"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 436-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындаушы – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, дара кәсіпкер ретінде тіркелген, өз атынан өнімді өндіруді немесе өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке тұлға;
2) импорттаушы – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, дара кәсіпкер ретінде тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) партиялар шығаратын өнімді беруге сыртқы сауда шартын (келісімшартын) жасасқан және осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығаруды және (немесе) оны өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке тұлға;
3) сатушы – өнімді сатып алушыға (тұтынушыға) өткізетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға);
4) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесінде және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде қамтылған мәліметтер мен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
5) уәкілетті орган - Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кез келген түрдегі қаптамаларда дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған өнім санының сәйкестігін анықтау сауда операцияларын жасау кезінде қаптамадағы өнім санының қаптамада белгіленген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
5. Импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнім санының оны өткізу кезінде және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін белгілеу иеліктен шығарылатын өнім массасының, көлемінің, шығысының немесе санын сипаттайтын басқа да шамалардың дұрыстығын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіп
6. Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған өнімнің кез келген түрдегі қаптамадағы, сондай-ақ импорттаушы әкелген өлшеп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің санының сәйкестігін белгілеуді мемлекеттік инспектор ақаусыз және салыстырып тексерілген өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады.
7. Дайындаушы өлшеп-ораған өнім кез келген түрдегі қаптамаларда көрсетілген тұтыну тауарының номиналды санының бірдей мәнімен сипатталатын сол бір түрдегі және атаудағы өнім (бұдан әрі – дайындаушы өлшеп-ораған өнім) болып табылады.
8. Сауда операцияларын жасау кезінде дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің саны қаптамада белгіленген өнімнің санына сәйкес келеді.
9. Дайындаушы өлшеп-ораған өнім санының сәйкестігін анықтаған кезде таңбалауда көрсетілген өнім санының ауытқуларының рұқсат етілген шегі ескеріледі. Таңбалауда ақпарат болмаған кезде "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген өнімге стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген өнім санының ауытқуларының рұқсат етілген шегі ескеріледі.
10. Дайындаушы өлшеп-ораған өнім санының сәйкестігін анықтау үшін қажетті қаптамаларды іріктеу көлемін айқындау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
11. Дайындаушы өлшеп-ораған өнім санының сәйкестігін санын белгілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік инспектор өлшеу жүргізілген күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қазақ немесе орыс тілдерінде дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің мөлшерін өлшеу хаттамасын толтырады.
12. Сатушы өлшеп-ораған өнім әрбір жеке қаптамада көрсетілген тұтыну тауарының номиналды санының әртүрлі мәндерімен сипатталатын сол бір түрдегі және атаудағы өнім (бұдан әрі – сатушы өлшеп-ораған өнім) болып табылады.
13. Сауда операцияларын жасау кезінде сатушы өлшеп-ораған өнімнің саны қаптамада көрсетілген өнімнің санына сәйкес келеді.
14. Сатушы өлшеп-ораған өніммен сауда операцияларын жасау кезінде жарамды өлшеу құралдары пайдаланылады, олардың қателігі осы өлшеу құралдарының рұқсат етілген қателігінен аспайды.
15. Сатушы өлшеп-ораған өнім санының сәйкестігін анықтау үшін бақылау субъектісі пайдаланатын өлшеу құралдарының қателігі ескеріледі.
16. Сатушы өлшеп-ораған өнім санының сәйкестігін белгілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік инспектор өлшеу жүргізілген күні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қазақ немесе орыс тілдерінде сатушы өлшеп-ораған өнімнің санын өлшеу хаттамасын толтырады.
17. Сауда операцияларын жасау кезінде импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және оны өткізу кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны қаптамада және (немесе) мемлекеттік инспекторға берілетін тауарлық ілеспе құжаттарда, оның ішінде өнімді сатып алу фактісін растайтын құжаттарда көрсетілген өнімнің санына сәйкес келеді.
18. Импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің сауда операцияларын жасау кезінде оны және иеліктен шығарылатын өнімді өткізу кезінде жарамды өлшеу құралдары пайдаланылады, олардың қателігі осы өлшеу құралдарының рұқсат етілген қателігінен аспайды.
19. Импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнім санының оны өткізу кезінде және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін анықтау үшін бақылау субъектісі пайдаланатын өлшеу құралдарының қателігі ескеріледі.
20. Импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнім санының оны өткізу кезінде және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін анықтау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспектор өлшеу жүргізілген күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қазақ немесе орыс тілдерінде импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнім санының оны өткізу кезінде және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының өлшеу хаттамасын толтырады.
Дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің санын белгілеу үшін қажетті қаптамаларды іріктеу көлемін анықтау
Іріктеу көлемі 1-5 кестелерге сәйкес анықталады.
1-кесте – Номиналды көлемі 10 килограмнан немесе 10 литрден кем (бұзбайтын тәсілмен) дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің санын белгілеу кезінде
Топтама көлемі, дана | Іріктеу көлемі*, дана | Рұқсат етілген ақау** саны, дана |
100 – 500 |
50 |
3 |
Ескертпе:
100 бірліктен кем қаптамадағы өлшеп-оралған өнімнің шағын топтамалары үшін іріктеме көлемі топтама көлемінің кемінде 20%-ын құрайды.
2-кесте – Номиналды көлемі 10 килограммнан немесе 10 литрден кем (бұзатын тәсілмен) дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің мөлшерін белгілеу кезінде
Топтама көлемі, дана | Іріктеу көлемі*, дана | Рұқсат етілген ақау** саны, дана |
10 – 500 |
8 |
0 |
3-кесте – Номиналды көлемі 10 килограмнан немесе 10 литрден асатын дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің санын белгілеу кезінде (тауарлық түрін сақтай отырып)
Топтама көлемі, дана | Іріктеу көлемі*, дана | Рұқсат етілген ақау** саны, дана |
≥20 | 20 | 0 |
4-кесте – Номиналды көлемі 10 килограмнан немесе 10 литрден асатын дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің санын белгілеу кезінде (бұзатын тәсілмен)
Топтама көлемі, дана | Іріктеу көлемі*, дана. | Рұқсат етілген ақау** саны, дана |
10 – 500 |
8 |
0 |
5-кесте – Ұзындығы немесе ауданы белгіленген өлшеніп-оралған өнімнің санын анықтау кезінде
Топтама көлемі, дана | Іріктеу көлемі*, дана. | Рұқсат етілген ақау** саны, дана |
51 – 100 |
5 |
0 |
Ескертпе:
* - іріктеу көлемі - қаптама бірліктерінің саны, топтама сипаттамаларын бақылауға арналған өлшеніп-оралған өнім топтамасынан кездейсоқ іріктеу әдісімен алынған.
** - ақау – ішіндегісі нетто-ның ең аз рұқсат етілген мәнінен (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер) аз буып-түйілген бірлік.
Іріктеу ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттарға сәйкес өлшеу әдістеріне байланысты көлемі бойынша таңбаланған өнімнің тығыздығын айқындау кезінде қосымша үлгілерді қамтуы мүмкін.
Дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің санын өлшеу хаттамасы
______________________________________________________________
QR-код ______________________________________________________
бірегей сәйкестендіру нөмірі
(QR-код және бірегей сәйкестендіру нөмірі техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде хаттаманы қалыптастыру кезінде көрсетіледі)
№_________________ ____________________ ___"___" ____________ 20____жыл
(өлшеулерді тексеру нөмірі) (өлшеу өткізген өріні) (өлшеулерді өткізу уақыты мен күні)
Мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор (лар) –
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
__________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі және атауы)
Заңды тұлға үшін көрсетілетін бақылау субъектісі туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, ұйымның заңды және нақты мекенжайы)
Жеке тұлға үшін көрсетілетін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер______________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің немесе оның өкілінің қатысуымен
_______________________________________________________________________________
(тексеру субъектісі, жеке немесе заңды тұлға өкілдерінің лауазымы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің немесе оның өкілінің қатысуынан бас тартылған жағдайда_______________________________________________________________________
(бақылау субъектісі, жеке немесе заңды тұлға өкілдерінің лауазымы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Іріктеу актісіне сәйкес іріктемеден алынған әрбір жеке дайын қаптамада өндіруші өлшеп ораған №_______ өнім үлгілеріне өлшеу жүргізілді __________
Өнімнің атауы: ________________________________________________
Топтама көлемі, нөмірі:_________________________________________
Дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің мөлшерін өлшеу:___________________________________________________________ (тауарлық түрін сақтаумен / сақтамай)
Номиналды саны:_____________________________________________
Рұқсат етілген мәннің шекаралары:__________________________________
Рұқсат етілген таза құнның жоғарғы шегі (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер): _____________________________
Рұқсат етілген таза құнның төменгі шегі (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер): _____________________________
Ауытқулардың рұқсат етілген теріс шегі (орау бірлігіне аз салудың (дұрыс толтырмау, жеткіліксіз салмақ) максималды мөлшері)_______________________
1. Жеке қаптаманың ішіндегінің кестесі
Қаптама № | 1 | 2 | 3 | ..... |
Ішіндегі саны |
Таңдаудың көлемі___________
Рұқсат етілген ақау саны _______
Ыдыс салмағының орташа мәні (бұзбайтын тәсілмен өлшеу кезінде көрсетіледі)_______________________
Түзетілген нетто орташа мәні mo=mcp+k.S______________________, Мұндағы k - сенімділік аймағын есептеу коэффициенті S – орташа квадраттық ауытқу mcp – іріктеуге арналған неттоның орташа мәні.
Ескерту:
k, S және mcp ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор(лар) есептейді.
Бақылау өлшемдері жүргізілетін өлшеу құралы:______________________
(өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміндегі тіркеу нөмірі, атауы, түрі, өлшеу ауқымы, қателік, салыстырып тексеру куәлігі, салыстырып тексеру күні)
Жүргізілетін есептеулерді тіркеу парағы
Өлшеу кезіндегі есептеу нәтижелері:
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2. Өлшеу нәтижелерін өңдеу
Ақаулы қаптамалар (нетто ішіндегісінің ең аз рұқсат етілген мәнінен кем нетто мәні, соның салдарынан ол айналымға шығаруға жатпайтын қаптама бірлігі)________________ (дана)
Ескертпе:
Нетто (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер) ішіндегісінің ең аз рұқсат етілген мәні оны айналымға шығару үшін әлі жарамды деп есептейтін қаптама бірлігі нетто (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер) ішіндегісінің рұқсат етілген мәнінің шегі болып табылады.
Оның ішінде:
рұқсат етілген нетто мәнінің жоғарғы шекарасы бойынша ақаулы қаптамалар саны (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер) _______________(дана)
нетто рұқсат етілген мәнінің төменгі шекарасы бойынша ақаулы қаптамалар саны (массасы, көлемі, ұзындығы және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер) ___________ (дана)
Партия үшін нетто (масса, көлем, ұзындық және өнім санын анықтайтын басқа өлшемдер) нақтыланған орташа мәні – m0 арифметикалық іріктеменің орташа сенімді аралығының жоғарғы шекарасы ______________________________________
(m0 ≥номиналды саны немесе m0< номиналды саны)
Тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар:
Іріктеу топтамасынан әрбір жеке дайын қаптамадағы өлшеу нәтижелері бойынша ________________________________________________ (қаптамада көрсетілген мәнге сәйкес келеді/сәйкес келмейді) _____________ бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор ________ __________________________________________________________ қолы жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі)
"____" _________ 20 __ жыл ______ Қол қойылған күні мен уақыты
Таныстым және бір данасын алдым:
Бақылау субъектісінің басшысы немесе оның өкілі _______________________ _______________ ___________________________________________________________ қолы жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, әкесінің аты (бар болса)
(электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі)
"____" _________ 20 __ жыл ______ Қол қойылған күні мен уақыты
Хаттамамен танысудан бас тарту туралы белгі _____
"____" __________ 20 __ жыл Қол қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Электрондық құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.
Сатушы өлшеп-ораған өнімнің санын өлшеу хаттамасы
______________________________________________________________
QR-код
______________________________________________________
бірегей сәйкестендіру нөмірі
(QR-код және бірегей сәйкестендіру нөмірі техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде хаттаманы қалыптастыру кезінде көрсетіледі)
№_________________ ____________________ ___"___" __________ 20____ жыл
(өлшеулерді тексеру нөмірі) (өлшеу өткізген өріні) (өлшеу өткізу уақыты мен күні)
Мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік инспекторлар (лар) –
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
________________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі және атауы)
Заңды тұлға үшін көрсетілген бақылау субъектісі туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (куәліктің) нөмірі және берілген күні, ұйымның заңды және нақты мекенжайы)
Жеке тұлға үшін көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер______________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (өтініштің) нөмірі және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің немесе оның өкілінің қатысуымен
______________________________________________________________________________
(инспекция субъектісінің, жеке немесе заңды тұлғаның лауазымы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің немесе оның өкілінің қатысуынан бас тартылған жағдайда
_____________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның лауазымы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өнім түрі: _________________________________________________________________
Бақылау өлшемдері жүргізілетін өлшеу құралы:
________________________________________________________________________________
(Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің тізіліміндегі тіркеу нөмірі, атауы, түрі, өлшеу ауқымы, қателік, салыстырып тексеру туралы куәлік, салыстырып тексеру күні)
Өнімді өткізу жүзеге асырылатын өлшеу құралы:
_______________________________________________________________________________
(Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің тізіліміндегі тіркеу нөмірі, атауы, түрі, өлшеу ауқымы, қателік, салыстырып тексеру туралы куәлік, салыстырып тексеру күні)
Сауда операцияларын өткізу және жасау кезінде өлшеніп салынған және иеліктен шығарылатын өнімдер санының сәйкестігін/сәйкес еместігін тексеру нәтижелері
Сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің оны өткізу кезіндегі атауы | Өнімнің мәлімделген (ұсынылған) саны | Сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің оны өткізу кезінде алынған өнім санының мәні | Бақылау өлшемдері кезіндегі өнім санының мәні | Өлшеу құралының қателігі* | Мәндер арасындағы айырмашылық | Сәйкес/ сәйкес келмейді | Ескертпе |
Ескертпе:
* - өлшеніп - оралған өнімді өткізу кезінде өлшеулер жүргізілетін өлшеу құралының ең үлкен қателіктері және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен айыру және бақылау өлшеулері жүргізілетін өлшеу құралдары көрсетіледі, тарифтелген өнімді қоспағанда.
Тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар:
Өлшеп-оралған және иеліктен шығарылатын өнімді өлшеу нәтижелері бойынша өнім
________________________________________________________
сәйкес / сәйкес емес
____________ бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор ________
________ __________________________________________________
қолы жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі)
"____" _________ 20 __ жыл ______ Қол қойған күні және уақыты
Бір данасын оқыдым және алдым:
Бақылау субъектісінің басшысы немесе оның өкілі _______________________
_______________ ___________________________________________________________
қолы жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, әкесінің аты (бар болса)
(электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі)
"____" _________ 20 __ жыл ______
Қол қойған күні және уақыты
Хаттамамен танысудан бас тарту туралы белгі _______
"____" _________ 20 __ жыл ______
Қол қойған күні және уақыты
Ескертпе:
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Электрондық құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.
Импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің санын оны өткізу кезінде және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің санын өлшеу хаттамасы
____________________________________________________________________
QR-код
______________________________________________________
бірегей сәйкестендіру нөмірі
(QR-код және бірегей сәйкестендіру нөмірі техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде хаттаманы қалыптастыру кезінде көрсетіледі)
№_________________ ____________________ ___"___" __________ 20____ жыл
(өлшеулерді тексеру нөмірі) (өлшеу өткізген өріні) (өлшеу өткізу уақыты мен күні)
Мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік инспекторлар (лар) –
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
________________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі және атауы)
Заңды тұлға үшін көрсетілген бақылау субъектісі туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (куәліктің) нөмірі және берілген күні, ұйымның заңды және нақты мекен-жайы)
Жеке тұлға үшін көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер______________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (өтініштің) нөмірі және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қатысуымен _______________________________________________________________
(инспекция субъектісінің, жеке немесе заңды тұлғаның лауазымы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тексерілетін субъект өкілі қатысудан бас тартқан жағдайларда
_____________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның лауазымы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өнім түрі: ______________________________________________________
Бақылау өлшемдері жүргізілетін өлшеу құралы:
________________________________________________________________________________
(Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің тізіліміндегі тіркеу нөмірі, атауы, түрі, өлшеу диапазоны, қателік, тексеру туралы куәлік, тексеру күні)
Өнімді өткізу және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығару жүзеге асырылатын өлшем құралы:
________________________________________________________________________________
(Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің тізіліміндегі тіркеу нөмірі, атауы, түрі, өлшеу диапазоны, қателік, салыстырып тексеру туралы куәлік, салыстырып тексеру күні)
Сауда операцияларын сату және орындау кезінде өлшеп оралған және иеліктен шығарылған өнімдер санының сәйкестігін / сәйкессіздігін тексеру нәтижелері
Өлшеніп-оралған және иеліктен шығарылатын өнімдердің атауы | Өнімнің мәлімделген (ұсынылған) саны | Өлшеп-оралған және иеліктен шығарылатын кезінде алынған өнім санының мәні | Бақылау өлшеуінен кезіндегі өнім санының мәні | Өлшеу құралының қателігі* | Мәндер арасындағы айырмасы | Сәйкес келеді/ сәйкес келмейді | Ескертпе |
Ескертпе:
* - өлшеп-оралған өнімді өткізу кезінде өлшеулер жүргізілетін өлшеу құралының ең үлкен қателіктері және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен айыру және бақылау өлшеулері жүргізілетін өлшеу құралдары көрсетіледі, тарифтелген өнімді қоспағанда
Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:
Өлшеп оралған және иеліктен шығарылатын өнімді өлшеу нәтижелері негізінде
_______________________________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді )
_____________ бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор
________ __________________________________________________________