Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 21802 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      "____"________________2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-270/2020
Бұйрығына 1-қосымша

Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және өңірлер мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық саясат – білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша тәжірибеге бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесі;

      2) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші (бұдан әрі – Ұлттық үйлестіруші) - үйлестірушіні уәкілетті орган айқындайды және денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесі (бұдан әрі – ДСКРҰЕЖ) жүргізу үшін жауапты;

      3) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесі (кәсіптік тіркелім) - дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында тіркеу, есепке алу, көші-қон, кету, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік дамыту үшін база;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;

      6) резидентура базасы – Кодекстің 8-бабының 9-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген тәртіппен резидентура бағдарламаларын іске асыру үшін клиникалық база ретінде аккредиттелген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе денсаулық сақтау ұйымының клиникалық базасы.

      3. Клиникалық мамандықтар бөлінісінде қалыптастырылған резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары мен ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) арасында орналастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға, оның ішінде нысаналы даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі

      5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған өтінімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары, республикалық медициналық ұйымдар, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдары (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) Ұлттық үйлестірушіге белгіленген нысан бойынша жыл сайын 1 наурызға дейін береді.

      Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға өтінімдерді қалыптастыру кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) моноқалалардағы, ауылдық елді мекендердегі және жаңадан салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріндегі медициналық ұйымдардың қажеттіліктерін ескере отырып деректерді қалыптастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тапсырыс берушілерден резидентурада медициналық кадрларды даярлауға алынған өтінімдер негізінде Ұлттық үйлестіруші жыл сайын 20 наурызға дейін қаржыландыру көзін көрсете отырып, өңірлер, елді мекен (қала, моноқала/ауыл) санаттары, клиникалық мамандықтар бөлінісінде уәкілетті органға және ЖАО-ға медициналық кадрлардағы жалпы және болжамды қажеттілікті қалыптастырады және жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін уәкілетті орган жыл сайын 10 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2021 № ҚР-ДСМ-70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Конкурсты өткізу үшін Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жыл сайын құрылады, оның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар, азаматтық қоғам институты, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, салалық қауымдастық, денсаулық сақтау саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметкерлері қатарынан қалыптасады.

      Комиссия мүшелері арасынан көпшілік дауыспен комиссия төрағасы сайланады. Комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болып табылады.

      9. Комиссияның отырыстары төраға бекіткен жоспар бойынша өткізіледі және оған мүшелердің жалпы санынан кемінде екіден үш бөлігі қатысатын болса, жарамды деп есептеледі.

      10. Отырыс материалдарын Ұлттық үйлестіруші дайындайды.

      11. Комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және төраға қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді. Комиссия жұмысы кезінде аудио және (немесе) бейне жазба жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымдары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары уәкілетті органға растайтын мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінім береді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық карта;

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсыныстары.

      5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта.

      Білім беру ұйымдары ұсынған конкурстық өтінімге даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия қосымша растайтын құжаттарды сұратады.

      Растайтын және қосымша құжаттар үш күн мерзімде ұсынылмаған жағдайда Комиссия білім беру ұйымының өтінімін қабылдамайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, білім беру ұйымының бірінші басшысы оған қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Білім беру ұйымдары ұсынған мәліметтер Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректерімен сәйкестік мәніне салыстырылады.

      14. Конкурстық өтінім уәкілетті орган айқындайтын Ұлттық үйлестірушіге конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2021 № ҚР-ДСМ-70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комиссия конкурстық өтінімдерді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 20 күннің ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестік дәрежесін айқындайды және осы Қағидаларға6-қосымшаға сәйкес оларға бағалау жүргізеді. Өтінімдерді қарау кезінде, көзбе-көз қарау жағдайында аудио-бейнетүсірілім жүргізіледі, сырттай қарау жағдайында Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      16. Білім беру ұйымдарын, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарын айқындау және резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бойынша соңғы 3 жылда білім алушылар контингентінің болуы;

      2) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету;

      3) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу;

      4) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін ғылыми-білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      5) резидентураның аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      6) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы;

      8) түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері;

      9) білім беру ұйымдарының халықаралық және (немесе) ұлттық рейтингтеріне қатысу;

      10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткізетін рейтингке қатысу.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Комиссия бағалау негізінде мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыс санын көрсете отырып, конкурс шарттары бойынша резидентурада кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын резидентура бағдарламасын аяқтау бойынша кейіннен жұмысқа орналасу үшін тапсырыс берушілерді, білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының тізбесін көрсете отырып, резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша уәкілетті органның бұйрығымен медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және уәкілетті органның Интернет-ресурстарында жарияланады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2021 № ҚР-ДСМ-70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Резидентурада медицина
кадрларын даярлауға
арналған мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

20___ / 20 ___ оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мамандықтың атауы

Орын саны

Негіздеме

Республикалық бюджет

Жергілікті атқарушы органның бюджеті

1

2

3

4

5

6













Жиыны:





      Ұйым басшысы ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      басшының қолы

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Медицина кадрларын
резидентурада даярлауға
арналған мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Білім беру ұйымының өтінім нысаны (бланкіде толтырылады)

      ___________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (резидентура мамандығының атауы)

      резидентурасының клиникалық мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ______ парақ.

      Ұйым басшысы _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ______________________

      басшының қолы     

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Медицина кадрларын
резидентурада даярлауға
арналған мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына 3-қосымша

Білім беру ұйымының сауалнамасы

Білім беру ұйымының толық атауы


Білім беру ұйымының құрылған жылы


Білім беру ұйымының құрылтайшысы


Білім беру ұйымының заңды мекенжайы


Білім беру ұйымының нақты мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы


Білім беру ұйымының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Конкурсқа қатысуға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы, байланыс деректері


      Ұйым басшысы _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ______________________

      басшының қолы     

      М.О.

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Резидентурада
медицина кадрларын
даярлауға арналған
мемлекеттік тапсырысты
орналастыру қағидаларына
4-қосымша

Білім беру ұйымының ақпараттық картасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

(білім беру ұйымының атауы) _______________________________________________________________________________ (резидентура мамандығының атауы)

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1. Жалпы мәліметтер

1.1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу


1.2

Білім беру ұйымының халықаралық және (немесе) ұлттық рейтингі (орны, рейтинг атауы)


1.3

Білім беру порталының болуы


1.4

Әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жетімділік


2. Резидентураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер

2.1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша


2.2.

Халықаралық және (немесе) ұлттық мамандандырылған аккредиттеу


2.3

Түлектердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан түлектердің %-ы


2.4

Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан табысты өткен резидентура түлектерінің үлесі


2.5

Соңғы 3 жылдағы білім алушылар контингенті


2.6

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы


3. Кадрлық қамтамасыз ету және педагог жұмыскерлердің біліктілік деңгейі

3.1

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


3.2

және (немесе) оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (саны)


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын

      Ұйым басшысы _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________

      басшының қолы

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Медицина кадрларын
резидентурада даярлауға
арналған мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына 5-қосымша

___________ жылына медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

Мамандықтың атауы

Орын саны







      Ұйым басшысы ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ______________________

      басшының қолы     

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Резидентурада медицина
кадрларын даярлауға арналған
мемлекеттік тапсырысты
орналастыру қағидаларына
6-қосымша

Аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта

      Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мәлімделген резидентура мамандығының атауы

Резидентура базасының атауы

* Медициналық ұйымдардың аккредитациясының болуы
(аккредитация нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі)

* Медициналық қызметке лицензия және лицензияға қосымшаның болуы
(лицензия нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі)

Емханадағы бөлімшенің атауы

Төсек саны

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1 – бабы 1-тармағының 240) тармақшасына сәйкес келетін бөлімше тәлімгерлерінің саны

1
















      * Ескертпе: растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беру.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-270/2020
Бұйрыққа 2-қосымша

Медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Резидентураға түсуші тұлғаларды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Резидентураға қабылдау жоспарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша айқындайды.

      Резидентураға қабылдау жоспарына сәйкес уәкілетті орган мен білім және ғылым ұйымдары арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша келісімдер жасалады.

      4. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдары және ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) уәкілетті орган белгілеген резидентураға қабылдау жоспарына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.

2-тарау. Медицина кадрларын резидентураға оқуға қабылдау тәртібі

      5. Білім беру ұйымдарының резидентурасына қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады, оның рәсімін білім беру ұйымдары бекітеді және дербес жүргізеді.

      Шетелдіктерді резидентураға қабылдау ақылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      6. Шетелдік азаматтарды ақылы негізде білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде білім беру ұйымының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) бекітілген білім туралы құжаттарды тану қағидаларына, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы мен функциялары білім беру ұйымы басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Қабылдау комиссиясы мыналарды жүзеге асырады:

      1) оқуға түсушілерге резидентураның білім беру бағдарламаларының таңдалған тобы мәселелері бойынша кеңес беру, түсу емтиханының рәсімімен таныстыру;

      2) оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;

      3) мамандықтар бойынша түсу емтиханын өткізуді ұйымдастыру.

      9. Білім беру ұйымының резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылауды білім беру ұйымының қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүргізеді.

      Қабылдау – күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін.

      10. Білім беру ұйымдары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 43-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес қабылдау тәртібін, нысанын, емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, оқуға түсушілер үшін 75 балдан төмен емес өту балын айқындайды.

      11. Резидентураға "дәрігер" біліктілігін көрсететін құжаты бар тұлғалар қабылданады.

      12. Резидентураға түсуші тұлғалар резидентура бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тапсырыс берушіні міндетті түрде көрсете отырып, конкурсқа қатысу үшін ұйым басшысының атына жазылған өтініш;

      2) жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына берген кезде), "дәрігер" біліктілігі берілген көшірме (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде). Шетелде медициналық білім алған тұлғалар өздерінің білімін тану туралы және (немесе) "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;

      3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

      4) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);

      5) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

      6) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      7) 3x4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

      8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Резидентураға түсуші тұлғалар мамандық бейіні бойынша түсу емтиханын тапсырады.

      Резидентураға түсу емтихандары 8-16 тамыз аралығында өткізіледі.

      Резидентура мамандығының бейіні бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары дербес жүргізеді. Оқуға түсуші оқуға түсетін білім беру ұйымдарында мамандығы бойынша түсу емтиханын тапсырады.

      Әрбір ұйым түсу емтиханын өткізу нысанын дербес белгілейді.

      Резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде білім беру ұйымдарында мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      Емтихан комиссиясының құрамына медицина ғылымдарының докторы және (немесе) медицина ғылымдарының кандидаты және (немесе) PhD докторы ғылыми дәрежесі бар оқытушылар, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, мамандығы бойынша жоғары және (немесе) бірінші біліктілік санаты бар практикалық дәрігерлер кіреді.

      14. Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

      15. Апелляциялық комиссиялар түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін әрбір білім беру ұйымында құрылады.

      16. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      17. Апелляциялық комиссия резидентураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      Апелляциялық комиссия мамандықтар бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

      18. Апелляцияға берілетін өтінішті резидентураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Адам апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

      19. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      20. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      21. Резидентураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 баллдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтиханынан ең жоғары балл, бірақ кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

      Оқуға қабылдау туралы өтініш 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тапсырыс берушіні міндетті түрде көрсете отырып, ұйым басшысының атына беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда резидентураға қабылдау кезінде басым құқық дәрігерлік өтілі бар тұлғаға беріледі. Содан соң білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес ғылыми жетістікері:

      1) ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдардағы жарияланымдар;

      2) ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер;

      3) ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар;

      4) ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар және (немесе) дипломдар ескеріледі.

      23. Резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысыналы орындар күнтізбелік жылдың 5 қыркүйегіне дейін мамандықтар бөлінісінде білім беру ұйымдары арасында одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде уәкілетті органдарға қайтарылады.

      Бірінші кезекте тиісті мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша ең жоғары баллдары бар үміткерлері бар білім беру ұйымдарының өтінімдері қанағаттандырылады. Осы мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда қайта бөлу басқа мамандық бойынша жүзеге асырылады. Игерілмеген орындарды қайта бөлу уәкілетті органның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін бекітіледі.

      24. Білім беру ұйымдары резидентураға қабылданғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға күнтізбелік 10 күні ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ бағдарлама аяқталғаннан кейін резидентура түлегі жұмысын өтейтін Тапсырыс берушіні көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Білім беру ұйымдары резидентураға қабылданғаннан кейін республикалық медициналық ұйымдарға, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарға, өзге де мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) 10 күнтізбелік күн ішінде резидентура бағдарламасы аяқталған кезде Тапсырыс берушінің бос жұмыс орындарын жоспарлауы үшін резиденттер санын, оқыту мамандығын және оқыту тілін көрсете отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау туралы ақпаратты ұсынады.

      Тапсырыс беруші ұсынылған деректерге сәйкес тапсырыс берушінің қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік тапсырысты кейіннен міндетті түрде жұмысты өтеуді бекіте отырып, үшжақты шарт (білім беру және ғылыми ұйым, резидент- дәрігер, тапсырыс беруші) жасасады.

      Ескерту. 2-тарау 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Медицина кадрларын
резидентурада оқуға қабылдау
қағидаларына 1 қосымша

________________ оқу жылына арналған резидентураға қабылдау жоспары

Мамандықтың атауы

Орын саны

республикалық бюджет қаражаты есебінен

жергілікті бюджет қаражаты есебінен

білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен*






      Ескертпе* - алдыңғы деңгейді ақылы негізде аяқтаған үміткерлер, сондай-ақ мемлекеттік грантты өтеген адамдар үшін

  Медицина кадрларын
резидентурада оқуға қабылдау
қағидаларына 2 қосымша

________________ оқу жылына арналған резидентураға қабылдау жоспарының келісімі

      ____________________________________________________________

      (білім беру және ғылым ұйымының атауы)

Мамандықтың атауы

Орын саны

республикалық бюджет қаражаты есебінен

жергілікті бюджет қаражаты есебінен

білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен






      Ескертпе* - алдыңғы деңгейді ақылы негізде аяқтаған үміткерлер, сондай-ақ мемлекеттік грантты өтеген адамдар үшін

      Білім беру және ғылым ұйымның басшысы

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Ғылым және адами

      ресурстар департаменті ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Резидентурада медицина
кадрларын оқуға қабылдау
қағидаларына
3-қосымша

Резидентураның білім беру бағдарламасының конкурсына қатысуға өтініш

      Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  ____________________________
(ұйым басшысының тегі, аты-
жөні (бар болған жағдайда)
(ұйымның толық атауы)
____________________________
  (толық тегі, аты-жөні
(бар болған жағдайда)
____________________________
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
азаматтығы
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
____________________________
байланыс деректері
(телефон, электрондық пошта)
____________________________
______________________
____________________________
______________________
____________________________
______________________
____________________________
_______________ бітірген
(ұйымның толық атауы,
бітірген жылы)

ӨТІНІШ

      Мені ____________________________________________________________________

      (керегін жазыңыз: тапсырыс берушіні көрсете отырып, мемлекеттік білім беру

      тапсырысы бойынша / ақылы негізде)

      "________________________________________________________________________"

      (резидентураның білім беру бағдарламасының коды және атауы)

      резидентураның білім беру бағдарламасына

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      түсу үшін түсу емтихандарын тапсыруға және конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Емтихан тапсыру тілі: ____________________

      (керегін жазыңыз: қазақ, орыс, ағылшын).

      * Мен бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентурада оқымағаныма кепілдік беремін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "____" _______________.

      Үміткердің қолы _____________

      * Ескертпе: мемлекеттік білім беру тапсырысына түсушілер үшін ғана қолданылады.

  Резидентурада медицина
кадрларын оқуға қабылдау
қағидаларына
4 қосымша

Резидентураның білім беру бағдарламасына қабылдауға өтініш

      Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  ____________________________
(ұйым басшысының тегі, аты-
жөні (бар болған жағдайда)
____________________________
(ұйымның толық атауы)
____________________________
(толық тегі, аты-жөні
(бар болған жағдайда)
____________________________
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
азаматтығы
_______________________
тұрғылықты мекенжайы
____________________________
____________________________
____________________________
байланыс деректері
(телефон, электрондық пошта)
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
бітірген
(ұйымның толық атауы,
бітірген жылы)

ӨТІНІШ

      Мені _____________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      резиденттер қатарына

      "________________________________________________________________________"

      (резидентураның білім беру бағдарламасының коды және атауы)

      резидентураның білім беру бағдарламасына күндізгі оқу нысанына, қаржыландыру нысаны:

      _________________________________________________________________________,

      (керегін жазыңыз: тапсырыс берушіні көрсете отырып, мемлекеттік білім беру

      тапсырысы (Республикалық бюджет)/ мемлекеттік білім беру тапсырысы

      (жергілікті бюджет) / медициналық ұйымдардың қаражаты есебінен / шарттық негізде)

      оқыту тілі: ____________________

      (керегін жазыңыз: қазақ, орыс, ағылшын) оқуға қабылдауымды сұраймын.

      Топты __________________ тілде толық жинақтамаған жағдайда _____________ тілде оқуға келісемін.

      Мен жатақханаға мұқтажбын, мұқтаж емеспін (керегінің астын сызу керек).

      * Мен бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентурада оқымағаныма кепілдік беремін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "____" _______________

      Үміткердің қолы _____________

      * Ескертпе: мемлекеттік білім беру тапсырысына түсушілер үшін ғана қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-270/2020
Бұйрыққа 3-қосымша

Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада даярлау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Медицина кадрларын резидентурада даярлау тәртібі

      2. Резидентурада кадрларды даярлау Кодекстің 222-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен клиникалық мамандықтар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

      3. Медицина кадрларын резидентурада даярлау мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.

      4. Резидентура бағдарламаларын іске асыруды білім беру ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының аккредиттелген клиникаларында, университеттік ауруханаларда, резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асырады.

      Резидент-дәрігерлерді резидентура базалары бойынша бөлуді білім беру ұйымы резидент-дәрігердің жеке жұмыс жоспарына сәйкес дербес жүзеге асырады.

      Резидент-дәрігерлердің клиникалық практикасы тиісті мамандық бойынша ауылдық, қалалық, облыстық және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы ұзақтығы резидент-дәрігердің жеке жұмыс жоспарына сәйкес резидентураның үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген мерзімдерден кем емес жоспарланады және ұйымдастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Резидентурада білім алатын тұлға кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында формальды білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып, түлектердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дербес әзірлеген қысқартылған білім беру бағдарламаларына және "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) сәйкес бағдарламаны игереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Оқу жүктемесі мен клиникалық жұмыстың мамандықтар бойынша көлемі резидент дәрігердің жеке жұмыс жоспарымен белгіленеді.

      7. Жұмыс оқу жоспарлары резидентура бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, резидент дәрігерлердің жеке жұмыс жоспарларының негізінде әзірленеді және алқалық орган шешімінің негізінде ұйым басшысы бекітеді. Резидент дәрігерінің жеке жұмыс жоспары кафедра отырысында бекітіледі.

      8. Резидент-дәрігер оқу кезінде:

      1) жеке жұмыс жоспарын орындайды;

      2) бағдарламада көзделген аралық аттестаттауды, қорытынды аттестаттауды тапсырады;

      9. Резидент-дәрігерді ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орынға қалған оқу мерзіміне оқуға ауыстыру демалыс кезеңінде білім беру ұйымы басшысының шешімімен жүзеге асырылады.

      Ақылы негізде, сондай-ақ жекелеген ұйымдар үшін бекітілген білім беру тапсырысы бойынша түскен резидент-дәрігерлер басқа ұйымға білім беру ұйымы басшысының шешімімен қалған оқу мерзіміне демалыс кезеңінде ақылы негізде ғана ауысады.

      Ауыстыру рәсімін білім беру ұйымы дербес белгілейді және оның академиялық саясатында көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын резидент дәрігерлерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшерлеріне сәйкес стипендия төленеді.

      11. Резидентурада даярлау теория мен клиникалық практиканың бірігуі негізінде резидент дәрігерлерді медициналық қызмет көрсетуге жеке қатысуға және тәлімгердің қадағалауымен пациенттерге көмек көрсету бойынша жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асырылады. Даярлау процесінде дағдыларды, білім мен тәжірибені игеру шамасына қарай резидент дәрігерінің тәуелсіз жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы қамтамасыз етіледі.

      12. Резидент-дәрігерді оқытудың және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға тартудың мыналар жүзеге асырылады:

      1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының резидентурасы базасында – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, резидентура базасы және резидент-дәрігер арасында жасалатын оқыту туралы шарт;

      2) резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында – ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты және резидент-дәрігер арасында жасалатын оқыту туралы шарт.

      Резидентурада оқыту резидентура базасының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, сондай-ақ ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институтының тең жауапкершілігі жағдайында резидент-дәрігерге жұмыс орнын беруді көздейді.

      Оқу кезеңінде резидент-дәрігерге резидентура базасының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтың, ғылыми-зерттеу институтының еңбек тәртіптеме қағидалары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады.

      Осы тармақтың орындалуын қамтамасыз ету үшін Кодекстің 222-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 1 қыркүйекке дейін резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы шарт жасалады.

      15. Резидент дәрігерлерге академиялық кезеңдер арасында демалыс беріледі. Медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және резидентура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес бітіру курсын қоспағанда, оқу жылы ішіндегі каникулдың ұзақтығы кемінде жеті аптаны құрайды.

      16. Білім беру бағдарламасының сапасын бақылауды білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым - қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысанында жүзеге асырады.

      17. Резидентурада оқуды аяқтаған резидент-дәрігерлеріне резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі.

      18. Резидентура резидент-дәрігерлерін оқудан шығару "Білім туралы" Заңның 41-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.