БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі м.а |
К. Ергалиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2021 жылғы 13 шілдедегі № 336 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 388 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9821 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Басшы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасаспауы тиіс.".
2. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12012 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандартында:
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің" ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 120 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13381 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ашық деректер тізбесі осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт | Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты | Норма/норматив көлемі |
1 | мемлекеттік білім беру ұйымдары желісінің нормативі | "Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативтін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысы | ауылдық елді мекендегі балалар |
мектеп жасындағы балалардың саны 5 және одан артық болғанда бастауыш мектептің; |
2 | Орта, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары | "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) | оқушылар | сынып-жиынтыққа және әрбір білім алушыға, сынып-жиынтыққа және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кемшіліктері ескеріліп жеке жабдық |
3 | мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды орта білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету нормалары |
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы; | мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар; өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер | тамақтану объектісінің меншік нысанына қарамастан, мектепте бір рет тамақтандыру нормасы |
4 | Ауылдық мектептердің оқушыларын тасымалдау нормалары | "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген). | Бастауыш мектептер, негізгі мектептер, орта мектептер жоқ ауылдық елді мекендердегі оқушылар | Метептер елді мекеннен 3 км артық қашықтықта орналасқан жағдайда және елді мекендер арасында табиғи бөгет болған жағдайда (өзендер, көлдер) |
5 | Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары |
"Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген); | оқушылар | Білім деңгейлері және оқитын сыныбына сәйкес бір оқушыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жиынтығы |
6 | Мүмкіндіктері шектеулі балалардыәлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау нормалары | "Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14995 болып тіркелген). | Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар | Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы |
7 | мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға сауықтыру демалысын беру нормалары | "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар | қаладан тыс және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама |
8 | Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе стационарлық көмек, қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды көрсететін ұйымдарда жеке-дара тегін оқыту нормалары | "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 тіркелген) | бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алушы тұлғалар | дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы |
9 | санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормалары | "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 тіркелген). | Білім алушылар | білім беру объектілеріне қойылатын талаптар, сыныптардың толымдылық нормалары және оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары. |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ашық деректер тізбесі
№ | Ашық деректердің атауы | Өзектендіру кезеңі | Ұсыну мерзімі | Деректер көзі (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) |
1. | Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша жоғары оқу орындарының тізілімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
2. | Жоғары және кәсіптік орта білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәлімет | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
3. | Баспанаға мұқтаж жоғары оқу орындары студенттерінің жалпы санынан жатақханамен қамтамасыз етілген ЖОО студенттерінің үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
4. | Жыл сайынғы бітіруші стипендиаттардан "Болашақ" халықаралық стипендиясының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
5. | Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша балабақшалар тізілімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
6. | Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша жалпы білім беретін мектептердің тізілімі (күндізгі/кешкі, лицей/гимназия/орта мектеп) | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
7. | Қазақстан Республикасындағы 18 жасқа дейінгі балалар саны (жылдары, гендерлік құрамы, қала/ауы тұрғындары бойынша) | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
8. | Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қолжетімділігі бойынша статистикалық деректер (жылдар бойынша, облыстар бойынша, құрылып жатыр/ашылғандар, балалармен қамтылуы, кезек) | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
9. | Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды педагог кадрлармен қамтамасыз ету бойынша статистикалық деректер (бос орындар) | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
10. | Жалпы білім беру мекемелерінің қолжетімділігі туралы статистикалық деректер (жылдар бойынша, облыстар бойынша, құрылып жатыр/ашылғандар, қала/ауыл, лицей/гимназия/орта мектеп) | тоқсан сайын | тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күні | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
11. | Мектеп мұғалімдері туралы статистикалық деректер (бос орындар) | тоқсан сайын | тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күні | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
12. | Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бойынша статистикалық деректер | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
13. | Балаларға қосымша білім беру, тәрбиелеу және дамыту туралы статистикалық деректер | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
14. | Балалар спортын, дене тәрбиесін дамыту туралы статистикалық деректер | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
15. | Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатындағы балдарды жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
16. | Қалалар бойынша біліктілікті арттыру орталықтары | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
17. | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардағы тәрбиеленушілердің үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
18. | Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
19. | Мектеп оқушыларының жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
20. | Дамуындамүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
21. | Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан білім беру бағдарламаларымен қамтылған балалардың үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
22. | Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
23. | Үйде оқитын оқушылардың саны, барлығы | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
24. | Экстернатты оқыту нысанындағы оқушылар саны | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
25. | Экстернатты оқыту нысанындағы мектептерінің саны | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
26. | Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша колледждер мен училищелердің тізілімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
27. | Техникалық және кәсіптік білім беру туралы статистикалық деректер | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
28. | PISA халықаралық зерттеуі бойынша негізгі нәтижелер | 3 жылда 1 рет | 3 жылда 1 рет 2016 жылдың IV тоқсаны | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
29. | TIMSS халықаралық зерттеуі бойынша нәтижелер | 4 жылда 1 рет | 4 жылда 1 рет 2016 жылдың IV тоқсаны | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
30 | Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер тізбесі | Жылына 2 реттен артық емес | Жылына 2 реттен артық емес "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
31. | Комитеттер бойынша аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
32. | Барлық комиттердің ұйымдастырушылық құрылымы | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
33. | 9-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерінің статистикасы | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
34. | Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің статистикасы | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
35. | Білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
36. | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
37. | Арнайы (түзету) мектептерде пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
38. | Мемлекеттік ғылыми стипендиялар (атауы, конкурс шарты, құжаттар тізбесі) | жылына 1 рет | жылына 1 рет (желтоқсан айы) | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
39. | Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінің тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
40. | Жоғары білім беруде оқу жетістіктерін сырттай бағалау қорытындылары | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
41. | Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру бойынша диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің тізімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
42. | Бекітілген философия докторларының (PhD) тізімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
43. | Білім беру деңгейлері бойынша мамандықтары көрсетілген лицензиясы бар жоғары оқу орындарының тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
44. | Аккредиттелген ғылыми қызмет субъектілерінің тізілімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
45. | Жарияланған ғылыми мақалалардың саны (шетелдік басылымдарда) | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
46. | Қазақстан Республиксының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы (атауы, конкурс шарттары, құжаттардың тізбесі) | жылына 2 рет | жылына 2 рет 2017 жылғы І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
47. | Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар (атауы, конкурстың шарттары, құжаттардың тізбесі) | жылына 1 рет | жылына 1 рет ІІІ тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
48. | Ғылым түрлері бойынша ғылыми басылымдардың тізбесі | тоқсан сайын | тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
49. | Ақысыз тамақтандыру ұйымдастырылған балалардың саны | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
50. | Республикалық акциялар (қайырымдылық) | белгіленген мерзімде | белгіленген мерзімде | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
51. | Кәмелетке толмағандарды биімдеу орталығы (атауы, қаласы, мекенжайы, байланыс, тәрбиеленушілердің саны, материалдық-техникалық жабдықталуы) | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
52. | Балалар үйлерінің тізбесі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
53. | Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тізілімі | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
54. | Асырап алынған балалар туралы статистикалық деректер (шетелдіктер/Қазақстан Республикасының азаматтары) | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
55. | Қазақстан Республикасында аккредиттелген асырып алу жөніндегі агенттіктер туралы деректер | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
56. | Қазақстандық азаматтардың отбасында қамқорлықтағы (қорғанышықтағы) балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
57. | Қазақстандық азаматтардың отбасында патроннаты тәрбиедегі балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
58. | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде | жылына 1 рет | жылына 1 рет IV тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
59. | Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
60. | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде | жылына 1 рет | жылына 1 рет І тоқсан | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |
61. | Мектепке тасымалдау ұйымдастырылған балалардың саны | жылына 1 рет | жылына 1 рет (қыркүйек айы) | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы |