Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23026 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14270 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер оларды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап автоматты түрде бір күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы ЗҚАИ-ға келіп түседі.".

      2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 68-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 500 бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
__________________________
__________________________
(лауазымы, тегі және аты-жөні)
__________________________
(қолы)
__________________________
(қол қойылған күн)

Қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Нормативтік құқықтық актінің деректемелері:

Нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған орган:

Мемлекеттік органның атауы

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі:

Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының нақты нормасына сілтеме

Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеуге келіп түскен күні:

Нормативтік құқықтық актінің әділет органдарына келіп түскен күні

      Нормативтік құқықтық актіге жүргізілген заң сараптамасының нәтижелері бойынша осы нормативтік құқықтық акт азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбайтыны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтіні анықталды.

      Сондай-ақ, осы нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

      Жазылғанның негізінде:

      1) ________________________________________________________________________

      (Нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы)

      ______________________________________________________________ тіркеуді;

      2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № ___ енгізуді;

      3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін нормативтік құқықтық актінің төлнұсқа мен көшірме қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның

      атауы) ресми жариялау міндеттемесімен жіберуді (егер тіркелген нормативтік

      құқықтық акт ресми жариялануға жатса);

      4) актінің бір данасын (көшірме) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен

      __________________________________________________________________________

                              (әділет органының атауы)

      қалдыруды мүмкін деп есептеймін.

      ___________________________ ______________ ________________________

      маманның лауазымы             қолы             қорытындыны дайындаған

      адамның тегі және аты-жөні

      Құжаттарды алған кезде әділет органында қалатын қазақ және орыс тілдеріндегі

      қорытындылардың даналарында мыналар толтырылады:


Мемлекеттік орган қызметкерінің лауазымы

А.Ж.Т.(болған жағдайда)

Күні

Қолы

Төлнұсқа мен көшірме