"Сым арқылы хабар тарату қызметін атқару ережелері" Қазақстан Республикасы Транспорт және коммуникациялар министрінің 1997 жылғы 18 тамыздағы № 151 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 420/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қарашада № 21622 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сым арқылы хабар тарату қызметін атқару ережелері" Қазақстан Республикасы Транспорт және коммуникациялар министрінің 1997 жылғы 18 тамыздағы № 151 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1997 жылғы 13 қазанда № 387 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин