Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23431 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) Бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) Бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Иргалиев

Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
__________Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі № 68
мен
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 439-НҚ Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде сақталуын бақылау жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

      2) болмашы бұзушылық – дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық–түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болмауына байланысты бұзушылық;

      3) елеулі бұзушылықтар – азық-түлік тауарларын беру шартының болмауына, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуына байланысты бұзушылықтар;

      4) өрескел бұзушылықтар – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда өнім берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілемеуге, сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің тауарларды асырып жіберуіне байланысты бұзушылықтар, азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан алынатын сыйақының бес проценттік мөлшерінен кем емес немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуына байланысты оларға сыйақыны заңсыз талап етуі;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бір бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

      4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің және сыйақының мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеуде тәуекелдің жоғары дәрежесіне бақылау субъектілерінің жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығының тәуекелдері жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      Коммуналдық базарларда қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады. Мұндай субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) бұрынғы тексерулер мен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына қойылатын талаптарды бұзу туралы жеке және заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдардың және өтініштердің болуы және саны қолданыла отырып жүзеге асырылады.

      8. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат дереккөздері негізінде, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары айқындалады.

      9. Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға қосымшада жазылған.

      10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      11. Өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      12. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      13. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (∑Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және төмендегі формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:



      мұнда:

      ∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      15. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштеріне сәйкес бақылау субъектісі (объектісі):

      1) 61-ден бастап 100-ді қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатады және оған қатысты субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) 0-ден бастап 60-ты қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды және оған қатысты субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

  Әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларына сауда
үстемесі мен сыйақы мөлшерін
сақтау бөлігінде
Қазақстан Республикасының
сауда қызметін реттеу туралы
заңнамасының сақталуына
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың сақталмауы кезінде белгіленеді)

1

Дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болуы

болмашы

2

Азық-түлік тауарларын жеткізу шартының болуы

елеулі

3

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеу

өрескел

4

Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі

өрескел

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

2

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі № 68
мен
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 439-НҚ Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тексеру парағы

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _______________________________________________________________

      субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      __________________________________ ішкі сауда субъектісіне қатысты

      тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________

      ___________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес- сәйкестендіру

      нөмірі ________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________

      ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болуы





2

Азық-түлік тауарларын жеткізу шартының болуы





3

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеу





4

Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі





      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      _______________________________________________________ ____________

      лауазымы                              қолы

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      _______________________________________________________ _____________

      лауазымы                              қолы