"Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/15-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 5559 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 30.11.2020 № 49/5-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-106 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Климов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко