Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21710 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16119 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 8 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-220/2020
бұйрығына қосымша

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі

      1. Эпидемиялық мәні жоғары өнімдер:

      1) тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе қайта өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері;

      2) балаларға арналған өнімдер (тауарлар): ойындар мен ойыншықтар, төсек-орын жабдықтары, киім, аяқкиім, оқу құралдары, жиһаз, арбалар, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер), балалар ассортименті өнімдерін (тауарларын) дайындауға арналған жасанды полимерлік және синтетикалық материалдар;

      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және сарқынды суларды, жүзу бассейндеріндегі суды тазалау кезінде қолданылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар;

      4) парфюмерлік-косметикалық құралдар, ауыз қуысы гигиенасының құралдары;

      5) иондаушы сәуле шығаратын, оның ішінде генерациялайтын көз болып табылатын өнімдер, бұйымдар, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен өнімдер (тауарлар);

      6) тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдық.

      2. Эпидемиялық мәні болмашы өнімдер:

      1) өндірістік мақсаттағы химиялық және мұнай-химия өнімдері, тұрмыстық химия өнімдері (тауарлары), лак-бояу материалдары;

      2) құрылыста, көлікте қолдануға, сондай-ақ жиһаз бен басқа да үй тұрмысында пайдаланатын заттарды дайындауға арналған полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар; жиһаз; құрамында химиялық талшықтар мен тоқыма қосалқы заттар бар тоқыма тігін және трикотаж материалдары; киім мен аяқкиім дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғары мен тоқыма материалдары;

      3) көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа (ауыз сумен және тамақ өнімдерімен жанасатындарды қоспағанда) өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімдері;

      4) баспа өнімдері: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары;

      5) өндіру процесінде өңделетін (боялатын, сіңдірілетін) табиғи шикізаттан жасалған бұйымдар;

      6) адамның терісімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқкиім;

      7) құрамындағы радиоактивті заттар "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделген гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы);

      8) темекі бұйымдары мен темекі шикізаты;

      9) жеке қорғаныш құралдары;

      10) пестицидтер мен агрохимикаттар;

      11) ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар;

      12) мұздаққа қарсы реагенттер.

      3. Эпидемиялық мәні жоғары объектілер:

      1) балалар сүт асүйлері;

      2) барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту объектілері;

      3) балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері;

      4) ұйымдастырылған ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарындағы, интернат ұйымдарындағы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы, вахталық кенттердегі, құрылыс алаңдарындағы, өнеркәсіптік объектілердегі) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;

      5) кремді кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;

      6) дәрілік заттарды өндіру, дайындау объектілері;

      7) көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері;

      8) жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдары (теміржол, су, әуе);

      9) радиациялық қауіпті объектілер;

      10) емдік-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынның бұзылулармен қызметтерді, оның ішінде татуаж және татуировка бойынша қызметтерді көрсететін косметологиялық орталықтар;

      11) мынадай:

      стационарлық медициналық көмек көрсететін;

      психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында стационарлық медициналық көмек көрсететін;

      амбулаториялық-емханалық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін;

      қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын;

      стоматологиялық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      12) медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері;

      13) балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары;

      14) тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары;

      15) отыратын орын саны 50-ден асатын тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;

      16) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімдерін өндіру объектілері;

      17) ет өңдеу объектілері, ет және еттің жартылай фабрикаттарын және (немесе) дайын ет өнімдерін өндіру объектілері;

      18) балық өңдеу объектілері, юалық және балықтың жартылай фабрикаттарын және (немесе) дайын балық өнімдерін өндіру объектілері;

      19) құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және (немесе) құс етінің дайын өнімдерін өндіру объектілері;

      20) май өнімдерін өндіру объектілері;

      21) алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді, сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз суды (оның ішінде минералды) өндіру объектілері;

      22) жемісті өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде соя өнімдерін қайта өңдеу объектілері;

      23) арнайы тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және (немесе) өткізу объектілері;

      24) аспаздық және йодталған тұзды өндіру объектілері;

      25) ұн тарту объектілері;

      26) нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері;

      27) қант өндіру объектілері;

      28) тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері;

      29) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 6, 41-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделген өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 1 және 2 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларды, табиғи газ және мұнай өндіру, мұнай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс өнеркәсібі және құрылыс материалдары өнеркәсібі, қатты тұрмыстық қалдықтарды және уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 килограмм және одан артық медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, зарарсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі); өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылған радиорелелік станциялар мен таратушы радиотехникалық объектілерді; қоныстану аумағы мен елді мекендерден тыс жерлердегі, сондай-ақ құрылықтағы жылжымалы радиобайланыс құралдарын, жылжымалы объектілерде орналасқан теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдарын қоспағанда, жиілігі 30 килоГерц-тен (бұдан әрі – кГц) 300 гигаГерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі радиожиілік диапазонындағы стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радиобасу құралдары);

      30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері;

      30-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер;

      31) спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, сыйымдылығы 20 орын және одан асатын моншалар мен сауналар;

      32) вахталық кенттер;

      33) 2-санаттағы су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары (жағажайлар);

      34) су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су жинау орындары;

      35) орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      36) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      37) сауықтыру және санаторий объектілері (маусымдық, жыл бойғы), демалыс базалары мен орындары;

      38) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханалар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.08.2022 № ҚР ДСМ-77 (23.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Эпидемиялық мәні болмашы объектілер:

      1) техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері;

      2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және мектептен тыс ұйымдар;

      3) балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқкиім, киім, ойыншықтар) дайындау, сақтау және өткізу объектілері;

      4) халыққа компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктар) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;

      5) отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар;

      6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;

      7) тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;

      8) кремі жоқ кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;

      9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон бұйымдарын өндіру объектілері;

      10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинактарды, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корнды, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері;

      11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;

      12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері;

      13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері;

      14) крахмал-сірнелі өнімдерді, крахмалды өндіру объектілері;

      15) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;

      16) қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын объектілер;

      17) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілері;

      18) медициналық жедел жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      19) апаттар медицинасы денсаулық сақтау объектілері;

      20) паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      21) дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілері;

      22) вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік және диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу объектілері;

      22-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын өндіру, қайта өңдеу, өткізу объектілері;

      23) шаштараздар, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынды бұзбай косметикалық қызметтерді, оның ішінде маникюр және педикюр бойынша қызметтер көрсететін косметологиялық орталықтар;

      24) сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар;

      25) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, зират, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), әкімшілік, тұрғын (баспана) ғимараттары, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану бойынша ұйымдар, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтері, қоғамдық дәретханалар, кір жуу, химиялық тазарту орындары, тазарту құрылыстары);

      26) су құбыры, кәріз, жылу жүйелері, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;

      27) кәріздік тазарту құрылыстары және желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);

      28) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 6, 41-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделген өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 3-5 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларды, табиғи газды өндіру, құрылыс өнеркәсібі, сағатына 120 килограммға дейін медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, зарарсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясының өндірісі); өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда; қоныстану аумағы мен елді мекендерден тыс жерлерде орналастырылған 30 кГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі радиожиілік диапазонындағы стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радиобасу құралдары) және радиорелелік станциялар, сондай-ақ құрлықтағы жылжымалы радиобайланыс, жылжымалы объектілерде орналастырылған теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдары;

      29) елді мекендердегі саябақтар;

      30) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 6, 41-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделгеннен белсенділігінің мәні барынша төмен иондаушы сәулелену көздері бар радиациялық объектілер, радиоактивті қалдықтар;

      31) тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, автомобиль, су және әуе);

      32) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, гигиена құралдарын сақтауға арналған қоймалар;

      33) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиена құралдарын өндіру объектілері;

      34) азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда объектілері;

      35) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері;

      36) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау, оның ішінде тамақ өнімдерін сақтауды жүзеге асыратын объектілер;

      37) биологиялық матриалды алу және қабылдау пункттері;

      38) медициналық-әлеуметтік, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер объектілері.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.08.2022 № ҚР ДСМ-77 (23.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.