"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/508-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш берілген кезде осы Тәртіптің 4 және 5-тармақтарының талаптары сақталмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі жіберілген кемшіліктерді жоюды түсіндіре отырып, ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен сәтінен бастап есептеледі.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармағымен толықтырылсын:
"7-1. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, өтініш иесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған органға немесе сот органдарына жүгінуге құқылы.";
19-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өткізу тәртібі бұзылса, осы Тәртіптің 11, 13 және 14-тармақтарының талаптары сақталмаса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда.".
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы | |
| мәслихаты сессиясының төрағасы | Р. Бектурганов |
| Шымкент қаласы | |
| мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |