"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 45 000 | 450 000 |
1.2 | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 24 000 | 480 000 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 700 | 70 000 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 2 000 | 300 000 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | сатып алынған бас | 2 000 | 450 000 |
Барлығы | 1 750 000 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
1.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 | 22 500 |
1.2 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | сатып алынған бас | 300 | 67 500 |
2. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
2.1 | бір жынысты | сатып алынған доза | 1 500 | 15 000 |
2.2 | қос жынысты | сатып алынған доза | 4 500 | 22 500 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 1 000 | 5 000 |
Барлығы | 132 500 | |||
Жиыны | 1 882 500 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 1 000 000 | 200 000 |
Барлығы | 200 000 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 18 000 000 | 630 000 |
1.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 7 000 000 | 140 000 |
1.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 6 000 000 | 60 000 |
1.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 4 000 000 | 40 000 |
Барлығы | 870 000 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 211 662,5 | 1 616 933 |
1.2 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 500 000 | 25 000 |
Барлығы | 1 641 933 | |||
Жиыны | 2 711 933 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысына 3-қосымша |
Күші жойылды деп танылған Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі
1. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/431 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № А-12/644 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7598 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).