Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу, Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 22137 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне бұл қаулының мына тармағының 2 - тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық

      жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      2020 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 20 қаңтардағы
№ 2 Қаулыға
1-қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7557 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 25 шілдеде № 415-421 (27495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларында:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      қосымша осы өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8767 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада № 169 (2370) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен белгіленген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесінде және оларды сақтау мерзімдерінде:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ қаржылық есептілік:



1 Жылдық есептер болмаған кезде - тұрақты.
2Жылдық есептер болмаған кезде - 10 жыл.


шоғырландырылған;

Тұрақты

-


жылдық;

Тұрақты

10 жыл


тоқсандық,

5 жыл1

5 жыл2


ай сайынғы

5 лет

5 жыл

  ".

      3. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібіне:

      62-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) қосылу үшін апта сайын есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты ұсынады.".

      4. "Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына:

      43-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда аталған қаржы құралдарының әділ құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген бағалаудың нәтижелері бойынша кем дегенде жылына екі рет түзетіледі;

      4-тарау алып тасталсын.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың
дара және институционалдық
инвесторларды білікті
инвесторлар деп тану
қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://fіnreg.kz интернет-ресурсына орналастырылады.

Білікті инвесторлар туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: F1-QІ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20 __ жылғы "_____" ____________ жағдай бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға

      Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмеуі керек.

  Нысан
  20 __ "____" _____________
жағдай бойынша
____________________________
____________________________
(білікті инвесторлар деп тануды
жүзеге асыратын тұлғаның
толық атауы)

1. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер

1.1

Ұйымның толық атауы


1.2

Ұйымның қысқартылған атауы


1.3

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


1.4

Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы туралы мәліметтер


1.5

Лицензияның нөмірі


1.6

Лицензия берілген күн


2. Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн

2.1

Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн


2.2

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген жеке тұлғалардың саны


2.3

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған жеке тұлғалардың саны


2.4

Тізілімде тұрған жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны


2.5

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың саны


2.6

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған заңды тұлғалардың саны


2.7

Тізілімде тұрған заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны


3. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған қызмет түрлері туралы мәліметтер

3.1 Қызмет түрі

3.2 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

3.3 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

4 Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері туралы мәліметтер

4.1 Бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрі

4.2 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

4.3 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

5. Есепті кезеңде білікті инвесторлардың қаражаты есебінен қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің көлемі туралы мәліметтер (мың теңгемен)

5.1

Жеке тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


5.2

Заңды тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


      Ұйымның атауы ____________ Ұйымның мекенжайы ____________

      Телефоны ________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________

      Орындаушы

      ___________________________________             _________             __________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы,                   телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      __________________________________________                   _________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                               қолы

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Білікті инвесторлар туралы
мәліметтердің нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Білікті инвесторлар туралы мәліметтер" (F1-QІ, тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Білікті инвесторлар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Нысанда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген мағынада қолданылады.

      3. Білікті инвесторларды тануды жүзеге асыратын тұлға Нысанды есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес) жүз теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес) жүз теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 және 1.6-жолдарда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаны сәйкестендіретін мәліметтердің негізіндегі деректер көрсетіледі.

      6. 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6 және 2.7-жолдарда білікті инвесторлар тізілімінен алынған ақпарат негізіндегі деректер көрсетіледі.

      7. 3.1, 3.2 және 3.3-жолдарда білікті инвесторлар тізілімінен алынған ақпарат негізіндегі деректер көрсетіледі.

      8. 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарда эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы және иеленушілері, номиналды ұстауды есепке алу жүйесі туралы ақпараттың негізіндегі деректер көрсетіледі.

      9. 5.1 және 5.2-жолдарда есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті жылдағы деректер көрсетіледі.

  Қаулыға
2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8671 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 144 (2345) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      2. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9272 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 204 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9929 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 258 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14727 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).