Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 қарашада № 21652 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.03.2024 № 9 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 86-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мынадай:

      1) "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 мамырда жарияланған);

      2) "Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту және "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 168 бұйрығы 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16929 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қарашасы
№ ҚР ДСМ-196/2020
бұйрығымен бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар жаңа редакцияда көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.03.2024 № 9 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 86-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін дербес құжат.

2-тарау. Жеке медициналық кітапшаны беру тәртібі

      3. Жеке медициналық кітапшаларға жұмысқа жіберу белгісі қойылған соң жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

      4. Жеке медициналық кітапшаны беруді медициналық қызметке лицензиясы бар ұйым жүзеге асырады.

      5. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексеріп-қараулар және зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша жеке медициналық кітапшаны есепке алу, жүргізу және беруге жауапты тұлға (терапевт дәрігер) (бұдан әрі – маман) тағайындалады.

      6. Медициналық тексеріп-қараулар мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бір үлгідегі жеке медициналық кітапшаға енгізіледі.

      7. Инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, сондай-ақ жұмысқа жіберуге қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда маман жұмыскерді емдеу үшін тұрақты мекенжайы бойынша тиісті емдеу-профилактиткалық ұйымына жібереді.

3-тарау. Жеке медициналық кітапшаны есепке алу және жүргізу тәртібі

      8. Жеке медициналық кітапшаны есепке алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісінің жеке медициналық кітапшаны есепке алу журналында жүргізіледі.

      9. Жеке медициналық кітапшаны маман қазақ немесе орыс тілдерінде толтырады.

      10. Жеке медициналық кітапшадағы иесінің суреті медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен (бар болса) бекітіледі.

      11. Жеке медициналық кітапшаның паспорт деректерінде жеке медициналық кітапша иесінің жеке куәлігі немесе паспорты бойынша деректері, оның жеке қолы, жеке медициналық кітапшаның сериясы мен нөмірі енгізіледі.

      12. Жеке медициналық кітапша иесі туралы мәліметтерде жеке медициналық кітапша иесінің кәсібі және лауазымы, жұмыс орны, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.

      13. Маман бұрын ауырып сауыққан инфекциялық аурулары туралы деректерді енгізеді.

      14. Жеке медициналық кітапшаның иесін медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша дәрігердің қорытындысы енгізіледі, ол дәрігердің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) көрсетіліп, мөрімен (бар болса) бекітіледі.

      15. Жеке медициналық кітапша иесін рентгенологиялық зерттеу нәтижесі рентген суретімен және дәрігердің қорытындысымен қоса енгізіледі, ол Т.А.Ә. көрсетіліп, оның қолымен және мөрімен (бар болса) бекітіледі.

      16. Дәрігерлік тексеріп-қарау нәтижесі дерматовенеролог-дәрігердің қорытындысымен, оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, оның қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген жеке медициналық кітапша иесінің жыныстық ауруларға зертханалық зерттеудің алынған деректерінің негізінде енгізіледі.

      17. Профилактикалық екпелер туралы мәліметтерге жеке медициналық кітапша иесіне жүргізілген екпелері туралы мәліметтер енгізіледі.

      18. Жеке медициналық кітапша иесінің патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа, гельминт жұмыртқаларына зерттеу, бактериологиялық зерттеудің, вирустық гепатиттердің, АИТВ-ның маркерлеріне зерттеп-тексеру нәтижелерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымның немесе мемлекеттік (жеке) медициналық ұйымның маманы жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсете отырып және зертханалық зерттеу жүргізген ұйымның (аккредитациадан өткен зертхананың) мөрімен (бар болса) енгізеді.

      19. Жеке медициналық кітапшада жұмысқа жіберу мерзімі, маманның Т.А.Ә. мен қолы және денсаулық сақтау субъектісінің мөрі (бар болса) көрсетіледі.

      20. Дұрыс емес немесе нақты емес мәліметтердің жазылғаны анықталған жағдайда түзетулерді тиісті жазбаны енгізген маман жүргізеді.

      Жеке медициналық кітапшадағы түзетілген мәліметтер маманның қолымен және денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен (бар болса) расталады.

  Жеке медициналық
кітапшаларды беру, есепке алу
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Үлгі

Жеке медициналық кітапша

      1-бөлім. Паспорт деректері

      Раздел 1. Паспортные данные

      Сурет

      орны

      Место

      фотографии

      М.О.

      М.П.

      1) Тегі _______________________________________________________

      Фамилия

      2) Аты _______________________________________________________

      Имя

      3) Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________

      Отчество (при наличии)

      4) ____________________ № __________________

      сериясы/серия нөмірі/номер

      5) Кітапша иесінің жеке қолы ___________________________________

      Личная подпись владельца

      6) Жеке медициналық кітапшаның сериясы № ____________________

      Серия личной медицинской книжки

      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      2-бөлім. Жеке медициналық кітапшаның иесі туралы мәліметтер

      Раздел 2. Сведения о владельце личной медицинской книжки

      1) Негізгі кәсібі _______________________________________________

      Основная профессия

      2) Лауазымы _________________________________________________

      Должность

      3) Жұмыс орны _______________________________________________

      Место работы

      4) Туған жылы, айы, күні _______________________________________

      Дата рождения

      5) Тұратын жері _______________________________________________

      Место жительства

      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      3-бөлім. Бұрын ауырып сауыққан инфекциялық аурулары туралы деректер

      Раздел 3. Данные о перенесенных инфекционных заболеваниях

      Бұрын ауырған инфекциялық аурулар ____________________________

      Ранее перенесенные инфекционные заболевания

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      4-бөлім. Дәрігерлік тексеріп-қарау нәтижесі, терапевт

      Раздел 4. Результат врачебного осмотра, терапевт

Күні
Дата

Дәрігердің қортындысы
Заключение врача

Дәрігердің Т.А.Ә., қолы және медициналық тексеріп-қарауды жүргізген ұйымның мөрі (бар болса)
Ф.И.О., подпись и печать организации (при наличии), проводившего медицинский осмотр







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      5-бөлім. Туберкулезге тексеру нәтижесі

      Раздел 5. Результат обследования на туберкулез

Күні
Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы
Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және мөрі
Ф.И.О., подпись и печать врача (при наличии), проводившего медицинский осмотр







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      6-бөлім. Жыныстық ауруларға дәрігерлік тексеріп-қарау және зертханалық зерттеудің нәтижесі, дерматовенеролог

      Раздел 6. Результат врачебного осмотра и лабораторного исследования на венерические заболевания, дерматовенеролог

Күні
Дата

Зертханалық зерттеулер және медициналық тексеріп-қарау нәтижесі бойынша дәрігердің қорытындысы
Заключение врача по результатам лабораторных исследований и медицинского осмотра

Медициналық тексеріп-қарауды жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және мөрі (бар болса)
Ф.И.О., подпись и печать врача (при наличии), проводившего медицинский осмотр







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      7-бөлім. Профилактикалық екпелер туралы мәліметтер

      Раздел 7. Сведения о профилактических прививках

      Инфекциялық аурурға қарсы вакцинация _________________________

      Препаратты енгізу күні жылғы " " ___________

      Вакцинация против инфекционного заболевания __________________

      Дата введения препарата " " ___________года

      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      8-бөлім. Патогенді стафилококты тасымалдаушылыққа зерттеу нәтижесі

      Раздел 8. Результат исследования на носительство патогенного стафилококка

Күні
Дата

Дәрігердің қорытындысы
Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі (бар болса)
Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации (при наличии)







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      9-бөлім. Гельминт жұмыртқаларына зерттеу нәтижесі

      Раздел 9. Результат исследования на яйца гельминтов

Күні
Дата

Дәрігердің қорытындысы
Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі (бар болса)
Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации (при наличии)







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      10-бөлім. Бактериологиялық зерттеу нәтижесі

      Раздел 10. Результат бактериологического исследования

Күні
Дата

Дәрігердің қорытындысы
Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі (бар болса)
Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации (при наличии)







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      11-бөлім. Вирустық гепатиттердің, АИТВ-ның маркерлеріне зерттеп-тексеру нәтижесі

      Раздел 11. Результат обследования на маркеры вирусных гепатитов, ВИЧ

Күні
Дата

Дәрігердің қорытындысы
Заключение врача

Тексеруді жүргізген дәрігердің Т.А.Ә., қолы және ұйымның мөрі (бар болса)
Ф.И.О., подпись врача, проводившего обследование и печать организации (при наличии)







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      12-бөлім. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуге аттестаттау туралы белгі

      Раздел 12. Отметка об аттестации на знание нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиенических нормативов

Күні
Дата

Аттестаттау туралы белгі
Отметка об аттестации

Оқыту мен аттестаттауды өткізген ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы, мөр (бар болса)
Ф.И.О., подпись руководителя организации проводившего обучение и аттестацию, печать (при наличии)







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

      13-бөлім. Жұмысқа жіберу

      Раздел 13. Допуск к работе

Күні
Дата

Жұмысқа жіберіледі ____ "___" ______ жылы, күні, айы
Допуск к работе "___" ______ ____ дата, месяц, год

Денсаулық сақтау субъектілерінің жауапты маманының Т.А.Ә., қолы, мөр (бар болса)
Ф.И.О., подпись ответственного специалиста субъектов здравоохранения, печать (при наличии)







      Жеке медициналық кітапша

      Личная медицинская книжка

  Жеке медициналық
кітапшаларды беру, есепке алу
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке медициналық кітапшаларды есепке алу журналы

Р/с №
пп

Жеке медициналық кітапша иесінің Т.А.Ә.
Ф.И.О. владельца личной медицинской книжки

Жұмыс орны, лауазымы
Место работы, должность

Тұратын жері
Место жительства

Жеке медициналық кітапшаның нөмірі
Номер личной медицинской книжки

Рұқсат туралы белгі
Отметка о допуске

1

2

3

4

5

6