"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығына 1-қосымша |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.
5. Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
6. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін онда кемінде 3 (үш) жыл тұрғанын растау қажет.
7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерді отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап уәкілетті органның басшысы өтінішті жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерінің орындауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
11. Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны осы Қағидалардың 10-тармағының нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонға sms-хабарлама алған сәттен бастап береді.
12. Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;
2) не Стандарттың 9-тармағына сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолданады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
15. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымдануға Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
нысан
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атауы ____________________________ азаматтан (ша) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) |
Өтініш
Мені "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес ___ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін мыналарға сәйкес есепке қоюды сұраймын:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің
тізімі ____________________________________________________________________
(Заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес тізімнің атауы)
2) санаты _________________________________________________________________
3) отбасы құрамы: _________________________________________________________
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туыстық дәрежесі)
ЖСН: ______________________________;
4) қосымша табысы туралы мәліметтер (жетiм балаларды, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, халықтың әлеуметтiк жағынан осал
топтарына және мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасыларға жататын азаматтар
үшін): ____________________________________________________;
(еңбекақы (зейнеткерлік салық салынатындарды қоспағанда), әлеуметтiк төлемдер
түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн; балаларға
және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi; жеке қосалқы шаруашылықтан –
мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын, үй жанындағы
шаруашылықтан түсетін табыстар, өзге де табыстар және жүгіну алдында соңғы он екі
ай ішіндегі табыстың атауы мен сомасы);
5) отбасында жиырма екі аптадан асқан жүкті әйелдің болуы туралы мәліметтер, ЖСН:
_________________________________________________________________________;
6) мүгедек бала туралы мәліметтер, ЖСН __________________________________;
7) мүгедектік, қарттық, жүрек-қан тамыр ауруларының және басқа ауыр науқастар
туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу), ЖСН:
_________________________________________________________________________;
8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігінің болуы туралы мәліметтер ЖСН:
________________________________________________________________________;
9) жұмыс орны туралы мәліметтер:
____________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың
қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер,
арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет
атқаратын адамдар санаттары бойынша азаматтардың тізімі үшін);
10) қорғаншы туралы мәліметтер: _____________________________________________
(ЖСН, шешімнің (қорғаншылық) нөмірі, қорғаншылыққа алған күні, шешім
қабылдаған орган);
11) авариялық тұрғын үй туралы мәліметтер ____________________________
(жылжымайтын мүлік объектісінің түрі кадастрлық нөмірі, ел, облыс, аудан, елді мекен,
көше, үй, корпус, пәтер);
12) тиісті ауданы (тиісті ауданнан кем), жиынтығы және қабаттылығы бойынша тұрғын
үй бөлінген кезде келісімі не бас тартуы: келісемін не келіспеймін (қажеттісінің астын
сызу);
13) ұялы телефон нөмірі: ___________________________________________________;
14) электрондық мекенжайы: ________________________________________________.
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты
пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ
екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін 20__ жылғы "__" __________.
__________________________________
(қолы)
Қосымша:
1.________________________
2.________________________
_________________________________
(күні, қолы)
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті беруші "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайды |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама не ұялы телефонған sms-хабарлама не осы Стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiсі сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Өтініш
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін есепке қоюға бұрын берілген менің деректерімді не менің отбасы мүшелерімнің деректерін жаңартуды, өзгертуді немесе толықтыруды сұраймын:
1. Өтініш берушінің ЖСН: _________________________________________
2. Отбасы мүшесінің ЖСН (деректері жаңартылатын): __________________
3. Деректерді өзгерту, жаңарту не толықтыру себебі және растайтын құжат:
________________________________________________________________
Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20__ жылғы "__" __________
__________________________
(қолы)
Қосымша: 1. _______________
2. ________________
__________________________
(күні, қолы)
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылатын кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген).
2. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 635 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12236 болып тіркелген).
3. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13167 болып тіркелген).
4. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 242 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13933 болып тіркелген).
5. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15387 болып тіркелген).
6. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 891 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16287 болып тіркелген).
7. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 467 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17178 болып тіркелген).
8. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 898 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18058 болып тіркелген).
9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 506 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19054 болып тіркелген).