"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.12.2021 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12803 болып тіркелген);
2) "Ашық бюджет интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17290 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 Бұйрықпен бекітілген |
Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпаратты пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – Портал);
3) ашық бюджеттер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы ұсынатын, ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқаруға арналған қосымша;
4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітіп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 15.09.2022 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
3. Порталда қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық есептілік, азаматтық бюджет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылады.
Ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 17.09.2024 № 429-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 124-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында (есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті бекітілгеннен кейін бір ай өткен соң, азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Порталда орналастырады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.06.2024 № 221-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 118-бабында көрсетілген шоғырландырылған қаржылық есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Порталда орналастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Порталға сыртқы аудит растаған нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі порталға қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 17.09.2024 № 429-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен Порталда орналастырады.
7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.
8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік есептілікті Оператор ұсынған АЖО арқылы орналастырады немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы Порталға береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Порталда ақпаратты орналастыруды (ақпаратты ақпараттық жүйелер арқылы Порталға беруді) және АЖО-мен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерді өздері дербес айқындайды.
3-тарау. Ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау тәртібі
9. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстарына (олар болған кезде) ұсынылғанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешіктірілмей бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жария талқылауы үшін Порталда орналастырылады.
Жария талқылау үшін бюджеттік бағдарламалар жобаларының Порталда болу мерзімі оларды Порталда орналастырған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
10. Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстарына ұсынылғанға дейін, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жария талқылауы үшін Порталда орналастырылады.
Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге қосымша бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу фактілерін растайтын фотоматериалдар орналастырылады.
Жария талқылау үшін өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің Порталда болу мерзімі оларды порталда орналастырған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
11. Порталда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді орналастыру кезінде ақпаратты пайдаланушыларға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді "жақтап" және "қарсы" дауыс беру мүмкіндігі беріледі.
12. Порталда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді орналастырған күні бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ресми және (немесе) жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релизін орналастырады.
13. Жария талқылау үшін орналастырылған бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ақпаратты пайдаланушылардан ұсыныстар қабылданады.
Ақпаратты пайдаланушылардың бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге ұсыныстары ақпаратты пайдаланушыларда "электрондық үкімет" веб-порталында есепке алу жазбасы болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруды талап етпейді.
14. Ақпаратты пайдаланушының ұсынысында мыңнан аспайтын таңба көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламалар жобаларының және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің таңдалған құрылымдық бөлігіне ұсыныстар жіберілген кезде бейәдеп лексика, тіл тигізетін сөздер пайдаланылмайды және таңдап алынған бюджеттік бағдарлама жобасына немесе өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепке жатпайтын жарнама, спам және ақпарат орналастырылмайды.
15. Оператор екі жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылардың ұсыныстарының осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және қабылданған шешімді негіздей отырып, оларды Порталда жариялау не жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ақпаратты пайдаланушылардың Оператор мақұлдаған ұсыныстарын орналастырылған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау мерзімі ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы шешімдер қабылдайды.
17. Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау мерзімі өткеннен кейін Порталда орналастырылған құжаттарды жария талқылау нәтижелері бойынша есеп автоматты түрде қалыптастырылады, ол одан әрі жұмыста пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберіледі.
Бюджеттік бағдарламаның жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепті және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Ашық бюджеттердің интернет- порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Бюджеттік бағдарламаның жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
"_______________________________________________"
(құжаттың атауы)
Бірегей нөмір:
Бюджеттік бағдарламаның жобасын орналастыру күні:
Бюджеттік бағдарламаның жобасын талқылауды аяқтау күні:
Есепті қалыптастыру күні:
Жобаны "жақтады" деген дауыстың барлығы:
Жобаға "қарсы" деген дауыстың барлығы:
Барлық ұсыныстар:
"Жақтады" деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
"Қарсы" деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Бюджет түрі:
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы:
Қамтылатын кезең:
Бюджеттік бағдарламаның басшы:
Р/с № | Орналастыру күні | Құжаттың құрылым-дық бөлігі | Порталды пайдаланушының ұсынысының мәтіні | Мемлекеттік орган жауабының мәтіні | Ұсынысты "жақтады" деген дауыс саны | Ұсынысқа "қарсы" деген дауыс саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ашық бюджеттердің интернет- порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
"_______________________________________________"
(құжаттың атауы)
Бірегей нөмір:
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті орналастыру күні:
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті талқылаудың аяқталу күні:
Есепті қалыптастыру күні:
Жобаны "жақтады" деген дауыстың барлығы:
Жобаға "қарсы" деген дауыстың барлығы:
Барлық ұсыныстар:
"Жақтады" деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
"Қарсы" деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Бюджет түрі:
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы:
Қамтылатын кезең:
Бюджеттік бағдарламаның басшы:
Р/с | Орналастыру күні | Құжаттың құрылымдық бөлігі | Порталды пайдаланушының ұсынысының мәтіні | Мемлекеттік орган жауабының мәтіні | Ұсынысты "жақтады" деген дауыс саны | Ұсынысқа "қарсы" деген дауыс саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |