Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 08.08.2024 № 212 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
9-1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, уәкілетті органың әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз басты, жалғыз тұратын қарт азаматтарға;";
12 тармақтың 1) тармақшасында "500 000 (бес жүз мың)" деген сандары мен сөздерді "1 000 000 (бір миллион)" деген сандармен сөздерге ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Нуримов |
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мулдашев |