"Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22360 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 81 бұйрығымен
бекітілген

"Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      2) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Түркістан облысының және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) баяндалған.

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 4-5/223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11366 болып тіркелген) бекітілген мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі - біліктілік талаптары) көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілейді.

      Рұқсаттық бақылау қорытындылары бойынша ерікті нысанда көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалғаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензияны не осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      11. Лицензияны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған болуы;

      2) лицензиялық алымның енгізілмеген болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануы тиіс қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата туру немесе оған/оларға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

      6) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі.

      12. Лицензияны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) заңды тұлға-лицензиаттың бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы.

      Егер, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты болса, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларына мұндай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 2-тармағына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      13. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта рәсімдеуді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.

      14. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.

      Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензияны қайта ресімдейді.

      15. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімдемеу негіз болып табылады.

      Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға:

      1) лицензияны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) бұрын лицензияның заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға ресімделген болуы негіз болып табылады.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      18. Лицензияның қолданылуын тоқтату Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Қателерді түзету, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44 және 45-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілідері

www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензия беру, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні;
2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде – құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес лицензиялық алым төлейді, ол:
1) лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ төлемдік "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда лицензиялар беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензияны алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны алуға арналған өтініші;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.
заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайдан басқа, лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге арналған өтініші;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге арналған өтініші;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтердің электрондық нысаны;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда бөлінген заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеуге бөлу жүргізген заңды тұлғаның келісімі туралы шешімнің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

лицензияны алу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған болуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 4-5/223 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11366 болып тіркелген) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның лицензиялануы тиіс қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған/оларға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі.
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) бұрын лицензияның заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға ресімделген болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензия алуға арналған өтініші

      Кімге:___________________________________________________________

      (лицензиярдың толық атауы)

      кімнен:__________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________

      (қызмет түрінің толық атауы көрсетілсін)

      жүзеге асыруға арналған лицензия беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) почталық индексі, елі,

      __________________________________________________________________

      облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почта __________________________________________________

      Телефондар _________________________________________________________

      Банктік шот _________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіскені расталады;

      Басшы ____________________________ _______________________________

                  (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20 жылғы "             " "                   "

  "Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Жылжымайтын объектінің кадастрлік нөмірі _____________________________

      Жылжымайтын объектінің мекенжайы __________________________________

      Меншік иесі (құқығын иеленуші) _______________________________________

      Құқықтың пайда болу негізі ___________________________________________

      Мақта тазалау зауытында қажетті жабдықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

20__ жылғы "__" ___ бар-жоғы

Жай-күйі

1

2

3

4

Мақта қабылдау пункті

дана



Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық

сағатына тонна



Таразы жабдығы

дана



Желдету жабдығы

дана



Тиеу-түсіру механизмдері

дана



Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана

дана



Мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлінген орын




Өрт сөндіру құралдары

дана



      Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде қажетті жабдықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

20__ жылғы "__" ___ бар-жоғы

Жай-күйі

1

2

3

4

Шитті мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң

шаршы метр



Таразы жабдығы

дана



Шитті мақтаның сынамаларын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдық

дана



Тиеу-түсіру механизмдері

дана



Желдету жабдығы

дана



      Мақта тазалау зауытында өткізу режимінің, аумақ қоршауының, сондай-ақ мақта

      тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде

      қоршаудың бар-жоғы туралы мәліметтер _______________________

      __________________________________________________________________

      Тиісті білімі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының бар-жоғы

      туралы мәліметтер:

Р/с №

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5






  "Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Кімге:___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен:__________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызмет түрінің толық атауы)

      __________________________________________________________ берген

                  (лицензияны берген лицензиардың атауы)

      20__ жылғы "__"__________№__________ лицензияны мынадай негіз (дер)

      (лицензияның берілген күні, нөмірі (лері))

      бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған

      тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет) қайта ресімдеуді сұраймын:

      бірігу ________________________________________________________

      қайта құрылу _________________________________________________

      қосылу ______________________________________________________

      бөліп шығарылу_______________________________________________

      бөліну __________________________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____________

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы

      талаптың болуы____________________________________________________

      5) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ____________________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

      (елі – шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта _________________________________________________

      Телефондар ________________________________________________________

      Факс ______________________________________________________________

      Банктік шот ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы_________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілетін қызметті берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіскені расталады.

      Басшы _____________________________ _________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20 жылғы " " " "

  "Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан



Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия

      20 жылғы " "                                                 №

      _______________________________________________________айналасуға

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы

      Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      ____________________________________________________________берілді.

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензия түрі ______________________________________________________

      Ескертпе: __________________________________________________________

      (иеліктен шығару, рұқсат сыныбы)

      Лицензиар _________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкілетті адам) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      ______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бастапқы берілген күні: ______жылғы "__" __________

      Лицензияның қолданылу мерзімі: _______ жылғы "__" __________

      Берілген орны ______________________________________________________

  "Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның атауы]


Уәкілетті органның атауы]

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Берілген күні: [Берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркелген жері: Облыс:

      [Облыс] Аудан: [Аудан]

      Қала/елді мекен: [Қала/елді мекен]

      [бизнес-сәйкестендіру нөмірі]

      Мемлекеттік тіркеу күні [күні]

      Бас тарту себебі:

      [Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]



      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 81 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/545 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12190 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 4-6/1067 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12896 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18064 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы.