Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 04.02.2020 № А-2/47 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/431 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 32 000 | 320 000 |
1.2 | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 15 194 | 303 880 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 250 | 25 000 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 878 | 131 700 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | сатып алынған бас | 2 940 | 661 500 |
Барлығы | 1 442 080 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
1.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 46 | 6 900 |
1.2 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | сатып алынған бас | 141 | 31 725 |
2. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 4 500 | 22 500 |
Барлығы | 61 125 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 66 870 | 40 122 |
Барлығы | 40 122 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 100 | 14 000 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 100 | 4 000 |
Барлығы | 18 000 | |||
Жиыны | 1 561 327 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/431 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 933 794 | 186 758,8 |
2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағы, килограмм | 645 504 | 129 100,8 |
Барлығы | 315 859,6 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 4 537 907,143 | 158 826,75 |
1.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 1 646 821,1 | 32 936,422 |
1.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 724 601,2 | 7 246,012 |
1.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 600 000 | 6 000 |
Барлығы | 205 009,184 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 227 000 | 13 620 |
Барлығы | 13 620 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 5 721 178,575 | 457 694,286 |
1.2 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 331 803,96 | 16 590,198 |
Барлығы | 474 284,484 | |||
Жиыны | 1 008 773,268 |