ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тауар-көлік жүкқұжатын және жолдама парағын қолдану тәртібін;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автопоезд – жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопоезд), ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопоезд) тұратын құрамалы автокөлік құралы;
2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) ершікті тартқыш – жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбіне тіркеме мен жартылай тіркемені тіркеп сүйреуге арналған автокөлік құралы;
4) жүк жөнелтуші – оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
5) жүк автокөлік құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі;
6) жүк автомобилі – автомобиль жолдарымен жүктерді тасымалдауға арналған механикалық жетекті автокөлік құралы;
7) жүк автомобиль тасымалдары – автомобиль жолдарымен жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жүк тасымалдары;
8) жүк алушы – жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
9) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
10) өзі аударғыш – жүктi түсiру үшiн механикалық еңкейтiлетiн шанағы бар, жүктi өзi түсiретiн автомобиль, тiркеме немесе жартылай тiркеме;
11) тез бүлінетін жүк – шектеулі жарамдылық мерзімі бар және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын қажет ететін жүк;
12) тiркеме – қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау.Тауар-көлік жүкқұжаттамасының және жолдама парағын қолдану тәртібі";
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен, қағаз тасығышта немесе электрондық-цифрлық құжат нысанында ресімделеді.
Тауар-көлік жүкқұжаты жөнелтілетін жүкті жүк жөнелтуші есептен шығаратын және оны жүк алушы кіріске алатын негізгі тасымалдау құжаты болып табылады.
13. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тасымалдауға берілген жүкке қағаз тасығышта ресімделген жағдайда, төрт данада жасалатын тауар-көлік жүкқұжатын ұсынады.
14. Тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі, дәл еместігі немесе толық еместігі салдарынан туындаған зиянды жүк жөнелтуші өтейді.
15. Жүк жөнелтушіден жүктерді тасымалдауға қабылдау қағаз тасығышта ресімделген жағдайда, тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарында тасымалдаушының қолымен куәландырылады.
Бірінші дана жүк жөнелтушіде қалады және тасымалдауға берілген жүктерді есептен шығаруға арналады. Екінші, үшінші және төртінші даналарды жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тапсырады.
Екінші дананы тасымалдаушы жүк алушыға тапсырады және алынған жүктерді кіріске алу үшін пайдаланады.
Үшінші және төртінші даналар тасымалдаушыда қалады. Үшінші дана тасымалдау есебіне тігіледі және жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) есеп айырысуға негіз болады, ал төртінші жолдама параққа тіркеледі және көліктік жұмысты есептеу үшін негіз болады.
Жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжаттарының қосымша даналарын жазып береді, олардың саны жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісіммен белгіленеді.
16. Тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарында қағаз тасығышта ресімделген жағдайда, жүк жөнелтуші автокөлік құралдың келу, кету және тұру уақытын қояды, сондай-ақ тиеу тәсілін, жүктің салмағын, жүк орындарының санын, тасымалдаушы орындайтын қызметтердің түрлерін көрсетеді және тауар-көлік жүкқұжаттарын қолмен, мөрмен немесе мөртабанмен растайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің немесе мөртабанның болуы талап етілмейді.
Жүк жөнелтуші жүктің сапасын және жабдықтаушы мен сатып алушының өзара қарым-қатынастарын анықтайтын құжаттарды (сертификаттар, куәландырулар, куәліктер, рұқсаттар және тағы басқа) берген кезде, тасымалдаушы бұл құжаттарды қабылдайды және оларды жүкпен бірге жүк алушыға береді.
17. Жүкті тапсыру кезінде жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының үш данасын жүк алушыға (қағаз тасығышта ресімделген жағдайда) береді, ол әрбір тауар-көлік жүкқұжатының данасында жүкті қабылдағанын өзінің қолымен және мөрмен (мөртабанмен) куәландырады және тауар-көлік жүкқұжаттарының барлық даналарында автокөлік құралының келу және кету уақытын көрсетеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің (мөртабанның) болуы талап етілмейді.
18. Автомобильдің тиелуге (түсірілуге) келген және аяқталған уақыты осы Қағидалардың 40, 41 және 42-тармақтарына сәйкес көрсетіледі.
Жүк жөнелтуші немесе жүк алушы автомобильдің тиелуге (түсірілуге) келген және тиеу-түсіру жұмыстарының аяқталған уақытын қате көрсеткен жағдайларда, жүргізуші өзінде бар барлық тауар-көлік жүкқұжаттарына жүк жөнелтушінің (жүк алушының) өкілінің көзінше уақыттың қате қойылғаны туралы жазуы және нақты келу және кету уақытын көрсетуі тиіс.
Жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүргізушінің жазуымен келіспеген жағдайда, жүргізушінің қатысуымен, ал соңғысы акті жасаудан бас тартқан кезде, мүдделі емес тараптың екі өкілінің қатысуымен акті жасайды.
Жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының аумағында тасымалдаушының диспетчерлік пункті болған кезде келу уақытының қате белгіленуі туралы акті жасау үшін көрсетілген пункттің диспетчері шақырылады.
19. Автокөлік құралының жолдама парағы тауар-көлік жүкқұжатымен бірге автокөлік құралының жұмысын есепке алу үшін көрсеткіштерді айқындайтын бастапқы есепке алу құжаты болып табылады.
Жүктерді тасымалдауға уақыт бойынша ақы төлеу кезінде жолдама парағына (ол қағаз тасығышта ресімделген жағдайда) тауар-көлік жүкқұжаттарының нөмірлері жазылады, олардың бір данасы тасымалданған тонна жүктің санын және басқа да көрсеткіштерді есепке алу үшін жолдама парағына қоса беріледі.
Автокөлік құралының жолдама парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары қағаз тасығышта ресімделген, жолдама парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарының қозғалысын есепке алу журналдарында тіркелуге және тасымалдаушы журналдармен бірге 5 жыл бойы сақтауға жатады.
20. Жол парақтарын және тауар-көлік жүкқұжаттарын тасымалдаушы қағаз тасығышта немесе ауысым (рейс) басталғанға дейін бір ауысымға (рейске) электрондық-цифрлық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және жолдама парағын, тауар-көлік жүкқұжатын толтыруға арналған мәліметтерді енгізе отырып, әрбір жүк автокөлік құралына жеке ресімдейді.
Бұл ретте тауар-көлік жүкқұжатындағы жекелеген деректерді жүк жөнелтуші (жүк алушы) де толтырады.
21. Қағаз тасығышта ресімделген жолдама парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары тасымалдаушының және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мөртабанымен немесе мөрімен куәландырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің (мөртабанның) болуы талап етілмейді.
22. Жолдама парағын және тауар-көлік жүкқұжатын техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 (жартысынан үш) тоннадан асатын жүк автокөлік құралына қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші олардың көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелуін қамтамасыз етеді:
жолдама парағы – ауысым (рейс) басталғанға дейін);
тауар-көлік жүкқұжаты – жүк жөнелтілгенге дейін.
Тауар-көлік жүкқұжатындағы және жолдама парағындағы жазбалар мен белгілерді электрондық-цифрлық құжат нысанында куәландыру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.";
27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы, сондай-ақ "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-5 бұйрығы) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;";
75- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Тез бұзылатын тағам өнімдерін тасымалдау үшін тасымалдаушылар № ҚР ДСМ-5 бұйрықтың талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған автокөлік құралдарын пайдаланады.";
77- тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүк жөнелтуші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерге сәйкес тез бүлінетін жүктердің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтайды.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Жүк жөнелтуші тез бүлінетін жүктерді тиеу алдында автокөлік құралдарының тасымалдауға жарамдылығына көз жеткізеді, сондай-ақ тез бүлінетін жүктерді тиеу кезінде № ҚР ДСМ-5 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, тез бүлінетін жүктің автокөлік құралының шанағына салыну дұрыстығын және тасымалданатын алдын ала салқындатылмаған тез бүлінетін жүк сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. Жүк жөнелтуші жүк тиелген мамандандырылған автөкөлік құралдарын пломбалауды жүргізеді.";
83- тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Тасымалдаушы тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған автокөлік құралдарын № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес техникалық жағынан жарамды болуы және тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудың тиісті температуралық режимдерін қамтамасыз ететін күйде ұсынады.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін босаған мамандандырылған автокөлік құралдарын жүк алушы жүктің қалдықтарынан тазартады, сондай-ақ № ҚР ДСМ-5 бұйрығына сәйкес жуады және дезинфекциялайды.";
88- тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүкті тасымалдаудан алу және (немесе) оны өткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22007 болып тіркелген) сәйкес берілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі негіз болып табылады.";
133-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тасымалдаушының жүктің осы түрін тасымалдау үшін жарамсыз немесе № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сай келмейтін автокөлік құралдарын беруі;";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға байланысты қосымша қызметтерді орындайды.
Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті адамға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді.";
144-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Азық-түлік тауарларын тасымалдау үшін автокөлік құралдары техникалық жарамды, таза, бөтен иісі жоқ күйде және № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес ұсынылады.";
146 және 147-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Тамақ өнімдерін, материалдарын және өнімдерін тасымалдау үшін арнайы мақсаттағы және (немесе) осындай мақсаттар үшін жабдықталған, № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдары пайдаланылады.
147. Азық-түлік тауарларын тасымалдау бойынша экспедиторлық қызметтер көрсеткен кезде азық-түлік тауарлармен жанасатын жүргізушінің және өзге тұлғалардың "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 21652 болып тіркелген) сәйкес жеке медициналық кітапшасы болуы қажет.";
154-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Тиеу кезінде № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауды – жүк жөнелтуші, ал түсіру кезінде – жүк алушы жүзеге асырады.";
158-тармақ алып тасталсын;
169-тармақ алып тасталсын;
192-тармақ алып тасталсын;
216-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"216. Шаруашылық ауыз суын тасымалдауға арналған автокөлік құралдары № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес ұсынылады.";
217-тармақ алып тасталсын;
234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"234. Астық, қант қызылшасын, сүрлем массасын, картоп және көкөністер тасымалдауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тауар-көлік жүкқұжаты ұсынылады.
Астықты, қант қызылшасын, сүрлем массасын, картопты және көкөністерді қабылдау мен тапсыруды тасымалдаушы салмақ бойынша жүзеге асырады.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша алып тасталсын;
9-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 307 бұйрығына қосымша |
|
Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және тауар-көлік жүкқұжатын, жолдама парағын толтыруға арналған мәліметтер
1 | Жолдама парағы нөмірі | |
2 | Жолдама парақты ресімдеу күні | |
3 | Тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі, мекенжайы, телефоны) | |
4 | Жүргізушінің (жүргізушілердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
5 | Ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралының (тіркеменің немесе жартылай тіркеменің, бар болса) маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | |
6 | Автокөлік құралының техникалық сипаттамасы: рұқсат етілетін ең жоғары массасы (тонна), ені (метр), биіктігі (метр) және ұзындығы (метр). | |
7 | Автокөлік құралының бастапқы, аралық және соңғы пункттері көрсетілген қозғалыс маршруты | |
8 | Жүргізушіні (жүргізушілерді) медициналық куәландыру) | |
9 |
Бастапқы пункттен шығу орны (мекенжайы) және уақыты | |
10 | Тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі, CMR | |
11 | Тауар-көлік жүкқұжатын ресімдеу күні, CMR | |
12 | Жүк жөнелтушінің атауы (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі, мекенжайы, телефоны) | |
13 | Жүктің атауын (түрін) (мекенжайын, тиеу орнын) жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады | |
14 | Тиелген жүктің массасын (тоннасын), енін (метрін), биіктігін (метрін) және ұзындығын (метрін) жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады | |
15 | Жүктің атауын (түрін) және қауіптілік сыныбын жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) қауіпті жүкті тасымалдау кезінде толтырады | |
16 | Мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын қауіпті жүкті, бөлінбейтін жүктерді немесе сұйық жүктерді тасымалдау кезінде рұқсат беру құжатының нөмірі мен түрі, беру мерзімі және аяқталу мерзімі | |
17 | Отандық рұқсат нөмірі / шетелдік рұқсат нөмірі | |
18 | Автокөлік құралының келу және кету уақытын жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады | |
19 | Автокөлік құралының келу және кету уақытын жүк алушы (жүк алушылар) толтырады | |
20 | Автокөлік құралының соңғы пунктіне келу уақыты мен күні, жолдама парағының қолданылуын аяқтау |
Ескертпе:
CMR – Халықаралық көлік жүкқұжаты (жүктерді халықаралық тасымалдау кезінде CMR туралы ақпарат көрсетіледі).