Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 наурызда № 5475 болып тiркелдi

Қолданыстағы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 05-01-04/984 ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Түркістан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 182 "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4176 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылдың 8 тамызында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"______ №____қаулысына

  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы "12" наурыздағы № 57
қаулысына қосымша

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ

Аудан, қала атауы

Карантинді обьектілер атауы

Зиянкестерге

Аурулар

Арамшөптер

Шығыс жеміс жемірі, га

Калифорния қалқанша сымыры, га

Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі, га

Қауын шыбыны, га

Жемісті ағаштардың бактериялды күйігі, га

Жатаған у кекіре, га

Арамсояу, га

1

Арыс

-

-

-

464

-

669

50

2

Түркістан

-

-

-

-

-

-

-

3

Кентау

-

-

-

159

-

0,25

-

4

Бәйдібек

-

-

-

-

-

59,48

1

5

Қазығұрт

-

-

-

-

-

215,14

36,04

6

Жетісай



-

357

-

-

0,4

7

Мақтаарал

-

-

-

443

-

-

0,4

8

Ордабасы

-

-

2

-

-

300

20

9

Отырар

-

-

-

150

-

40

4,67

10

Сайрам

-

-

-

-

2,8

-

10

11

Сарыағаш

-

-

7,54

-

-

228,7

34,08

12

Созақ

-

-

-

-

-

54

-

13

Келес

-

-

0,68

36

-

34,5

38,023

14

Төлеби

58

5

5

-

1

2,48

71

15

Түлкібас

50

-

-

-

-

89

2

16

Шардара

-

-

-

142


1920

30


Жиыны:

108

5

15,22

1751

3,8

3612,55

297,613