Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 485 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шілдеде № 7298 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      9-1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, уәкілетті органың әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз басты, жалғыз тұратын қарт азаматтарға;";

      12 тармақтың 1) тармақшасында "500 000 (бес жүз мың)" деген сандары мен сөздерді "1 000 000 (бір миллион)" деген сандармен сөздерге ауыстырылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      Ж. Нуримов
      Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы
      Д. Мулдашев