“Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және “Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары бекiтiлсiн.
2. “Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекiту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 55-1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7394 нөмірмен тіркелген, 2020 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазаны № 64-2 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары
1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi - қағидалар) “Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) арнайы комиссия - өмiрде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Жалағаш ауданы әкімінің шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) атаулы күндер - жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – “Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетi Қызылорда облысының Статистика департаментi” республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
5) жергiлiктi атқарушы орган (бұдан әрi - ЖАО) - Жалағаш ауданының әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде Жалағаш ауданының аумағында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
6) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
7) облыстық ЖИТС орталығы – “Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “ЖИТС-ың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
9) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
10) уәкiлеттi орган – “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi” коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
11) уәкiлеттi ұйым – “Азаматтарға арналған үкiмет” мемлекеттiк корпорациясы” коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының “Халыққа қызмет көрсету бойынша Жалағаш аудандық бөлімі”;
12) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;
13) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. “Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы” 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және “Ардагерлер туралы” 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек өтінішті беру сәтінде өткен тоқсан үшін ұсынылған табыстар туралы мәліметтер негізінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептелінеді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Мереке күндер тізбесі, әлеуметтік көмек алушылардың санаттары және әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшерлері
8. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш.
2) 26 сәуір - Халықаралық радиациялық апаттар мен аварияларда қаза болғандарды еске алу күні:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдар - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарына байланысты болған азаматтардың отбасылары – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
2-1) Чернобыль атом электр станциясының жабылуына 35 жыл толуына орай:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқандар мен мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек.
3) 9 мамыр - Жеңіс Күні:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне - 1 000 000,0 теңге (бір миллион теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 1 000 000,0 теңге (бір миллион теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 30 (отыз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде бір жолғы төлем;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, “Ленинградты қорғағаны үшін” медалімен немесе “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) - 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем.
4) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, “Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар - 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш.
5) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі ядролық сынақтарға байланысты қайтыс болған азматтардың отбасылары - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 14.04.2021 № 5-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшерлері
9. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);
2) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Жалағаш аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын отбасылар (азаматтар);
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған және туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы адамдар;
4) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалар;
5) облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалар;
6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан және өңірге қажетті мамандықтар бойынша күндiзгi оқу нысанында жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер, медициналық резидентураның тыңдаушылары жатады.
10. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:
отбасының қайтыс болған әр мүшесіне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
оның мүлкіне зиян келген жағдайда 150 (бір жүз елу) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төленеді.
11. Әлеуметтік көмек, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Жалағаш аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
12. Әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалады, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған және туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы адамдарға төленеді.
13. Әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалады, ай сайын 7,6 (жеті бүтін оннан алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне төленеді.
14. Әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалады, ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде, облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне төленеді.
15. Әлеуметтік көмек өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында және медициналық резидентурада күндiзгi оқу нысанында оқитын халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан:
1) “Қызылорда облысының білім басқармасының “Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түлектеріне;
2) мүгедек балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де зейнеткер болып табылатын балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балаларға, асыраушысынан айрылған балаларға, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жайдайда;
3) аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда жыл сайын тағайындалады және жылына бір рет төленеді.
Әлеуметтік көмектің мөлшері:
орта білім беру ұйымдарынан және колледжден кейін жоғары оқу орындарында "Бакалавр" академиялық дәрежесінде оқитын студенттерге - 392 (үш жүз тоқсан екі) айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
медициналық резидентураның тыңдаушыларына - 530 (бес жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес.
Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органға тиісті жылдың 20 тамызына дейін ұсынылады.
Әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін уәкілетті орган әлеуметтік көмек алушымен білім беру қызметтерін көрсетуге екі жақты шарт жасасады.
Ақшалай төлем түскеннен кейін әлеуметтік көмек алушы бес жұмыс күні ішінде оқу ақысын төлейді және уәкілетті органға төлем туралы түбіртекті ұсынады.
Келесi оқу жылдары үшін әлеуметтiк көмек тиiстi оқу жылының басында төленедi.
Әлеуметтік көмек алушы оқуға жүйелі түрде қатыспағаны немесе үлгерімі нашар болғаны үшін жоғары оқу орнынан шығарылған жағдайда, оқуға төленген соманы өндіріп алу жергілікті бюджетке ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәртіппен жүргізіледі.
4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
16. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
17. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
18. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 1, 2 -қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
26. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшіннегіздемелер
28. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруғакеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
29. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
6. Әлеуметтiк көмектi төлеу және қаржыландыру
30. Әлеуметтiк көмек екiншi деңгейдегi банктердегi және банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы алушылардың жеке шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргiзiледi.
31. Әлеуметтiк көмек тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгерiсiн ескере отырып төленедi.
32. Әлеуметтiк көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
7. Қорытынды ереже
33. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган “Е-собес” автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына | |
1-қосымша |
Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20 жылғы " " _______________
____________________________________________________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________ ________________________________________________________________________________
2. Тұратын мекен жайы ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _______________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с№ | Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірдегі қиын жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
______________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
______________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ____________________________________________________
Комиссия мүшелері: ___________________________________________________
___________________________ __________________________________________
___________________________ __________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына | |
2-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________