"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3), 5) тармақшаларын іске асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Г. Нурдаулетов |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына 1-қосымша |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң) 9-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АДАЖ) – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) саусақ таңбалары бойынша қалыптастырылатын дактилоскопиялық ақпараттарды жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі;
2) ақпарат – құқықтық статистикалық ақпарат және құжатталған ақпарат;
3) "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЕА ААЖ) – Комитеттің арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі;
4) арнайы есепке алу - мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;
5) графикалық көшірме - jpeg, jpg, tiff, png (фотосуреттерді сақтауға арналған форматтар) форматтарындағы мәліметтерді қамтитын графикалық ақпарат;
6) тегі бойынша есепке алу – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды олардың сауалнама деректері бойынша, яғни туған күні (күні, айы, жылы) мен жерін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін), тегі, аты және әкесінің атын (болған жағдайда) тіркеу жолымен жүзеге асырылатын есеп.
2-тарау. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі мынадай:
1) сұрау салу бойынша ұсыну;
2) мемлекеттік қызметтерді көрсету арқылы ақпаратты ұсыну;
3) интернет-ресурста ақпаратты орналастыру;
4) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ақпарат ұсыну;
5) құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинақтарын жіберу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
1-параграф. Сұрау салу бойынша ақпараттарды ұсыну
4. Сұрау салу бойынша ақпарат ақысыз ұсынылады.
5. Сұрау салу бойынша қолда бар есептердің көрсеткіштері, есептері, ақпараттық есепке алу құжаттарының деректемелері шеңберінде ақпарат ұсынылады.
Сұрау салуда талап етілетін ақпараттың (қылмыс, құқық бұзушылық, қылмыстық іс, адам) бірлігі, сондай-ақ ол сұратылып отырған кезең көрсетіледі.
6. Мемлекеттік органның атынан сұрау салуға оның басшысы, оны алмастырушы (осы органда орнатылған қызметтік міндеттемелерді бөлуге сәйкес) адам, не осы органның өзге де уәкілетті лауазымды адамы қол қояды.
7. Мемлекеттік орган сұрау салуды мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы жібереді.
8. Қолжетімді ақпараттық жүйелерде және өзге де ашық ақпарат көздерінде сақталынған ақпараттарға сұрау салулар, ақпараттық есепке алу құжаттарының көшірмелерін (скриншот), Заңның 9-бабына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарын және нысандарын ұсыну туралы сұрау салулар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен қараусыз қалдырылады.
9. Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан ақпараттарды талап ету туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21405 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларымен анықталады.
10. Сұрау салудың негізінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімделген электрондық құжат нысанында осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, шетелге шығу үшін қағаз жеткізгіште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.
11. Анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес өтініш жасалынған аумағына байланыссыз, тексеру күніндегі жағдай бойынша адамның өтелмеген, алынбаған соттылығы туралы мәліметтері көрсетіледі.
Соттылықтың өтелуін есептеу Комитет қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
12. Шетелде сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарының соттылығы туралы мәлімет анықтамада көрсетілуге жатпайды.
13. Бұрынғы сауалнамалық деректері бойынша қағаз жүзінде өтінішпен жүгінген жеке тұлғалар, олардың өзгергендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынады.
14. Соттылық туралы қолда бар мәліметтер анықтамада автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде мәліметтерді енгізу тілінде көрсетіледі.
Сауалнамалық деректер анықтамада "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.
15. Басқа жеке тұлғаға анықтаманы ұсыну, мәліметтер сұратылып отырған тұлғаға қатысты нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.
16. Өтініш берушінің іздеуде жүргені туралы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 45-бабының 1-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде, Комитеттің аумақтық органы, оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салған бастамашыға дереу хабарлайды. Егер осы адам, ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.
17. Егер, өтініштерді, сұрау салуларды өңдеу барысында өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша қабылданған процестік шешімдер, адамның босатылуы туралы мәліметтердің АЕА ААЖ-да болмауы, сондай-ақ осы жеке тұлғаға қатысты қандай да бір мәліметтер АЕА ААЖ болмастан адамды ұстау не күзетпен ұстау (қамауға алу) туралы мәліметтердің АДАЖ-да болмауы анықталса, Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері жоқ мәліметтерді анықтау:
тегі бойынша картотекада тиісті әліпбилік есеп карточкасының болуын тексеру;
дактилоскопиялық картотекада қабылданған процестік шешімдердің болуын тексеру;
қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды іске асыратын мемлекетік органдарға, арнайы мекемелерге, сот органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелеріне сұрау салуларды жіберу;
2009 жылғы 22 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше елдерінің Үкімет басшыларымен бекіткен Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы келісімге орай Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығына осы іс бойынша сұраудың жолдануы бойынша жұмыстар жүргізеді.
Жоқ мәліметтерді нақтылау бойынша тексерістерді жүргізген жағдайда, арыз берушіге 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта өтініш беру қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жіберіледі.
18. Қағаз жеткізгіште рәсімделген анықтамаға Комитеттің аумақтық органы бастығының немесе Комитеттің қылмыстық салада құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы бастығының немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалардың қолдары қойылады және Комитеттің немесе оның аумақтық органының мөрімен бекітіледі.
19. Анықтамалар қылмыстық істер бойынша процестік шешімдерді қабылдаған кезде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдарға қатысты, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулерге жататын адамдарға қатысты арнайы тексерулерді жүргізген кезде қолдануға жатпайды.
20. Жеке тұлғаларға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға заңнамамен уәкілеттілік берілген органдарға беру үшін жеке тұлғаларға анықтама ұсынылуға жол берілмейді.
21. Анықтамада ұсынылған мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәліметтерді жариялауға қойылған талаптарды сақтай отырып қолдануға жатады.
22. Комитет есептеріндегі өздеріне қатысты мәліметтер туралы, есептерге түзетулер енгізу мәселелері бойынша жеке тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі – өтініштер) еркін нысанда, Комитеттің аумақтық органдарына қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе сотталған орны немесе тұрғылықты жері бойынша, қағаз жүзінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жолданады.
23. Өтінішті Комитетке берген кезде, осы мәселе бойынша Комитеттің аумақтық органы бастығының, не оны алмастырушы адамның қолымен бұрын берілген жауабы қоса беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі өтінішке арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Арызда көрсетілген сауалнамалық деректер арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерімен сәйкес келуі тиіс. Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін өзгерткен жеке тұлғалар қазіргі және бұрын болған сауалнамалық деректерін көрсетеді.
24. Тегі бойынша есепке алуға түзетулер енгізу туралы өтінішке, сондай-ақ растайтын құжаттар:
айыппұлды төлеу туралы түбіртек;
түзету мекемесінен босату туралы анықтама;
пробация қызметінің (қылмыстық-атқару инспекциясы) есебінен алу туралы анықтама;
соттылықты алу, ақтау, қылмыстық сипаттан арылту туралы не қылмыстық істі тоқтату негізін ақтайтын негізге жатқызу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы қоса берілуі мүмкін.
25. Растаушы құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы АЕА ААЖ-ға растаушы құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді.
Өтініштер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамаға сәйкес Комитетпен және оның аумақтық органдарымен қаралады.
2-параграф. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы ақпараттарды ұсыну
26. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және прокуратура органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі.
3-параграф. Ақпараттарды интернет-ресурста орналастыру
27. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының интернет-ресурсында статистикалық ақпарат тиісті тарауларында орналастырылады.
28. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының интернет-ресурсын толықтыру "Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13262 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
4-параграф. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ақпараттарды ұсыну
29. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары құқықтық статистикалық ақпаратты "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы:
1) "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13343 болып тіркелген) ашық деректер интернет-порталында орналастыру;
Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің қағидалары мен форматы "Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу Өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген) бекітілген.
2) адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтаманы электрондық сұрау салу бойынша жіберу.
Электрондық сұрау салуды ЭЦҚ-мен қол қойылған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты оның келісімі болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда жібере алады.
Мәліметтер сұратылып жатырған адамның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.
Электрондық сұрау салудың негізінде адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы туралы анықтама осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда оны жіберген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде беріледі.
ЭЦҚ қолдану арқылы АЕА ААЖ-ның көмегімен қалыптастырылған тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады.
3) электрондық сұрау салу негізінде үшінші тұлғалармен анықтаманы жіберу.
Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда орындалады.
Анықтама сұратылып отырған адамның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.
Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған жағдайда анықтаманы жіберген уақыттан бастап 10 (он) минут ішінде беріледі, қосымша тексеріс қажет жағдайдарда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе осы Нұсқаулықтың 15-тармағымен көзделген ретте жауап береді.
Уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады.
5-параграф. Құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинақтарын жіберу
30. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен құқықтық статистикалық ақпараттың электронды жинақтары (бұдан әрі – жинақ) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдарға жолданады.
31. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тоқсан сайын есепті мерзімінен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта:
1) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдарының және соттар қызметінің нәтижелері туралы;
2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы;
3) есірткі заттардың, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасында оны қолданатын адамдар туралы;
4) Қазақстан Республикасының соттарының жұмысы туралы;
5) Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалау жағдайы туралы жинақтарды жолдайды.
32. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жартыжылдық және жылдың қорытындысы бойынша есептілік мерзімінен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы жинақты жолдайды.
33. Егер мерзімінің соңы жұмыс істемейтін күнге (демалыс, мереке күндеріне) келген жағдайда, онда мерзімнің соңғы күні осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні болып саналады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 1-қосымшасы |
|
нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости _______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________________________________________________ (туған жылы /дата рождения) _______________________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)
20___ жылғы "___"_________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на "__" ________ 20__ года судимости не имеет / имеет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! |
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".
штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью начальника Управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 2-қосымшасы |
|
нысан |
Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости ______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ______________________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) _______________________________________________________________________________ (туған жері / место рождения) 20__ жылғы "__" ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар. По состоянию на "__" _________ 20_____года судимости не имеет / имеет. Осы анықтама шетелге шығу үшін беріледі. Настоящая справка выдается для выезда за рубеж.
Басқарма бастығы _________________________________________________________
Начальник управления_____________________________________________________
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! |
(форматтың мөлшері А 4)
(размер формата А 4)
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 3-қосымшасы |
|
нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о совершении лицом административного правонарушения ________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) _______________________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)
20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер жоқ (әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы төмендегідей мәліметтер бар:) по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о привлечении к административной ответственности не имеется (имеются следующие сведения о привлечении к административной ответственности:)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! |
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".
штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью начальника Управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 4-қосымшасы |
Құқықтық статистикалық ақпараттардың электронды жинақтары тізбесі
Құқықтық статистикалық ақпараттар жинақтарының атауы | Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) Бас прокуратурасы | ҚР Президентінің Әкімшілігі | ҚР Конституциялық Кеңесі | ҚР Парламентінің Сенаты | |||||||
Басшылық | Бас Прокурордың Аппараты | Қызметтер (Департамент) | Құқық қорғау органдары академиясы | Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет | |||||||
қылмыстық қудалау | заңды күшіне енген үкімдердің ззаңдылығын және олардың орындалуын қадағалау | қоғамдық мүдделерді қорғау | арнайы прокурорлар | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық және құқық қорғау және сот органдары қызметінің нәтижелері туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 |
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 | |
Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және оны қолданатын адамдар туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 5 | 1 | 1 | ||||
Қазақстан Республикасының соттарының жұмысы туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 | |
Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 | ||
Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы | 7 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 |
кестенің жалғасы
ҚР Парламентінің Мәжілісі | ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі | ҚР Қауіпсіздік Кеңесі | ҚР Жоғарғы Соты | ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті | ҚР Ішкі істер министрлігі | ҚР Әділет министрлігі | ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) | ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті | ҚР Қорғаныс министрлігі | ҚР Мемлекеттік күзет қызметі |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||||
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |||
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Казақстан Республикасы | |
Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған);
2) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 154 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 16148 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 қаңтарда жарияланған);
3) "Құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 25 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 18554 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 29 сәуірде жарияланған).