деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-бірімен байланыстырылады және жалпы жол картасы бойынша жылына екі реттен артық жоғары тұрған органдарды хабардар етуден аспауға тиіс;
6) "Жауапты орындаушы" деген бағанда іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
Бұл ретте іс-шараларды орындау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушы ретінде көрсетіледі.