"Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 тамызда № 24073 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6 және 7-қосымшалар жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің м.а.
С. Кожаниязов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің
м.а.
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 337 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрығына
4-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет:

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал немесе мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі арқылы Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде Орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық құжат нысанында жеке кабинетте көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген кезде, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн жұртшылықпен танысу үшін қолжетімді болатын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын, оған қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарландырумен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жария талқылау үшін өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы, ал жұртшылық пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы ескертулер мен ұсыныстарды көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсерлер туралы есеп жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізудің шекті мерзімі қатарынан 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулар хаттамасы қалыптастырылады, оған қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау туралы шешім қабылдайды немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуды алғаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтайды және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды алуға қайта өтініш береді.

      Ықтимал әсерлер туралы есептің пысықталған жобасын сараптама комиссиясының отырысында қарауды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінген кезде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын жұртшылықпен танысу үшін орналастырылған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн қолжетімді қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырумен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде бірыңғай жүйе арқылы жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жария талқылау үшін өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы, жұртшылық пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы ескертулер мен ұсыныстарды көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсерлер туралы есеп жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізудің шекті мерзімі қатарынан 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулар хаттамасы қалыптастырылады, оған қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қояды. Қоғамдық тыңдаулардың қол қойылған хаттамасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде танысу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Хаттамада мүдделі мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз нысанында қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталда қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны Жеке кабинетте электрондық құжат нысанында не қолма-қол немесе пошта арқылы алады;

      Хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қайталап қоғамдық тыңдаулар өткізу барысында олардың авторлары алмаған ескертулері мен ұсыныстары болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының тиісті пікірі қайталама қоғамдық тыңдаулар хаттамасына енгізіледі, содан кейін даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктер сараптама комиссиясында шешіледі.

      Қайталама қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрағалығымен сараптама комиссиясын құрады және бірыңғай жүйе арқылы сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсерлер туралы есептің және бастапқы және қайталама қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының пысықталған жобасының көшірмелерін жібереді, сараптама комиссиясының отырысын өткізу күнін белгілейді.

      Сараптама комиссиясының отырысы көрсетілетін қызметті берушінің және қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын жасаушының қатысуымен сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының көшірмесін және қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларын жібергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Сараптамалық комиссия отырысының нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия отырысының хаттамасы жасалады, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және отырысқа қатысқан сараптамалық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Сараптама комиссиясы оң шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады.

      Сараптамалық комиссия ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      осы Қағидаларға 3-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа жүгінеді.

4 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құрамында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлерді бағалауды Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізеді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің қоршаған ортаға әсерді бағалау есебінің жобасын қарауы барысында жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының аумағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының көзделіп отырған қызметі басқа мемлекеттің қоршаған ортасына елеулі теріс трансшекаралық әсер ететін мән-жайлар анықталған кезде есеп жобасын қарау рәсімі қоршаған ортаға әсерді бағалау күнтізбелік 180 күнге тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілетін қызметті беруші трансшекаралық контексте қозғалатын Тараптармен консультациялар нәтижелерін, сондай-ақ қозғалатын Тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған барлық ескертулер мен ұсыныстарды, оның ішінде ықтимал әсерлер туралы есепті дайындау кезінде қоғамдық тыңдаулар барысында алғаннан кейін қоршаған ортаға әсерді бағалау есебінің жобасын қарауды қайта бастайды.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалау есебінің жобасын қарауды тоқтата тұру мерзімін өткізіп алған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында, порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды береді.

  "Қоршаған ортаға әсерді бағалау
нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(толық атауы
мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекен жайы
____________________________
(индекс, қала, аудан,
облыс, көше, үйдің № )

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды алуға өтініш

      Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын қарауды

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жобаның толық атауын көрсету)

      және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны беруді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;

      әсер ету скринингісіне тиісті көзделіп отырған қызметтің объектілері үшін:

      қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;

      2) ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хатты ұсынады;

      трансшекаралық әсер ету жағдайында:

      көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжат.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Басшысы _________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда)

      " " 20 жыл

      Электрондық цифрлық қолтаңбаға арналған орын

  "Қоршаған ортаға әсерді бағалау
нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(толық атауы
мемлекеттік органның атауы)
от _________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы
____________________________
  (индекс, қала, аудан,
облыс, көше, үйдің № )

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды алуға өтініш

      Ықтимал әсерлер туралы есептің пысықталған жобасын (" " 2021 жылғы № бірінші дәлелді бас тартуға сәйкес) қайта қарауды

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жобаның толық атауын көрсету)

      және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны беру сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;

      2) көрсетілетін қызметті берушімен берілген ескертулерді ескере отырып пысықталған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хатты ұсынады.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Басшысы _________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      " " 20 жыл

      Электрондық цифрлық қолтаңбаға арналған орын

  "Қоршаған ортаға әсерді бағалау
нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
бірінші рет жүгінген кезде - 39 (отыз тоғыз) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметке қайта жүгінген кезде, оның ішінде Сараптау комиссиясының отырысында ескеруді ескере отырып - 64 (алпыс төрт) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Еңбек кодексі) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін бірінші рет жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз нысанда):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге өтініш;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;
ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хат;
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжатты;
порталға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге өтініш;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытындының электрондық көшірмесі;
ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының электрондық көшірмесі;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хаттың электрондық көшірмесі;
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжаттың электрондық көшірмесі;
Мемлекеттік қызметке қайта жүгінген кезде, оның ішінде Сараптау комиссиясының отырысында ескеруді ескере отырып:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге өтініш;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;
көрсетілетін қызметті берушімен берілген ескертулерді ескере отырып пысықталған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хат;
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда:
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжатты;
порталға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық түрдегі қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге арналған өтініштің электрондық көшірмесі;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытындының электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті берушімен берілген ескертулерді ескере отырып пысықталған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының электрондық көшірмесі;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хаттың электрондық көшірмесі;
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда:
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көрсетілетін қызметті берушімен берілген ескертулерді ескере отырып пысықталған көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 73-бабының 16-тармағына, 74-бабының 14-тармағына және 76-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен берілген ұсыныстар мен ескертулердің жойылмауы.

  "Қоршаған ортаға әсерді бағалау
нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Уәкілетті органның атауы

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды

      1. Белгіленген қызметтің бастамашысы туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы;

      заңды тұлға үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшы туралы деректер, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы.

      2. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 1-қосымшасына сәйкес көзделіп отырған қызмет шеңберінде көзделген операциялар түрлерінің сипаттамасы және оларды сыныптау.

      3. Қызмет түрлеріне елеулі өзгерістер енгізілген жағдайларда:

      бұрын қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Экология кодексінің 65-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы;

      өздеріне қатысты бұрын көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды берілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындымен қоса елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Экология кодексінің 65-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

      4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында дайындалған құжаттар туралы мәліметтер:

      белгіленген қызметтің әсерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытынды, оның күні мен нөмірі;

      қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау туралы қорытынды, оның күні мен нөмірі;

      ықтимал әсерлер туралы есеп, оның атауы, оны белгіленген қызмет бастамашысының бекіткен күні мен нөмірі;

      қоғамдық тыңдаулар хаттамасы, оның күні мен нөмірі;

      қайта өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (олар өткізілген жағдайда), оның күні мен нөмірі;

      сараптау комиссиясы отырысының хаттамасы, оның күні мен нөмірі.

      5. Белгіленген қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлер туралы қорытынды, осындай әсерлердің сипаты, сондай-ақ табиғи ортаның компоненттері және осындай әсерлерге ұшырауы мүмкін өзге де объектілер туралы мәліметтер.

      6. Көзделген қызметті іске асыру жол берілетін болып танылатын жағдайлар:

      1) объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану, кейіннен кәдеге жарату және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі салдарларды жою кезеңдерін қоса алғанда, көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаны, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын қорғаудың бастамашысы үшін сақталуы міндетті болып табылатын шарттары;

      2) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, межеленіп отырған қызметке байланысты шешімдер қабылдау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар ескеруі қажет қажетті шаралар туралы ақпарат;

      3) эмиссиялардың, табиғи ортаға физикалық әсердің шекті сандық және сапалық көрсеткіштері;

      4) қалдықтардың түрлері бойынша жинақталуының шекті мөлшері;

      5) Егер белгіленген қызметті іске асыру шеңберінде көму көзделсе, қалдықтарды олардың түрлері бойынша көмудің шекті саны;

      6) ықтимал әсерлер туралы есепте жобадан кейінгі талдау жүргізу қажеттігі анықталған жағдайда: оны жүргізудің мақсаттары, ауқымы мен мерзімдері, оның мазмұнына қойылатын талаптар, жобадан кейінгі талдау туралы есептерді уәкілетті органға және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну мерзімдері;

      7) авариялардың алдын алуға, олардың зардаптарын шектеуге және жоюға бағытталған шарттар мен қажетті шаралар көзделуге тиіс;

      8) бастамашының биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді болғызбау, қысқарту және (немесе) жұмсарту, сондай-ақ ықтимал экологиялық залалды жою жөніндегі міндеттері, егер белгіленіп отырған қызметті іске асыру осындай нұқсанға себеп болуы мүмкін;

      9) трансшекаралық әсерлерді бағалау нәтижелері туралы ақпарат (оны жүргізген жағдайда).

      7. Осы қорытындыда көрсетілген шарттар сақталған кезде көзделген қызметті іске асыруға жол берілетіндігі туралы қорытынды.

      Ескерту. Экология кодексінің 241-бабының 3-тармағында көзделген негіздер белгіленген жағдайларда, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға көзделіп отырған қызметке жол бермеу туралы дәлелді шешім енгізіледі. Мұндай жағдайда осы нысанның 6 және 7-тармақтары толтырылмайды.

  Қоршаған ортаға әсерді бағалау
нәтижелері бойынша
қорытындыға
қосымша

      1. Қорытынды шығаруға негіз болған негізгі дәлелдер мен тұжырымдар.

      2. Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат:

      1) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын орналастыру күні және уәкілетті органның ресми Интернет-ресурстарында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру);

      2) Жергілікті атқарушы органдардың ресми Интернет-ресурстарына ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын орналастыру күні;

      3) қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру жарияланған газеттің (газеттердің) атауы, газеттің шыққан күні және оның нөмірі;

      4) теле-немесе радиоарна (арналар)арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды тарату күні (күні);

      5) көзделіп отырған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы жұртшылық қосымша ақпарат ала алатын, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрата алатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірі болуға тиіс;

      6) ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына жұртшылық өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша немесе электрондық нысанда жібере алатын уәкілетті органның немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы;

      7) Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесі туралы мәліметтер: оларды өткізу күні мен орнының мекенжайы, қоғамдық тыңдаулардың бейнежазбасының болуы туралы мәліметтер, оның ұзақтығы;

      8) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасына жұртшылықтың барлық ескертулері мен ұсыныстары, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар барысында алынғандар және оларды қарау нәтижесінде алынған тұжырымдар қамтылуға тиіс.

      3. Мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар, қоғамдық тыңдаулар өткізу, трансшекаралық әсерлерді бағалау (ол өткізілген жағдайда), қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару кезінде көрсетілген ақпарат қалай ескерілгені туралы түсіндіре отырып, сараптама комиссиясының ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын қарауы нәтижесінде алынған ақпаратты қорыту.

  бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрыққа
5-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет:

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал немесе мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі арқылы Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының қарауына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      көзделіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің бар екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті ресми интернет-ресурста орналастырады және оның көшірмесін тиісті мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде Қолжетімді жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады, одан кейін белгіленген қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде ресми хабарды таратуды қосымша ұйымдастырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық көрсетілетін қызметті алушы көздеген қызметі туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласы туралы қорытындыға қатысты өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын ұсынады.

      Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жазбаша нысанда не қағаз жеткізгіште алынған ескертулер мен ұсыныстар енгізілетін жиынтық кесте түрінде ресімделген хаттаманы, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан портал арқылы ресми интернет-ресурста орналастырады және көшірмесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Хаттаманы орналастырғаннан және жібергеннен кейін, көзделіп отырған қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 33 (отыз үшінші) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы төмендегілердің бірін ресімдейді:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе жүргізілмеуі туралы және қоршаған орта компоненттерінің қамту саласын айқындау жөніндегі тұжырымдар қамтылған, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қамту саласын және (немесе) әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды.

      Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      осы Қағидаларға 3-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      10. Белгіленген қызметтің әсерін скрининг рәсімі барысында қоршаған ортаға әсерді бағалау қажеттілігі белгіленеді.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажет болған кезде көзделіп отырған қызметтің әсері скринингінің қорытындысы қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындымен бірге беріледі.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажеттілігі болмаған кезде көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг қорытындысы беріледі.

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

      1. Белгіленген қызметтің бастамашысы туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы;

      заңды тұлға үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшы туралы деректер, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы.

      2. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-қосымшасына сәйкес көзделіп отырған қызмет түрлерінің жалпы сипаттамасы және олардың сыныптамасы.

      3. Қызмет түрлеріне елеулі өзгерістер енгізілген жағдайларда:

      бұрын қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Кодекстің 65-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы);

      өздеріне қатысты бұрын көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды берілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындымен елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Кодекстің 65-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

      4. Көзделген қызметті жүзеге асырудың болжамды орны туралы мәліметтер, орынды таңдаудың негіздемесі және басқа орындарды таңдау мүмкіндіктері.

      5. Объектінің қуатын (өнімділігін), оның болжамды мөлшерін, өнімнің сипаттамасын қоса алғанда, көзделіп отырған қызметтің жалпы болжамды техникалық сипаттамалары.

      6. Көзделіп отырған қызмет үшін болжанатын техникалық және технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы.

      7. Көзделіп отырған қызметті іске асыруды бастаудың және оны аяқтаудың болжамды мерзімдері (объектіні салуды, пайдалануды және кейіннен кәдеге жаратуды қоса алғанда).

      8. Объектілерді салуды, пайдалануды және кейіннен кәдеге жаратуды қоса алғанда, көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар түрлерінің сипаттамасы (болжанып отырған сапалық және ең жоғары сандық сипаттамаларды, сондай-ақ оларды пайдалану болжанып отырған операцияларды көрсете отырып):

      1) жер учаскелерін, олардың алаңдарын, нысаналы мақсатын, болжамды пайдалану мерзімдерін айқындайды;

      2) су ресурстарын:

      сумен жабдықтаудың болжамды көзі (орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектілері, тасымалданатын су), су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бар-жоғы туралы мәліметтер, олар болмаған кезде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды белгілеу қажеттігі туралы, ал Бар болса – көзделіп отырған қызметке қатысты олар үшін белгіленген тыйым салулар мен шектеулер туралы қорытынды;

      су пайдалану түрлері (жалпы, арнайы, оқшауланған), қажетті судың сапасы (ауыз су, ауыз су емес);

      суды тұтыну көлемі;

      су ресурстарын пайдалану жоспарланатын операциялар;

      3)жер қойнауын пайдалану құқығының түрі мен мерзімдері, олардың географиялық координаттары (егер олар белгілі болса) көрсетілген жер қойнауы учаскелері;

      4) өсімдік ресурстарының түрлері, көлемі, сатып алу көздері (оның ішінде егер оларды қоршаған ортада жинау жоспарланса, оларды дайындау орындары) және пайдалану мерзімдері, сондай-ақ көзделіп отырған қызметті жүзеге асыратын жерде жасыл екпелердің болуы немесе болмауы, оларды кесу немесе көшіру қажеттігі, кесілуге немесе көшірілуге жататын жасыл екпелердің саны, сондай-ақ өтем тәртібімен отырғызылуы жоспарланған жасыл екпелердің мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген;

      5) жануарлар дүниесі объектілерінің түрлерін, олардың бөліктерін, дериваттарын, жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін:

      жануарлар дүниесін пайдалану көлемі;

      жануарлар дүниесін пайдаланудың болжамды орны және пайдалану түрі;

      жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін, дериваттары мен жануарлардың тіршілік ету өнімдерін сатып алудың өзге де көздерін сатып алу;

      жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану жоспарланатын операциялар;

      6) сатып алу көзін, пайдалану көлемдері мен мерзімдерін көрсете отырып, көзделіп отырған қызметті (материалдарды, шикізатты, бұйымдарды, электр және жылу энергиясын) жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ресурстарды;

      7) пайдаланылатын табиғи ресурстардың тапшылығына, бірегейлігіне және (немесе) жаңартылмайтындығына байланысты олардың сарқылу тәуекелі жатады.

      9. Атмосфераға ластаушы заттардың күтілетін шығарындыларының сипаттамасы: ластаушы заттардың атаулары, олардың қауіптілік сыныптары, шығарындылардың болжамды көлемі, уәкілетті орган бекіткен ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне (бұдан әрі – ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидалары) сәйкес деректері ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне енгізілуге жататын ластауыштардың тізбесіне кіретін заттар туралы мәліметтер.

      10. Ластаушы заттар төгінділерінің сипаттамасы: ластаушы заттардың атаулары, олардың қауіптілік сыныптары, төгінділердің болжамды көлемдері, ластауыштардың тізбесіне кіретін, олар бойынша деректер ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне енгізілуге жататын заттар туралы мәліметтер.

      11. Басқару көзделіп отырған қызметке жататын қалдықтардың сипаттамасы: қалдықтардың атауы, олардың түрлері, болжанатын көлемдері, нәтижесінде олар түзілетін операциялар, ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларында қалдықтарды тасымалдау үшін белгіленген шекті мәндерден асып кету мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер.

      12. Көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін рұқсаттардың және осындай рұқсаттарды беру құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың тізбесі.

      13. Экологиялық нормативтермен немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерімен, ал олар болмаған кезде – гигиеналық нормативтермен салыстыра отырып, көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру болжанатын аумақтағы және (немесе) акваториядағы қоршаған орта компоненттерінің ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы; егер бастамашыда осындай болса, фондық зерттеулердің нәтижелері; далалық зерттеулер жүргізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды (фондық зерттеулер нәтижелері болмаған немесе жеткіліксіз болған, көзделіп отырған қызметті жүзеге асыратын жерде тарихи ластану объектілерін, бұрынғы әскери полигондарды және басқа да объектілерді қоса алғанда, қоршаған ортаға әсері зерттелмеген немесе жеткілікті зерттелмеген объектілердің болуы).

      14. Көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаға теріс және оң әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығы, ұзақтығы, жиілігі мен қайтымдылығы ескеріле отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымы, олардың маңыздылығын алдын ала бағалау.

      15. Қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығы, ұзақтығы, жиілігі мен қайтымдылығын ескере отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымы.

      16. Қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің ықтимал нысандарының алдын алу, болдырмау және азайту жөніндегі, сондай-ақ оның салдарын жою жөніндегі ұсынылатын шаралар.

      17. Көрсетілген көзделіп отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің ықтимал баламаларының және оны жүзеге асыру нұсқаларының сипаттамасы (баламалы техникалық және технологиялық шешімдерді және объектінің орналасқан жерін пайдалануды қоса алғанда).

      Қосымшалар (өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар):

      ____________________________________________________

      Белгіленген қызмет бастамашысының басшысы (өзге уәкілетті тұлға):

      ____________________________________________________

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көзделіп отырған қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні өткен соң

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе жүргізілмеуі туралы және қоршаған орта компоненттерінің қамту саласын айқындау жөніндегі тұжырымдар қамтылған, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қамту саласын және (немесе) әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық және қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде (қағаз нысанда) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көзделіп отырған қызмет туралы өтініш;
трансшекаралық әсер ету жағдайында:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын құжат;
порталға (электрондық нысанда):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі көзделіп отырған қызмет туралы өтініш;
трансшекаралық әсер ету жағдайында:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды алу үшін:
кеңсеге (қағаз нысанда):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көзделіп отырған қызмет туралы өтініш;
порталға (электрондық нысанда):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қызмет туралы өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Кімге: _____________________________

      (Мемлекеттік қызметті берушінің толық атауы)

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды

      Қарауға ұсынылды:

      __________________________________________________________________

      (ұсынылған материалдардың, басқа да құжаттардың жинақтылығын аудару)

      Материалдар қарауға келіп түсті _________________ 20__ жыл

      (Кіріс тіркеу күні, нөмірі)

      Жалпы мәліметтер

      Қоршаған орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы

      Қорытындылар

      _______________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Кімге: _____________________________

      (Мемлекеттік қызметті берушінің толық атауы)

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды

      Қарауға ұсынылды:

      _________________________________________________________

      (ұсынылған материалдардың, басқа да құжаттардың жинақтылығын аудару)

      Материалдар қарауға келіп түсті _________________ 20__ жыл

      (Кіріс тіркеу күні, нөмірі)

      Жалпы мәліметтер

      Көзделіп отырған қызметтің қысқаша сипаттамасы

      Қоршаған орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы

      Қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе болмауы туралы қорытындылар

      _______________________

      (қолы)

      ___________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)