Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.05.2020 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1-1. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.05.2020 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 қаулысына 1-қосымша |
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.05.2020 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 100 355 | 1 003 550 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 14 322 | 286 440 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 2 600 | 260 000 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 3 392 | 508 800 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 225 000 | 1 000 | 225 000 | |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 1 500 000 | 300 000 |
Барлық сомасы | 2 583 790 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 700 000 | 14 000 |
1.2 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 | 1 000 000 | 10 000 | |
1.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 100 000 | 1 000 | |
Барлық сомасы | 25 000 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 60 | 1 000 000 | 60 000 |
Барлық сомасы | 60 000 | ||||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 227 100 | 13 626 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,2 | 35136364 | 77 300 |
Барлық сомасы | 90 926 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 1 240 | 9 920 |
2. | Қозы өткізу құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 5 000 | 15 000 |
Барлық сомасы | 24 920 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 50 | 5 000 |
Барлық сомасы | 5 000 | ||||
Барлығы | 2 789 636 | ||||
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 қаулысына 2-қосымша |
Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.05.2020 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 41 650 | 416 500 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 11 175 | 223 500 | |
2. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 2 000 | 300 000 |
Барлық сомасы | 940 000 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 60 | 1 000 000 | 60 000 |
Барлық сомасы | 60 000 | ||||
Барлығы | 1 000 000 | ||||
| 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5628 тіркелген, 2019 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №153 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5743 тіркелген, 2019 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қазандағы №274 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5842 тіркелген, 2019 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №336 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5902 тіркелген, 2019 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.