Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқару ЕРЕЖЕЛЕРI

Қазақстан Республикасының Транспорт және комммуникациялар министрлiгi 1997 жылғы 18 тамыз N 151 ҚР Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 387. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 420/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.11.2020 № 420/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1.1. Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқару ережелерi (бұдан былай Ережелер деп аталады) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңына, басқада заңды актiлерiне сәйкес жасалды және сым арқылы қызмет атқару мен жұмыс жүргiзудiң негiзгi талаптарын белгiлейдi. Қараңыз.Z100274

      1.2. Тұтынушыға (бұдан былай Абонент деп аталады) сым арқылы хабар тарату қызметiн атқару кәсiпорны (бұдан былай Байланыс кәсiпорны деп аталады) тек қана Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң лицензиясы бойынша көрсетедi.

      1.3. Сым арқылы хабар тарату Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген артықшылықтар есепке алынып жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына берiледi.

      1.4. Теңiзде, жерде, әуеде, ғарыш кеңiстiгiнде адам өмiрiне қатысты төтенше жағдайлар, қорғаныс және құқық қорғау шараларын жүргiзу туралы хабарлар, сондай-ақ көлемдi авариялар, апаттар, iндеттер және табиғи апаттар туралы хабарлар шексiз артықшыларды пайдаланады.

      1.5. Қазақстан Республикасы аумағында Абоненттерге қызмет көрсету мемлекеттiк және орыс тiлiнде жүргiзiледi.

      1.6. Республиканың iшiнде сым арқылы хабар таратудың технологиялық процесiнде бiр уақыт - Алматы уақыты пайдаланылады.

      1.7. Сым арқылы қызмет көрсету мезгiлi туралы хабарлама жергiлiктi уақыт бойынша атқарылады.

      1.8. Абоненттерге көрсетiлген сым арқылы хабар тарату қызметi сапасы бойынша стандарттық, техникалық қалып талаптарына, келiсiм шарттарына, сондай-ақ қызмет көрсету туралы ақпаратқа сай болуы тиiстi.

      2. Абоненттерге көрсетiлген сым арқылы хабар

      тарату қызметi

      2.1. Абоненттерге көрсетiлген сым арқылы хабар тарату қызметiнiң тiзбесiн Байланыс кәсiпорны өзiнiң техникалық мүмкiндiктерiне және Абоненттiң талабына сәйкес айқындалады.

      Негiзгi көрсетiлетiн қызмет:

      - бiр немесе бiрнеше радиохабарлар бағдарламаларын сым арқылы хабар беру жүйелерi арқылы радиотрансляциялық күшейту бекетiнен Абоненттiң радионүктесiне жеткiзу;

      - Абоненттiң негiзгi радионүктесiн қондыру, жөндеу, қалпына келтiру;

      - Абоненттiң негiзгi радионүктесiн қосу.

      Қосымша қызмет көрсету:

      - негiзгi радионүктенiң орнын ауыстыру;

      - қосымша радионүктенi қондыру, жөндеу, қалпына келтiру, қосу, ажырату;

      - залдарды, концерт алаңдарын, алаңдарды дыбыстандыру, басқа да шараларды сөздерiн аударып өткiзу;

      - төтенше жағдайлар кезiнде сым арқылы хабар тарату жүйелерiн хабарлама белгiлерiн беру үшiн пайдалану.

      2.2. Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсететiн Байланыс кәсiпорны көрсетiлетiн қызметi, оларды көрсету және пайдалану, ережелерi туралы, сондай-ақ ол қызметтiң баға көрсеткiштерi жайында Абонентке ақпарат бередi.

      2.3. Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсететiн Байланыс кәсiпорны қызмет көрсету уақыты мен сапасы бойынша өз мiндеттемелерi туралы мiндеттi түрде Абоненттi хабарлар етедi.

      2.4. Абонент ағымдағы стандарттар бойынша көзiне көрсетiлетiн сым арқылы ақпарат тарату қызметiн пайдалануға және сым арқылы хабар тарату жүйесiнде қолдану үшiн сертификацияланған кез келген абоненттiң құрылғыны пайдалануға құқылы. Кәсiпорын Абоненттiң қалауы бойынша оны абоненттiк құрылғы қызметiн пайдаланудан ажыратып тастауға мiндеттi.

      2.5. Абоненттiң негiзгi радиосы бар болған жағдайда оған тегiн пайдалану үшiн оған қосымша радионүктелер қондыруға рұқсат берiледi.

     

      3. Қызмет көрсету тәртiбi

     

      3.1. Радиотрансляциялық торабтан (радиоторабтан) алып радиотрансляциялық нүктелер (радионүктелер) орнату (ажырату) ағымдағы нормативтер мен баға көрсеткiштерiне сәйкес, келiсiм-шарт бойынша меншiк түрiне қарамай жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiшi бойынша жасалады.

      Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқару туралы келiсiм-шарт көпшiлiкке әйгiлi болуы тиiстi.

      3.2. Радиофикацияланбаған ғимараттарда радионүкте орнату туралы өтiнiш берiлсе сол жерде оны орнату мүмкiндiгi тексерiледi және тиiстi қорытынды жасалады.

      3.3. Радиофикацияланған ғимаратта радионүкте орнатуды ресiмдеудi алдын-ала тексерусiз жасауға болады.

      3.4. Радионүктелердi орнату бекiтiлген орнату ақысын төлегеннен соң 5 күн iшiнде жасалады.

      3.5. Сым арқылы хабар таратудың фидерлiк желiсiнiң қуаты толық iске қосылған кезде немесе радиоторабының ерiктi қуаты болмаған жағдайда Байланыс кәсiпорыны немесе құрылыс жүргiзушi тарапынан келiсiм-шарт бойынша бекiтiлген баға көрсеткiшiне сәйкес барлық желiлiк жұмыстар немесе радиоторабын немесе күшейту подстанциясын орнату, қосымша жабдықтау жұмыстары жүргiзiледi.

      3.6. Абоненттiң кiнәсiнен зақымдалған немесе жойылған радионүктелердi қалпына келтiру бекiтiлген баға көрсеткiшi бойынша Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсететiн Байланыс кәсiпорыны тарапынан немесе Абоненттiң есебiнен техникалық нормаларды сақтау жағдайында кез келген тұлға арқылы жүргiзiледi.

      3.7. Бiр пәтердiң (жекеше үйдiң, бөлменiң) аумағында қосымша радионүктелер орнату және орын ауыстыру Абоненттiң өтiнiшi бойынша жасалады.

      3.8. Сым арқылы хабар тарату жүйесiнiң желiсiн сыртқа шығару қажет болғанда заңды және жеке тұлғалардың (үй иелерiнiң, кәсiпорындардың, құрылыс ұйымдарының және басқаларының) талабымен олардың есебiнен Байланыс кәсiпорыны жасайды.

      3.9. Абонент пәтерге кiрген кезде радионүкте ажыратылған немесе зақымдалған болып оған Абонент кiнәлi болмаса радионүкте Абоненттiң өтiнiшi бойынша қосымша ақысыз қалпына келтiрiледi.

      3.10. Радионүктенi өз бетiмен орнатуға (сым арқылы хабар тарату қызметiн атқаратын Байланыс кәсiпорынына бiлдiрмей) болмайды.

      3.11. Ол радионүкте үшiн абонементтiк төлем, нүкте ағымдағы техникалық нормаларға сәйкес орнатылған жағдайда, белгiлi болған күннен бастап есептеледi. Орнатудың техникалық нормалары бұзылса радионүкте ажыратылады.

      3.12. Абоненттiң қалауымен радионүктенi ажыратуға болады, ал бұл жағдайда үй иесi тарапынан пәтер iшiндегi радиотрансляциялық жүйенiң сақталып қалуы қамтамасыз етiлуi тиiстi.

     

      4. Сым арқылы хабар тарату қызметiнiң баға

      көрсеткiштерi

     

      4.1. Сым арқылы хабар тарату қызметiнiң баға көрсеткiштерi белгiленген тәртiп бойынша бекiтiледi.

      Сым арқылы хабар тарату қызметiнiң жеке түрлерi бойынша баға көрсеткiштерiн Байланыс кәсiпорыны дербес немесе келiсiм-шарт негiзiнде белгiлейдi, ал осылай болғанда:

      а) Баға көрсеткiшiнiң көлемi тиiмдiлiктi қосып есептегенде оны орындауға қажеттi шығын сомасынан аспау керек.

      б) Құрылыс және қайта жаңартуға байланысты ауқымы кең жұмыстар жасалған жағдайда Байланыс кәсiпорыны белгiлеген баға көрсеткiштерiне қоса қызмет көрсету мерзiмi мен сапасы бойынша мiндеттемелер болуы қажет, бұл жұмыстарды орындау мерзiмi келiсiм-шартта ескерiледi.

      4.2. Сым арқылы хабар тарату қызметiне ақы төлеуде жеңiлдiктер берiлсе алынбай қалған кiрiс сомасын сол жеңiлдiктердi белгiленген орын, немесе заңды тұлғалар төлейдi.

     

      5. Сым арқылы хабар тарату қызметi көрсетiлген

      Абоненттермен есеп айырысу

     

      5.1. Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсеткенi үшiн есеп айыру түрi мен тәртiбiн жергiлiктi банкiлердiң мүмкiндiктерiн ескере отырып Байланыс кәсiпорны белгiлейдi.

      5.2. Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсеткенi үшiн Абоненттермен есеп айырысу ұлттық ақшамен жүргiзiледi.

      5.3. Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқаратын Байланыс кәсiпорындары қызмет көрсетiлген заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысады.

      5.4. Абонент сым арқылы хабар тарату қызмет көрсету үшiн қажеттi шарттарды орындауға, көрсетiлген қызмет үшiн дер кезiнде және толық ақысын төлеуге мiндеттi.

      5.5. Радионүктенi бiрiншi ай пайдаланғанда, нүкте айдың 15-не дейiн орнатылса абоненттiк төлем толық бiр айлық баға көрсеткiш бойынша төленедi, ал айдың 15-нен кейiн қондырылған радионүкте үшiн - баға көрсеткiштiң 50% көлемiнде.

      5.6. Радионүктелер үшiн абоненттiк төлем (Ереженiң 5.5. пунктiндегi бiрiншi төлемдi есепке алмай) кез келген мерзiмге алынады, бiрақ бiр айдан кем болмауы тиiс.

      5.7. Радионүктелер үшiн абоненттiк төлем мерзiмi төленетiн айдың аяғына дейiн белгiленген.

      5.8. Абонент есеп айырысатын Байланыс кәсiпорыны төмендегi мәселелердi хабарлауы тиiстi:

      - Абоненттiң аты-жөнi немесе кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның толық атауы;

      - почталық мекен-жайы;

      - төлеу деректемелерi;

      - үй телефонының нөмiрi (заңды тұлғалар үшiн-бас есепшiнiң қызмет телефоны)

      Көрсетiлген деректемелердiң барлық өзгерiстерi туралы сым арқылы хабар тарату қызметi үшiн есеп айырысатын Байланыс кәсiпорнына дер кезiнде хабарлауға мiндеттi.

      5.9. Абоненттiң немесе оның заңды өкiлеттi өкiлiнiң талабы бойынша көрсетiлген қызмет үшiн төленуге ұсынылған соманың мағынасы толық алысуға тиiстi.

      5.10. Топты енгiзуден немесе сым арқылы хабар таратудың бағаналы желiсiмен алып радионүкте орнату үшiн және Байланыс кәсiпорынының қондырғы заттарына белгiленген баға көрсеткiшi бойынша төлем алынады.

      5.11. Бiр және бiрнеше бағана орнатып (немесе бiр және бiрнеше құбырлы таған немесе жерасты кабель төсеу) сым арқылы хабар тарату желiсiнде қосымша құрылыс жүргiзу қажет болған жағдайда бөлек смета бойынша төлем алынады.

      5.12. Негiзгi радионүктенi қосымша орнату немесе орнын ауыстырғаны үшiн баға көрсеткiшi бойынша төлем алынады.

      5.13. Қазақстан Республикасы заңдар белгiлеген жеңiлдiктерге ие Абоненттерден абоненттiк төлем толық немесе жарым-жартылай алынбайды. Бұлай болғанда Абоненттiк дербес счетына жеңiлдiктермен қызмет көрсетiлуге құқылығын айқындайтын құжатының нөмiрi жазылу керек.

      5.14. Зағиптардың ұжымдық қолдануындағы (жатақханаларда, арнаулы мектептерде, оқу-өндiрiстiк кәсiпорындарда, мәдени-ағарту мекемелерiнде) қуаты 0,5 Вт аспайтын наушниктi немесе дауыс зорайтқышы бар радиотрансляциялық нүктелер үшiн абоненттiк төлем алынбайды.

      а) Абонент радионүктенi әрi қарай пайдаланудан бас тартса абоненттiк төлем есептеу өтiнiш берген күннен бастап тоқтатылады.

      б) Тұрғындарды көшiрiп бүкiл үйге (әкiмшiлiк ғимаратына) күрделi жөндеу жүргенде немесе үйдi (ғимаратты) бұзуға әзiрлегенде. Үй иесiнiң жазбаша өтiнiшi төлем алуды тоқтатуға негiз болады.

      в) пәтердi күрделi жөндеуге байланысты бөлме iшiндегi желiктi бiр айдан астам мерзiмге алып тастау қажет болғанда Абоненттiң жазбаша өтiнiшi радионүктенi алып тастауға негiз болады.

      г) дебиторлық берешегi үшiн радионүктенi ажыратқан күннен бастап абоненттiк төлем есептеу тоқтатылады.

      д) Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсететiн Байланыс кәсiпорынының кiнәсiнен Абонент 5 күн қатарынан сым арқылы хабар таратумен қамтамасыз етiлмесе радионүктенiң жұмыс iстемеген күндерi үшiн абоненттiк төлем қайта есептелiнедi (аппараттық кiтаптағы радиоторабының жұмыс iстемегенi туралы жазу немесе радионүктенiң iстен шыққаны туралы кiтапқа жазылған мәлiмдеме негiзiнде)

     

      6. Шағымдарды қарау тәртiбi

     

      6.1. Байланыс кәсiпорны көрсететiн қызмет туралы шағымдар Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген мерзiмде берiледi.

      6.2. Шағымды ауызша немесе жазбаша түрде беруге болады. Ауызша шағым бойынша мәселенi дереу шешуге мүмкiндiк болмаса шағымданушы қол қойып жауап берiлетiн мекен-жай көрсетiлiп жазбаша түрде өтiнiш беруге тиiстi.

      6.3. Абонент осы ережелердi бұзып немесе белгiленген мерзiмде сым арқылы хабар тарату қызметi көрсетiлгенi үшiн төлем ақыны өтемесе, осының салдарынан қызмет көрсету жұмыстарына бөгет тудырылса сым арқылы хабар тарату қызметiн атқаратын Байланыс кәсiпорыны Абоненттiң үстiнен шағым жасауға құқылы.

      6.4. Шағым екi жақтың келiсiмi бойынша шешiлуге болады. Келiсiмге келу мүмкiн болмаған жағдайда екi жақта жоғары орындарға немесе сотқа жүгiнуге құқылы.

      6.5. Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқаратын Байланыс кәсiпорыны шағымды оның түскен күнiнен бiр ай мезгiлiнде қарауға тиiстi. Қаралу нәтижесi жазбаша түрде басшының қолы қойылып Абонентке хабарланады.

      6.6. Шағымдарды қарауға байланысты хаттар 3 жыл бойы сақталуға тиiстi.

     

      7. Жақтардың құқықтары мен мiндеттерi

     

      7.1. Байланыс кәсiпорыны Абонентке сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсетуден бас тартуға құқылы, егер:

      а) Абоненттiң талаптарын орындау өндiрiстiк мүмкiндiктердiң шеңберiнен шығып кетсе;

      б) Абонент осы Ережелердi бұзса;

      в) Абонент 40 күннен астам көрсетiлген қызмет үшiн ақы төлемесе;

      7.2. Байланыс кәсiпорыны қызмет көрсету мерзiмi мен сапасы бойынша (егер ол келiсiм-шартта ескертiлмесе) өз мiндеттемелерiн орындамаса Абонент құқылы:

      а) қызмет көрсету төлемiнiң бағасын төмендетудi талап етуге, қызмет көрсетудi орындаудың жаңа мезгiлiн тағайындауға;

      б) келiсiм-шартты бұзуға.

      7.3. Байланыс кәсiпорынының сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсетуден бас тартуы бойынша Абонент сот тәртiбiмен арыздана алады.

      7.4. Абонент пәтер iшiндегi радиотрансляциялық желiнiң, арматураның және өз аумағындағы сым арқылы хабар тарату жүйесiнiң барлық басқа жабдықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      7.5. Абоненттердiң кiнәсiнен (пәтердi, ғимаратты жөндеу, төбенiң қарын тазалау және т.т.) радиотрансляциялық желiлер, сым арқылы хабар тарату жүйесiнiң жабдықтары iстен шықса немесе жоғалса олар Байланыс кәсiпорындарына қалпына келтiруге жұмсалған шығынды өтейдi.

      7.6. Тасқа елдi мекенге тұрғылықты мекенге көшкенде Абонент радионүктенi ажырату туралы радиоторабына өтiнiш беруге мiндеттi.

     

      8. Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқарушы

      Байланыс кәсiпорыны және Абоненттiң өзара

      жауапкершiлiгi

     

      8.1. Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқарушы Байланыс кәсiпорынының Абонент алдындағы жауапкершiлiгi өз мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарында ескерiлген тәртiп бойынша айқындалады.

      8.2. Сым арқылы хабар тарату қызметiн көрсетушi Байланыс кәсiпорыны Абонент шағымданған көрсетiлетiн қызметтi орындаудың хабарланған сапасы мен мерзiмi, сондай-ақ қызмет көрсетудiң тиiстi ақпараттары бойынша Абонент алдында жауап бередi.

      8.3. Байланыс кәсiпорыны сапасыз қызмет көрсеткенi және сым арқылы хабар тарату қызметiндегi кемшiлiктердi жою мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауап бередi.

      8.4. Абоненттiң кiнәсiнен сапалы қызмет көрсету мүмкiн болмаса немесе форс-мажорлық жағдай туса (табиғи апат, катастрофа) Байланыс кәсiпорыны Абоненттiң алдында жауап бермейдi.

     

      9. Сым арқылы хабар тарату қызметiн атқару

      Ережелерiнде қолданылатын Терминдер

     

      "Желiлiк хабар тарату" - абоненттерге желi арқылы дыбысты хабар тарату бағдарламаларын қабылдауға, күшейтуге және хабар беруге бағышталған техникалық құрылымдар мен жабдықтар кешенi ұйымдастырған электрлiк байланыс түрi;

      "Абоненттер" - сым арқылы хабар тарату қызметiн пайдаланушылар;

      "Байланыс кәсiпорыны" - меншiк түрiне қарамайтын, дыбысты хабар тарату және басқа ақпараттар берудi әзiрлеу және шығару мен шұғылданатын, сым арқылы хабар таратудың әртүрлi қызметiн көрсететiн кәсiпорындар;

      "Сым арқылы хабар тарату жүйесi" - хабар тарату бағдарламалары сигналдарын қалыптастыру, күшейтуге және бөлу жүйесi желiлiк жүйесiнiң көмегiмен оларды абоненттердiң қабылдағыш қондырғыларына таратуға арналған құрылымдар кешенi;

      "Радиотрансляциялық торап" - хабар тарату бағдарламаларын қалың көпшiлiк тыңдаушыларға жеткiзудi қамтамасыз ететiн бекеттiк желiлiк құрылымдар мен абоненттiк жабдықтар кешенi;

      "Күшейту бекетi" - дыбысты хабар тарату сигналдарын күшейтуге және сым арқылы хабар тарату жүйесiн қоректендiретiн бекет;

      "Радиотрансляциялық желi" - тiреулерге немесе бағаналарға iлiнген екi сым (әуелiк желiлер) немесе жер астындағы кабельден (кабельдiк желi) тұратын құрылым;

      "Радиотрансляциялық жүйелер" - хабар тарату бағдарламаларын күшейткiштерден абоненттерге орнатылған резеткаларға жеткiзуге арналған үй iшiндегi сымдардың, трансформаторлардың және басқада желiлiк жабдықтардың радиотрансляциялық желiлерiнiң жиынтығы;

      "Радиотрансляциялық нүкте" - абонентке орнатылатын және оған сым арқылы хабар тарату бағдарламаларды жеткiзудi қамтамасыз ететiн қондырғы;

      "Абоненттiк қондырғылар" - сым арқылы хабар тарату жүйесiне берiлетiн және оның жұмысына қатысы жоқ дыбысты хабар тарату бағдарламаларын қабылдау мен шығаруға арналған электро-дыбысты қондырғы (громкоговорительдер, қабылдағыштар, радионаушниктер, сондай-ақ басқа да техникалық қондырғылар);

      "Дыбысты хабар тарату" - әр аймақтардағы тыңдаушылардың қалың жұртшылығына жалпыға қажеттi дыбысты ақпарат тарату.