Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ - 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22844 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.11.2023 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ ҚР ДСМ - 43 бұйрығына
қосымша

Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.11.2023 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Акушерия және гинекология (ересектер, балалар).

      2. Аллергология және иммунология (ересектер, балалар).

      3. Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар).

      4. Ангиохирургия (ересектер, балалар).

      5. Балалар жасындағы стоматология.

      6. Балалар хирургиясы.

      7. Гастроэнтерология (ересектер, балалар).

      8. Гематология (ересектер).

      9. Дерматовенерология (ересектер, балалар).

      10. Жалпы хирургия.

      11. Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар).

      12. Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар).

      13. Кардиология (ересектер, балалар).

      14. Кардиохирургия (ересектер, балалар).

      15. Клиникалық зертханалық диагностика.

      16. Клиникалық фармакология.

      17. Медициналық генетика.

      18. Неврология (ересектер, балалар).

      19. Нейрохирургия (ересектер, балалар).

      20. Неонатология.

      21. Нефрология (ересектер, балалар).

      22. Ересектер онкологиясы.

      23. Балалар онкологиясы және гематологиясы.

      24. Радиациялық онкология.

      25. Химиотерапиялық онкология.

      26. Ортодонтия.

      27. Ортопедиялық стоматология.

      28. Отбасы медицинасы.

      29. Оториноларингология (ересектер, балалар).

      30. Офтальмология (ересектер, балалар).

      31. Патологиялық анатомия.

      32. Педиатрия.

      33. Пластикалық хирургия (ересектер, балалар).

      34. Психиатрия (ересектер, балалар).

      35. Пульмонология (ересектер, балалар).

      36. Радиология.

      37. Ревматология (ересектер, балалар).

      38. Сот-медициналық сараптама.

      39. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы.

      40. Терапия.

      41. Терапиялық стоматология.

      42. Травматология-ортопедия (ересектер, балалар).

      43. Урология және андрология (ересектер, балалар).

      44. Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар).

      45. Фтизиатрия (ересектер, балалар).

      46. Хирургиялық стоматология.

      47. Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар).

      48. Эндокринология (ересектер, балалар).

      49. Ядролық медицина.