Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12803 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.04.2021 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 23.07.2018 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағы екінші тарауына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 23.07.2018 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қaзaнғaп) қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттық орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 30 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1271 бұйрығымен бекітілді

Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік органдардың ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыру, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды көпшілік талқылау үшін өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда ашық бюджеттер интернет-порталының (бұдан әрі - Портал) автоматтандырылған жұмыс орны "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен (бұдан әрі - Оператор) ұсынылатын қосымшаны білдіреді, ол ашық бюджеттер интернет-порталына орналастырылатын контентті және күйлеулерді басқаруға арналған.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын барлық өзге ұғымдар мен қысқартулар Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарында көрсетілген мағынада пайдаланылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 23.07.2018 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібі

      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Порталға Кодекстің 124-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында және 4) тармақшасының екінші абзацында (тиісті қаржы жылында республикалық бюджетті орындау туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті орналастырады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға Кодекстің 118-бабында көрсетілген шоғырландырылған қаржылық есептілікті есептік жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей орналастырады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті орналастырады.

      Бюджеттік есептілікті Порталда оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде орналастырады.

      Тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп Порталға бекіткеннен кейін ай өткен соң орналастырылады.

      Бюджеттік есептілік және шоғырландырылған қаржылық есептілік қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 67-1-бабына сәйкес Порталға ақпарат орналастырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 23.07.2018 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан алғаннан кейін он бес жұмыс күн ішінде орналастырады.

      6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, бюджеттік бағдарламалар жобаларын, оператормен ұсынылған өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.

      Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік есептілікті орналастырады немесе оны Порталда одан әрі орналастыру үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы операторға береді.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі ақпаратты Порталда ақпараттық жүйе арқылы орналастыруды (беруді) және автоматтандырылған жұмыс орнымен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерді және қызметкерлерді айқындайды.

      Оператор мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерің Порталға бюджеттік есептілікті, шоғарландырылған қаржы есептілігін, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалар жобаларын және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру үшін автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануды оқытуды жүргізеді.

      7. Порталға қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, бюджеттік бағдарламалар жобалары өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер орналастырылады.

3. Ашық бюджеттер интернет-порталында өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер, бюджеттік бағдарламалар жобаларын талқылау тәртібі

      8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі Порталда өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырады.

      Көпшілік талқылауға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестер отырысына (егер бар болса) ұсынғанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешіктірмей орналастырады.

      Порталда көпшілік талқылауға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларының болу мерзімі оларды Порталға орналастырған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

      9. Порталға бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастыру кезінде ақпаратты пайдаланушыларға бюджеттік бағдарламалар жобаларын "келісемін" және "қарсымын" деген дауыс беру мүмкіндіктері беріледі.

      10. Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді Порталға бюджеттік бағдарламалар әкімшілері оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестер (егер бар болса) отырысына ұсынғанға дейін, бірақ келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастырады.

      Көпшілік талқылау үшін өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептердің Порталда болу мерзімі олар Порталға орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

      11. Өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер және бюджеттік бағдарламалар жобалары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру фактілерін растайтын фотоматериалдар қосымша орналастырылады.

      12. Көпшілік талқылау үшін орналастырылған бюджеттік бағдарламаларға және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ақпаратты пайдаланушылардың ұсыныстары қабылданады.

      13. Ақпаратты пайдаланушының ұсынысында мыңнан аспайтын символ көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламалар жобаларының және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептердің таңдалған құрылымдық бөлігіне ұсыныстарды жіберген кезде балағат сөздерді, қорлайтын сөздерді, жарнаманы, спамды пайдалануға және таңдалған бюджеттік жобасына немесе өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепке қатысты емес өзге де ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

      14. Бюджеттік бағдарламалар жобаларына және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге ақпаратты пайдаланушылардан ұсыныстар ақпарат пайдаланушыларда "электрондық үкімет" веб-порталында есепті жазбасы болған жағдайда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруды талап етпейді.

      15. "Электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асыру шеңберінде оператор Порталға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалар жобаларын және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыруға белгіленген шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

      16. Оператор екі жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылардың ұсыныстарын тексеруді жүзеге асырады және ұсыныстарды жариялау немесе қабылданған шешімнің жариялаудан бас тарту туралы негіздемесі бар шешімді қабылдайды.

      17. Бюджеттік бағдарламалар жобалары және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді көпшілік талқылау үшін Порталға орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін орналастырылған құжаттарды көпшілік талқылау нәтижелері бойынша есеп жасалады, ол оны әрі қарай жұмыста пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберіледі.

      18. Бюджеттік бағдарламалар жобаларын, өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілік талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

  Ашық бюджеттер интернет-порталында
ақпарат орналастыру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Бюджеттік бағдарламалар жобаларын, өткен қаржы жылы бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілік
талқылаудың аяқталғаны туралы есеп

      "_______________________________________________"

      (құжаттың атауы)

      Есепті жасау күні:

      Жобаға "келісемін" дауыстарының барлығы:

      Жобаға "қарсымын" дауыстарының барлығы:

      Ұсыныстардың барлығы:

      "Келісемін" дауыстарының барлығы

      (ұсыныстар):

      "Қарсымын" дауыстарының барлығы

      (ұсыныстар):

      Бюджет түрі:

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен

      атауы:

      Қамтылатын жылдар:

      Бюджеттік бағдарлама басшысы:

р/с

Орналастыру күні

Құжаттың құрылымдық бөлігі

Ақпаратты пайдаланушының ұсынысының мәтіні

Мемлекеттік органның жауабының мәтіні

"Келісемін" дауыстары ның саны (ұсыныстар):

"Қарсымын" дауыстары ның саны (ұсыныстар):

1

2

3

4

5

6

7