Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 7964 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (ары қарай - Салық кодексі) кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы №49/3-VI "Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7904 нөмірімен тіркелген) сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиісті қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген Риддер қаласының елді мекендердің жеріне арналған Салық кодексінің 504-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1) Риддер қаласының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;

      5 аймақ бойынша – базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;

      2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:

      1 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:

      1 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:

      1 аймақ бойынша – 40 % арттырылсын.

      Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.

      2. Риддер қаласының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық мөлшерлемесі Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1) Риддер қаласының жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған:

      1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;

      5 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      7 және 8 аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;

      2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда):

      1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда):

      1 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда):

      1 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда):

      1 аймақ бойынша – 40 % арттырылсын.

      Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.

      3. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне арналған Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1) Риддер қаласының жеріне арналған:

      3 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын.

      4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Стребков
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

  2020 жылғы 30 қарашасы
№ 49/5-VI шешіміне
қосымша

Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-4-106 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).

      2. Риддер қалалық мәслихатының "Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-VI "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/9-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4087 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйектегі "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).

      3. Риддер қалалық мәслихатының "Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-VI "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/15-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5559 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 29 наурыздағы "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).