"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 633 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
2) "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтарда "Астана ақшамы" газетінде, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Көлгінов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылдың 6 қазанындағы № 508-2075 қаулысымен бекітілді |
Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Ескерту. Тізім жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 07.12.2021 № 508-4393 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Көпес И.С. Силиннің үйі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 35 |
2. | Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй, 1914 жыл | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров көшесі, № 57 |
3. |
Теміржолшылар сарайы, | Қала құрылысы және сәулет | І. Есенберлин көшесі, № 10 |
4. |
1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал ғимараты және вокзал маңындағы алаң, | Қала құрылысы және сәулет | 310-дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң |
5. | Сәкен Сейфуллин ескерткіші, 1972 жыл | Монументтік өнер құрылыстары | Жеңіс даңғылы, № 62 |
6. | Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіші, 1995 жыл | Монументтік өнер құрылыстары |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы, |
7. | Константин және Елена шіркеуі, 1854-1900 жылдар | Қала құрылысы және сәулет | Республика даңғылы, № 12 |
8. | Қалалық басқарма ғимараты, ХІХ ғасырдың соңы | Қала құрылысы және сәулет | Желтоқсан көшесі, № 11 |
9. | Гимназия, ХІХ ғасырдың соңы | Қала құрылысы және сәулет | Желтоқсан көшесі, № 13 |
10. | Көпес Д.В. Егоровтың үйі ХІХ-ХХ ғасырдың басы | Қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов көшесі, № 5а |
11. |
Көпес үйі, | Қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов көшесі, № 20 |
12. | Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі, ХХ ғасырдың басы | Қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов көшесі, № 20а |
13. | Жасыл мешіттің дуалы, 1895 жыл | Қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 83 |
14. | Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы, 1880 жыл | Қала құрылысы және сәулет | Ә. Жангелдин көшесі, № 40 |
15. | Көпес В.М. Кубриннің үйі және жапсаржайы, 1910 жыл | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 41 |
16. |
Көпес М.К. Кубриннің сауда үйі, | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 37 |
17. | П.Г. Моисеевтің үйі, 1914 жыл | Қала құрылысы және сәулет | Ә. Мәмбетов көшесі, № 40 |
18. |
"Октябрь" кинотеатрының ғимараты, | Қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 29 |
19. |
Пионерлер үйі, ХХ ғасырдың | Қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік көшесі, № 6 |
20. | "Есіл" қонақ үйінің ғимараты, 1958-1960 жылдар | Қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік көшесі, № 8 |
21. |
Астана қаласы әкімдігінің бұрынғы ғимараты, | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров көшесі, № 60 |
22. |
Мемлекеттік Қауіпсіздік | Қала құрылысы және сәулет | Т. Бигелдинов көшесі, № 74/1 |
23. | Мұсылман жастарына арналған Б. Қосшығұловтың мектебі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы | Қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 24 |
24. |
"Астана-Бәйтерек" | Монументтік өнер құрылыстары |
Нұржол бульвары, |
25. | Кенесары хан ескерткіші, 2001 жыл | Монументтік өнер құрылыстары | Есіл өзенінің жағалауы |
26. | А.С. Пушкин ескерткіші, 1999 жыл | Монументтік өнер құрылыстары | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы |
27. | С. Сейфуллин ескерткіші, 1994 жыл | Монументтік өнер құрылыстары | С. Сейфуллин және М. Әуезов көшелерінің қиылысы |
28. |
"Астана" мүсіні, | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Тәшенов көшесіндегі шағынгүлбақ |
29. | Метеостанция ғимараты, 1914-1916 жылдар | Қала құрылысы және сәулет | Жамбыл көшесі, № 11 |
30. |
"Космос" және "Баспа" | Қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік көшесі, № 25 |
31. |
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені, | Ансамбльдер мен кешендер | Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы |
32. | "Қараөткел" мұсылман зираты, 1609-1962 жылдар | Киелі объектілер |
"Жастар" |
33. | Бозоқ ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | Археология | Бұзықты көлінің шығыс жағалауы |
34. | Қозыкөш І қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
35. | Қозыкөш ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
36. | Қозыкөш ІІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
37. | Қозыкөш ІV қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
38. | Қозыкөш V қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
39. | Көктал жалғыз қорғаны, ерте темір ғасыры, б.ғ.д. VII-ІІI ғасырлар | Археология | қаланың солтүстік бөлігі, Көктал тұрғын алабынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде |
40. |
Бұрынғы мұсылман мектебінің екінші ғимараты, |
Қала құрылысы | Отырар көшесі, № 1/2 |
41. |
"Әбу Насыр әл-Фараби" мешіті, | Киелі объектілер |
Тәуелсіздік даңғылы, |
42. |
"Нұр-Астана" мешіті, | Киелі объектілер | Қабанбай батыр даңғылы, № 36 |