Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 4888 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Большебеков
      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Н. Тлепов

  Байзақ аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 77-11 шешіміне 1 қосымша

Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көмек Байзақ ауданының аумағында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне (бұдан әрі – Жиынтық табысын есептеу ережесі) сәйкес белгіленген айына отбасының әр мүшесіне келетін отбасының жиынтық табысының үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірдегі қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай – ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2–тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек беріледі:

      1) 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      1-1) Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      1-2) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      1-3) 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде.

      2) 26 сәуірде – Чернобыль атом электростанциясындағы апат болған күн:

      2-1) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      2-2) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қазатапқан адамдардың отбасына жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде.

      3) 9 мамырға – Жеңіс күні:

      3-1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-2) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарындағы жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне)жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-6) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-7) Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-8) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;

      3-9) Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде.

      4) 29 тамызға – Семей полигонының жабылған күні:

      4-1) азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға жылына бір рет, облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде.

      9. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік мөлшерінен аспайтын өтініш берген азаматтарға:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) әлеуметтік мәні бар қатерлі ісік ауруына шалдыққан азаматтарға дәрі-дәрмек құралдарын сатып-алуға және медициналық қызметтерді жедел алу үшін 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі;

      1-2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған сәттен бастап мұқтаж азаматтар үш ай ішінде өтініш береді;

      1-3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне (жеке тұрғын үйіне) зиян келтірілген жағдайда 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш шегіне дейін көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне (жеке тұрғын үйіне) зиян келтірілген сәттен бастап мұқтаж азаматтар алты ай ішінде өтініш береді;

      2) мерзімді әлеуметтік көмек:

      2-1) әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға, күнтізбелік бір жыл ішінде амбулаториялық жағдайда ем жалғастыру мерзіміне 1 (бір) күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек жүгінгін айдан бастап көмек алу құқығы туындағаннан кейін тағайындалады;

      2-2) АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға күнтізбелік бір жыл ішінде (ай сайын, 12 ай бойында) ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап көмек алу құқығы туындағаннан кейін тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.

      10. Өтініші бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда 29 (жиырма тоғыз) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.

      12. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/ немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Өмірдегі қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Байзақ ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Байзақ аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 77-11 шешіміне 2 қосымша

Байзақ аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3572 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2017 жылдың 17 қарашада жарияланған);

      2. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 ақпандағы №41-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4097 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2019 жылдың 15 ақпанда жарияланған);

      3. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы №48-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4265 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2019 жылдың 27 маусымда жарияланған);

      4. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 сәуір №65-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4597 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2020 жылдың 4 мамырда жарияланған);

      5. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №71-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4747 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2020 жылдың 25 қыркүйекте жарияланған).