Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 2 наурыздағы № 22 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 наурызда № 22323 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банкаралық активтер және міндеттемелер, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес активтердің және шартты міндеттемелердің құрылымы туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қарыздар, оның ішінде толық көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны;

      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта мыналарды ұсынады:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есепті:

      күн сайын, есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ай сайын, есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ желтоқсан айына қосымша (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) - келесі қаржы жылындағы бірінші ақпаннан кешіктірмей;

      2) осы қаулының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген есептерді – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ желтоқсан айына қосымша (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) – келесі қаржы жылындағы бірінші ақпаннан кешіктірмей;

      3) осы қаулының 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген есепті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген ай сайынғы есептілікті (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып), оның ішінде қорытынды айналымдарды жүргізбеген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары ұсынады.

      3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Ә.Р. Адамбаева) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 22 Қаулыға
1-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары есептілігінің тізбесі

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының есептілігіне мыналар кіреді:

      1) баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;

      2) банкаралық активтер және міндеттемелер, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша есеп;

      3) активтердің және шартты міндеттемелердің құрылымы туралы есеп;

      4) қарыздар, оның ішінде толық көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есеп.

  Қаулыға
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 700-Н

      Кезеңділігі: күн сайын, ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары

      Ұсыну мерзімдері:

      күн сайын - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

      ай сайын - есепті айдан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ желтоқсан айына қосымша (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке ала отырып) - келесі қаржы жылының бірінші ақпанынан кешіктірмей.

  Нысан
  (мың теңгемен)

Баланстық (баланстан тыс) шоттың нөмірі

Баланстық (баланстан тыс) шоттардың атауы

Сомасы

1

2

3

1

Активтер

2

Міндеттемелер

3

Бас офистің шоты, филиалдың резервтері мен қызметінің нәтижелері

4

Кірістер

5

Шығыстар

6

Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер

7

Меморандум шоттары


      Атауы _______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушы ______________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Бас бухгалтер _________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Баланстық және баланстан
тыс шоттардағы қалдықтар
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп (индексі - 700-Н, кезеңділігі – күн сайын, ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары күн сайын және ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы және бас бухгалтері қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының баланстық баптарының (активтер, міндеттемелер, бас офистің шоты, филиалдар қызметінің резервтері мен нәтижелері, кірістер, шығыстар бойынша) және баланстан тыс баптарының (шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, меморандум шоттары бойынша) құрылымын ашып көрсетеді.

      6. Нысанда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жүргізетін операциялар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      7. Нысанда шоттар топтары ашып көрсетіледі және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес шоттар бойынша сомалар көрсетіледі.

      8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қаулыға
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Банкаралық активтер және міндеттемелер, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 5_ФС_МБ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары

      Ұсыну мерзімдері: ай сайын - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ желтоқсан айына қосымша (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке ала отырып) келесі қаржы жылының бірінші ақпанынан кешіктірмей.

  Нысан
  (мың теңгемен)

Банктің атауы

Активтер

Міндеттемелер

баланстық шоттың нөмірі

валютаның түрі

есепті кезеңнің соңындағы сома

баланстық шоттың нөмірі

валютаның түрі

есепті кезеңнің соңындағы сома

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1-ші Қазақстан Республикасының резидент-банкі







1.1.
















Барлығы







2

2-ші Қазақстан Республикасының резидент-банкі







2.1.
















Барлығы







3

1-ші Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі







3.1.
















Барлығы







4

2-ші Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі







4.1.
















Барлығы















Жиынтығы







      кестенің жалғасы:

Шартты және ықтимал талаптар

Шартты және ықтимал міндеттемелер

Елі

баланстан тыс шоттың нөмірі

есепті кезеңнің соңындағы сома

баланстан тыс шоттың нөмірі

есепті кезеңнің соңындағы сома

9

10

11

12

13

      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы ______________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Бас бухгалтер _________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Банкаралық активтер және
міндеттемелер, сондай-ақ
шартты және ықтимал талаптар
мен міндеттемелер бойынша
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Банкаралық активтер және міндеттемелер, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша есеп (индексі - 5_ФС_МБ, кезеңділігі - ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банкаралық активтер және міндеттемелер, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.

      Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы және бас бухгалтері қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда Қазақстан Республикасының резидент-банктері мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне қатысты Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының барлық банкаралық активтері, Қазақстан Республикасының резидент-банктері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің алдындағы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының міндеттемелері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының Қазақстан Республикасының резидент-банктері мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне шартты және ықтимал талаптары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының Қазақстан Республикасының резидент-банктері мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері алдындағы шартты және ықтимал міндеттемелері бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы жатады.

      6. Нысан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының есепті күні өзара қатынастары бар әрбір контрагент банк бойынша (Қазақстан Республикасының резидент-банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы) жеке-жеке толтырылады.

      2-бағанда "Қазақстан Республикасының резидент-банкі", "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі" шартты белгілерінің орнына толтыру кезінде нақты контрагент банктің атауы көрсетіледі.

      7. 3, 6, 9 және 11-бағандарды толтыру кезінде активтердің, міндеттемелердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес әрбір контрагент банк бойынша есепті кезеңнің соңындағы сомаға сәйкес келетін әрбір баланстық немесе баланстан тыс шот жеке-жеке көрсетіледі.

      8. 2 және 5-бағандарда валютаның түрі ҚР ҰС 07 ІSO 4217-2019 "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      9. 5, 8, 10 және 12-бағандарды толтыру кезінде контрагент банкке сәйкес келетін есепті кезеңнің соңындағы сомалар тиісті баланстық немесе баланстан тыс шоттар бойынша қалдықтар бөлігінде: негізгі борыш бойынша (сатып алу құны), есептелген сыйақы, резервтер (провизиялар), дисконттар, сыйлықақылар, оң және теріс түзету шоттары бойынша бөлінеді.

      10. Резервтердің (провизиялардың) сомасы абсолюттік мәнде және плюс белгісімен көрсетіледі.

      11. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қаулыға
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Активтер мен шартты міндеттемелердің құрылымы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 8_ФС_КА

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары

      Ұсыну мерзімдері: ай сайын - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ желтоқсан айына қосымша (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке ала отырып) келесі қаржы жылының бірінші ақпанынан кешіктірмей.

  Нысан
  (мың теңге)

Активтер

Барлығы, оның ішінде:

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Дисконт, сыйлықақы

Оң, теріс түзету

Қамтамасыз ету құны

Резервтер (провизиялар)

Барлығы

оның ішінде, шетел валютасында

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Корреспонденттік шоттардағы ақша және басқа банктерге (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) орналастырылған салымдар








2

Бағалы қағаздар








3

Қарыздар:








3.1

банктерге қарыздар








3.2

заңды тұлғаларға қарыздар








3.3

жеке тұлғаларға қарыздар








3.4

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар








4

Анықтама үшін: жеке тұлғаларға қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар








5

Анықтама үшін: Біркелкі қарыздар портфелі








6

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары








7

Басқа дебиторлар








8

9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ІFRS) бойынша сыныпталатын басқа активтер








9

Шартты міндеттемелер








      кестенің жалғасы:

Активтер мен шартты міндеттемелер, олар бойынша есепті күні кредиттік тәуекел айтарлықтай ұлғайған жоқ (1-кезең)

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Дисконт, сыйлықақы

Оң, теріс түзету

Қамтамасыз ету құны

Резервтер (провизиялар)

10

11

12

13

14

15







      кестенің жалғасы:

Активтер мен шартты міндеттемелер, олар бойынша есепті күні кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғайғаны байқалады (2-кезең)

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Дисконт, сыйлықақы

Оң, теріс түзету

Қамтамасыз ету құны

Резервтер (провизиялар)

16

17

18

19

20

21







      кестенің жалғасы:

Активтер мен шартты міндеттемелер, олар бойынша есепті күні кредиттік зиян (кредиттік құнсызданған қаржы активтері) бар (3-кезең)

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Дисконт, сыйлықақы

Оң, теріс түзету

Қамтамасыз ету құны

Резервтер (провизиялар)

22

23

24

25

26

27







      кестенің жалғасы:

Анықтама үшін: Сатып алынған немесе құрылған кредиттік құнсызданған қаржы активтері

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Дисконт, сыйлықақы

Оң, теріс түзету

Қамтамасыз ету құны

Резервтер (провизиялар)

28

29

30

31

32

33







      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ______________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Бас бухгалтер _____________________________________       _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Активтер мен шартты
міндеттемелердің құрылымы
туралы есеп нысанына
қосымша

Активтер мен шартты міндеттемелердің құрылымы туралы есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – 8_ФС_КА, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Активтер мен шартты міндеттемелердің құрылымы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын ұсынады.

      3. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы және бас бухгалтері қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Есептің нысанында 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ІFRS) сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының провизияларын (резервтерін) ішкі есептеу әдістемесіне сай құнсыздану кезеңдері бойынша сыныпталатын активтер мен шартты міндеттемелердің құрылымы бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      6. Бұл ретте 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бағандарда осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтарға сәйкес активтерге бөлінген жиынтық сома көрсетіледі.

      7. 3.3-жолда жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге жеке мақсаттарына берілген қарыздар бойынша несие және мерзімі өткен берешек, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустарға берілген қарыздар бойынша деректер көрсетіледі.

      8. 4-жолда жеке тұлғаларға кепіл шартын, кепілгерлік немесе кепілдік шартын жасамастан тұтынушылық мақсаттарға берілген қарыздар көрсетіледі.

      9. 8, 14, 20, 26 және 32-бағандарда қамтамасыз етудің нарықтық құны көрсетіледі.

      10. 9, 15, 21, 27 және 33-бағандарда резервтердің (провизиялардың) сомасы абсолюттік мәнде және қосу белгісімен көрсетіледі

      11. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен беріледі.

  Қаулыға
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

Қарыздар, оның ішінде толық көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 9_ФС_ЗПД

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "_____" ____________ жағдай бойынша

      Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ желтоқсан айына қосымша (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке ала отырып) келесі қаржы жылының бірінші ақпанынан кешіктірмей.

  Нысан
  (мың теңгемен)

Атауы

Негізгі борыш

Дисконт, сыйлықақы

Есептелген сыйақы

Оң, теріс түзету

Анықтама үшін: қамтамасыз ету құны

Резервтер (провизиялар)

Барлығы

оның ішінде резервтерді (провизияларды) есептеген кезде қосылатын қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Басқа банктерге берілген қарыздар, оның ішінде








1.1

мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








1.2

негізгі борыш бойынша және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде:








1.2.1

1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін








1.2.2

16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін








1.2.3

31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін








1.2.4

61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін








1.2.5

91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін








1.2.6

181 (бір жүз сексен бір) күн және одан астам








2

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде:








2.1.

мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








2.2

негізгі борыш бойынша және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде:








2. 2.1

1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін








2. 2.2

16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін








2.2.3

31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін








2.2.4

61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін








2.2.5

91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін








2.2.6

181 (бір жүз сексен бір) күн және одан астам








3

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде:








3.1

мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








3.2

негізгі борыш бойынша және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде:








3.2.1

1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін








3.2.2

16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін








3.2.3

31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін








3.2.4

61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін








3.2.5

91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін








3.2.6

181 (бір жүз сексен бір) күн және одан астам








4

Жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде:








4.1

мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








4.2

негізгі борыш бойынша және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде:








4.2.1

1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін








4.2.2

16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін








4.2.3

31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін








4.2.4

61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін








4.2.5

91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін








4.2.6

181 (бір жүз сексен бір) күн және одан астам








4.3

анықтама үшін: жеке тұлғаларға қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар








4.3.1

мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








4.3.2

негізгі борыш бойынша және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде:








4. 3. 2. 1

1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін








4. 3. 2. 2

16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін








4. 3. 2. 3

31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін








4. 3. 2. 4

61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін








4. 3. 2. 5

91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін








4. 3. 2. 6

181 (бір жүз сексен бір) күн және одан астам








5

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері - жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде:








5.1

мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








5.2

негізгі борыш бойынша және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде:








5.2.1

1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін








5.2.2

16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін








5.2.3

31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін








5.2.4

61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін








5.2.5

91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін








5.2.6

181 (бір жүз сексен бір) күн және одан астам








6

Кері репо операциялары








7

Несие портфелінің жиынтығы








8

Негізгі борыш бойынша және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ қарыздар








9

Мерзімі өткен берешегі 1 (бір) күннен 15 (он бес) күнге дейін болатын қарыздар сомасы








10

Мерзімі өткен берешегі 16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін болатын қарыздар сомасы








11

Мерзімі өткен берешегі 31 (отыз бір) күннен 60 (алпыс) күнге дейін болатын қарыздар сомасы








12

Мерзімі өткен берешегі 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін болатын қарыздар сомасы








13

Мерзімі өткен берешегі 91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін қарыздар сомасы








14

Мерзімі өткен берешегі 181 (бір жүз сексен бір) күн болатын және одан асатын қарыздар сомасы








      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ______________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Бас бухгалтер _________________________________             _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________________             ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қарыздар, оның ішінде толық
көрсетілген негізгі борыш және
(немесе) есептелген сыйақы
бойынша мерзімі өткен берешегі
бар қарыздар туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарыздар, оның ішінде толық көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп (индексі – 9_ФС_ЗПД, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қарыздар, оның ішінде толық көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.

      Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы және бас бухгалтері қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы мәліметтер көрсетіледі. Нысандағы деректер негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек күндері бөліп келтіріледі.

      6. 3-жолда шағын және орта кәсіпкерлік субъекттері - заңды тұлғаларға берілген қарыздар көрсетіледі.

      7. 5-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар көрсетіледі.

      8. Нысанда қарыздар кері репо операциясын есепке алмай ескеріледі, кері репо операцияларының сомасы 6-жолда көрсетіледі.

      9. 7-бағанда қамтамасыз етудің нарықтық құны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда резервтерді (провизияларды) есептеген кезде енгізілетін қамтамасыз етудің құны көрсетіледі.

      11. Резервтердің (провизиялардың) сомасы абсолюттік мәнде және плюс белгісімен көрсетіледі.

      12. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  қаулыға
6-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне.

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 10_ФС_МӘМІЛЕЛЕР_ТІЗІЛІМ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы "___"____________ жағдай бойынша

      Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

  Нысан

1-кесте. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ 20__ жылғы "___" _________________ қолданыстағы мәмілелер

Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін)

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Елі

Тұлғаның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жатқызылу белгісі

Операция түрі

Мәміле мақсаты

Шарт нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8










Барлығы







      кестенің жалғасы:

Шарттың (мәміленің) жасалған күні (талаптарын орындау басталған күн)

Шарттың (мәміленің) қолданылуы аяқталған күн (талаптарын орындау аяқталған күн)

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің директорлар кеңесінің не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің деректемелері

Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен)

Валюта түрі

Қамтамасыз ету түрі

Қамтамасыз ету құны (мың теңгемен)

Барлығы

оның ішінде резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде қосылатын қамтамасыз ету құны

Күні

Нөмірі

9

10

11

12

13

14

15

16

17



















      кестенің жалғасы:

Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық пайызбен)

Есептелген кіріс, шығыс

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының пайдасына

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның пайдасына

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының ішкі құжаттарына сәйкес

Сомасы (мың теңгемен)

Баланстық шот нөмірі

18

19

20

21

22











      кестенің жалғасы:

Мәміленің баланстық құны, оның ішінде:

Ескертпе

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Дисконттар, сыйлықақылар, оң, теріс түзету

Резервтер (провизиялар)

Баланстық шоттардың нөмірі

23

24

25

26

27

28













      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы мәмілесінің жалпы сомасы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының әрбір операциясының түрі бойынша жасаған сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібіне және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары үшін) пруденциалдық нормативтер және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін резерв ретінде қабылданатын активтер мөлшерінен жиынтығында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан аспайды.

      20 __ жылғы "__"_____ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын, сақтандыру ұйымында сақтандырылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының клиенттері қарыздарының жалпы сомасы ________ мың теңгені құрайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есепті кезеңде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті талаптар берілмегендігін растайды.

2-кесте. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімі

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін)

Тұлғаның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жатқызылу белгісі

1

2

3

4





      Атауы ____________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы _______________________________________       _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Бас бухгалтер __________________________________________ _________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________________            _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалымен ерекше қатынастар
арқылы байланысты
тұлғалармен есепті ай ішінде
жасалған, сондай-ақ есепті күнге
қолданыстағы мәмілелер туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есеп (индексі - 10_ФС_ МӘМІЛЕЛЕР_ТІЗІЛІМ, кезеңділігі - ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.

      Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы және бас бухгалтері қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының барлық мәмілелері (1-кесте) туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізілімін (2-кесте) ашып көрсетеді.

      6. Тұлғаның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгісі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалады.

      7. Тұлғалардың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланыстылығының бір немесе бірнеше белгілері болуы мүмкін, осыған байланысты, көрсетілген тізілімді толтыру кезінде барлық белгілер көрсетіледі.

      8. 1-кестеде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалатын барлық мәмілелері туралы мәліметтер, олардың сомасы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен операцияларының әрбір түрі бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген ең төменгі мөлшерін қоса алғанда, пруденциалдық нормативтерді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) үшін сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемесіне сәйкес есептелетін активтер мөлшері жиынтығының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан асады.

      9. 1-кестенің 2-бағанында жеке тұлға үшін тегі, аты міндетті түрде, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      10. 1-кестенің 6-бағанын толтыру үшін операциялардың мынадай түрлері келтірілген:

      1) қарыздар беру;

      2) қарыздар алу;

      3) депозитті орналастыру;

      4) депозитті қабылдау;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар шығарған қаржы құралдарын сатып алу;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардан бағалы қағаздарды сатып алу (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қарсы агентті анықтауға мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      7) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға бағалы қағаздарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бағалы қағаздарын сату (банкке қарсы агентті анықтауға мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      8) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардан оларды кері сату талаптарымен бағалы қағаздарды сатып алу (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қарсы агентті анықтауға мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда;

      9) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға оларды кері сатып алу талаптарымен бағалы қағаздарды сату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қарсы агентті анықтауға мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      10) туынды қаржы құралдарын сатып алу;

      11) туынды қаржы құралдарын сату;

      12) шетел валютасын сатып алу (спот, форвард);

      13) шетел валютасын сату (спот, форвард);

      14) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қабылданған реттелген борыш;

      15) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті сатып алу;

      16) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті кепілге қабылдау;

      17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті сату;

      18) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар шығарған қаржы құралдарын кепілге қабылдау;

      19) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының болашақ талабы;

      20) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның пайдасына берілген кепілдіктер;

      21) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан кепілдіктер қабылдау;

      22) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы төлеген сақтандыру сыйлықақылары (жарналары) (сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы көрсетіледі);

      23) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымынан Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы алған сақтандыру төлемдері;

      24) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның пайдасына берілген аккредитивтер;

      25) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан алынған аккредитивтер;

      26) мәмілелердің өзге түрлері.

      11. Шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, 1-кестенің 10-бағанында шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған тиісті күн, 1-кестенің 23-бағанында қолданылу мерзімі ұзартылған мәміле шартының қолданылу кезеңіндегі есепті күнге баланстық қалдық сомасы көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 13-бағанында шартта көрсетілген мәміле сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      Шарт бойынша шетел валютасындағы мәміле сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіпте айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шарты жасасу күніне қайта есептеліп көрсетіледі.

      13. 1-кестенің 14-бағанында валюта түрі "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ІSO 4217-2019 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      14. Егер мәміле талаптарында қамтамасыз етудің болуы, сыйақы төлеу немесе резервтерді (провизияларды) есептеу болжанбаса, онда 1-кестенің 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24 және 26-бағандары толтырылмауы тиіс.

      15. Мәміле бойынша қамтамасыз етудің бірнеше түрлері болған жағдайда, 1-кестенің 15-бағанында қамтамасыз етудің барлық түрлері көрсетіледі.

      16. 1-кестенің 16-бағанында қамтамасыз етудің кепіл құны көрсетіледі.

      17. 1-кестенің 21-бағанында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес 4 және 5-сыныпты тиісті баланстық шоттарда көрсетілген мәміле бойынша есепті күнге жинақталған кіріс, шығыс сомасы көрсетіледі.

      18. 1-кестенің 27-бағанында баланстық шоттардың нөмірлері көрсетіледі, онда мәміленің баланстық құны үтір арқылы көрсетіледі.

      19. Егер мәмілені жасау кезінде тұлғада Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынас арқылы байланыстығы белгісі болмаса, 1-кестенің 28-бағанында "тұлға жжжж.кк.аа. бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылады" деген ескертпе көрсетіледі.

      20. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қаулыға
7-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Есептілікті жасау мақсатында Банктер және банк қызметі туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қарыз – Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының Банктер және банк қызметі туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды, сондай-ақ вексельдерді есепке алуды, кері репо операциясын жүзеге асыруы;

      2) мерзімді ұзарту – шарттың қолданылуының түпкілікті мерзімін ұзарту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту;

      3) шартты міндеттеме:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының толық бақылауында болмайтын, бір немесе бірнеше айқындалмаған болашақ оқиғалар туындаған (туындамаған) кезде ғана танылуы мүмкін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының үшінші тұлғаның пайдасына клиент үшін қабылдаған және шарт талаптарынан туындайтын клиенттің кредиттік тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы және бас бухгалтері электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік электрондық форматта автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе арқылы ұсынылады.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамы, бас бухгалтері есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етеді.

      6. Есептілікті жасау мақсатында активтер мен шетел валютасындағы міндеттемелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіпте айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есепті күнге қайта есептеліп көрсетіледі.