"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексі 222-бабының 1 - тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ - 43 бұйрығына қосымша |
Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі
1. Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың.
2. Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың.
3. Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың.
4. Ангиохирургия ересектердің, балалардың.
5. Балалар стоматология.
6. Балалар хирургиясы.
7. Гастроэнтерология ересектердің, балалардың.
8. Гематология ересектердің.
9. Дерматовенерология ересектердің, балалардың.
10. Жалпы хирургия.
11. Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың.
12. Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың.
13. Кардиология ересектердің, балалардың.
14. Кардиохирургия ересектердің, балалардың.
15. Клиникалық лабораториялық диагностика.
16. Клиникалық фармакология.
17. Медициналық генетика.
18. Неврология ересектердің, балалардың.
19. Нейрохирургия ересектердің, балалардың.
20. Неонатология.
21. Нефрология ересектердің, балалардың.
22. Онкология ересектердің.
23. Онкология және гематология балалардың.
24. Онкология радиациялық.
25. Онкология химиотерапевті.
26. Ортодонтия.
27. Ортопедиялық стоматология.
28. Отбасылық медицина.
29. Оториноларингология ересектердің, балалардың.
30. Офтальмология ересектердің, балалардың.
31. Патологиялық анатомия.
32. Педиатрия.
33. Пластикалық хирургия ересектердің, балалардың.
34. Психиатрия ересектердің, балалардың.
35. Пульмонология ересектердің, балалардың.
36. Радиология.
37. Ревматология ересектердің, балалардың.
38. Сот-медициналық сараптама.
39. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы.
40. Терапия.
41. Терапиялық стоматология.
42. Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың.
43. Урология және андрология ересектердің, балалардың.
44. Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың.
45. Фтизиатрия ересектердің, балалардың.
46. Хирургиялық стоматология.
47. Шұғыл медицина ересектердің, балалардың.
48. Эндокринология ересектердің, балалардың.
49. Ядролық медицина.