Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 29.12.2025 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 29.12.2025 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 29.12.2025 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21426 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг Агенттігінің төрағасы 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрықпен бекітілген |
Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып- жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 29.12.2025 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі субъектілер) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып- жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) субъектілер – өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлері;
2) тестілеу КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы субъектілердің білімін бағалау рәсімі;
3) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
3. Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін оларға қажетті субъектілердің оқуына қойылатын Талаптарға сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында білім алуы даярлау мен оқытудың мақсаты болып табылады.
Тестілеу субъектілердің оқу процессінде зерделенген материалды зерделеуді растау мақсатында субъектілер тестілеуден өткен күннен бастап 3 (үш) жылда 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен уәкілетті органның интернет-ресурсында тестілеуден өтеді.
2-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау, оқыту және білімді бекіту бағдарламасы
4. Субъектілер Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ субъектілер мен олардың клиенттері қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында даярлау және оқыту бағдарламасын (бұдан әрі – оқыту бағдарламасы) әзірлейді.
5. Оқыту бағдарламасы:
1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеуді;
2) Заңның 11-бабына сәйкес әзірленетін ішкі бақылау қағидаларын және оларды орындау бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214 және 214-1-баптарында көзделген жауаптылық шараларын зерделеуді;
3) Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау типологияларын, схемалары мен тәсілдерін, сондай-ақ іс-жүзінде қолданылатын күдікті операцияларды және клиенттің күдікті қызметін анықтау белгілерін зерделеуді қамтиды.
6. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында осы Талаптарда көзделген оқу бағдарламасына сәйкес оқудан өтеді.
Заңның 11-бабына сәйкес бекітілген ішкі бақылау қағидаларын сақтау үшін жауапты субъект (өз қызметін жеке жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда) қосымша оқытуды мынадай:
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы жаңа нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына немесе қолданыстағыларына өзгерістер енгізілуіне байланысты;
2) субъект жаңа ішкі бақылау қағидаларын бекіткен немесе қолданыстағыларын өзгерткен жағдайларда өткізеді.
7. Субъектінің басшысы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларын жүзеге асыруды бастағанға дейін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында оқудан өтетін жауапты тұлғалардың тізбесін бекітеді.
8. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында даярлау және оқыту мақсатында уәкілетті органның интернет-ресурсының "Оқыту" бөлімінде орналастырылған ақпаратты пайдаланады.
9. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында ұлттық немесе халықаралық сертификаттары бар субъектілер уәкілетті органның интернет-ресурсында, тестілеуден онлайн форматта тестіленуші тұлғаның биометриялық бақылауын пайдалану арқылы жүргізіледі.
10. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкер және (немесе) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бөлімшесінің қызметкері Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнамасын сақтауына байланысты функцияларын орындауды бастамас бұрын өз қызметінің түріне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында, тестілеуден онлайн форматта тестіленуші тұлғаның биометриялық бақылауын пайдалану арқылы жүргізіледі.
11. Қызметін жеке-дара жүзеге асыратын субъектілер өз қызметін жүзеге асырғаннан бастап 3 (үш) ай ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында интернет-ресурсында, тестілеуден онлайн форматта тестіленуші тұлғаның биометриялық бақылауын пайдалану арқылы жүргізіледі.
12. Тестілеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі аттестаттаудан өткен сәттен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
13. Тестілеу жауаптарының есептелуі автоматты түрде жүзеге асырылады. Тестілеуден өту көрсеткіші 100 (жүз) сұрақтың кемінде 70-іне (жетпісіне) дұрыс жауап берген жағдайда оң болып есептеледі.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнаманы білуге арналған тестілерді орындауға бөлінетін жалпы уақыт 100 (жүз) минутты құрайды.
Тестілеуден белгіленген шектен төмен нәтиже алған субъектілерге тестілеуден өтпегені туралы анықтама беріледі.
Тестілеуден белгіленген шектен төмен нәтиже алған субъектілер 14 (он төрт) күнтізбелік күннен кейін қайта тестілеуге жіберіледі.
Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде заңды күшке ие және электрондық не баспа түрінде ұсынылуы мүмкін.
3-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерінің оқудан және тестілеуден өтуін есепке алу
14. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкер қызметкерлердің оқыту бағдарламасын уақытылы өтуін есепке алады.
15. Өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын субъектілер оқыту бағдарламасынан өту тәртібін өз бетінше белгілейді.
Қызметкердің оқудан өткенін растайтын сертификат оның жеке ісіне тіркеледі.
16. Тестілеуден өткен адамдарды есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді.