Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
| 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 100 350 | 1 003 500 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 14 322 | 286 440 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 700 | 70 000 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 2 969 | 445 350 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 225 000 | 2 000 | 450 000 | |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 1 500 000 | 300 000 |
Барлық сомасы | 2 555 290 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
1.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 190 | 28 500 |
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 700 000 | 14 000 |
1.2 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 | 1 000 000 | 10 000 | |
1.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 100 000 | 1 000 | |
Барлық сомасы | 53 500 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 60 | 1 000 000 | 60 000 |
Барлық сомасы | 60 000 | ||||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 227 100 | 13 626 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,2 | 35 136 364 | 77 300 |
Барлық сомасы | 90 926 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 1 240 | 9 920 |
2. | Қозы өткізу құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 5 000 | 15 000 |
Барлық сомасы | 24 920 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 50 | 5 000 |
Барлық сомасы | 5 000 | ||||
Барлығы | 2 789 636 | ||||
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
| 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5628 тіркелген, 2019 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №153 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5743 тіркелген, 2019 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қазандағы №274 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5842 тіркелген, 2019 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №336 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5902 тіркелген, 2019 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.