Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 наурызда № 5475 болып тiркелдi

Жаңартылған

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 05-01-04/984 ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Түркістан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 182 "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4176 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылдың 8 тамызында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"______ №____қаулысына

  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы "12" наурыздағы № 57
қаулысына қосымша

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.04.2022 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қала, аудан атауы

карантиндік обьектілер атауы

зиянкестер

аурулар

арамшөптер

шығыс жеміс жемірі, гектар

калифорниялық қалқаншалы сымыр, гектар

оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, гектар

қауын шыбыны, гектар

жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, гектар

қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы, гектар

қызанақтың сақиналы теңбілдігі неповирусы, гектар

жатаған у кекіре, гектар

арам сояулар, гектар

1

Арыс қаласы




727




669

50

2

Кентау қаласы




177




0,31

0,44

3

Бәйдібек ауданы








153,96

5

4

Қазығұрт ауданы








324,75

71,92

5

Жетісай ауданы




721





5

6

Мақтаарал ауданы




1191,44



3


2,65

7

Ордабасы ауданы



2





300

25,7

8

Отырар ауданы




489




40

6,03

9

Сайрам ауданы





2,8




10,03

10

Сарыағаш ауданы



14,39



3


228,7

34,6

11

Сауран ауданы



1,63

12





0,4

12

Созақ ауданы








192


13

Келес ауданы



2,88

36




35

42,373

14

Төлеби ауданы

48

23

5


1



36,68

102,25

15

Түлкібас ауданы








105

5,5

16

Шардара ауданы




322




1920

110


Жиыны:

48

23

25,9

3675,44

3,8

3

3

4005,4

471,893