"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашасы № 605 бұйрығына 1-қосымша |
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
5. Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
6. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.
7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі:
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көзделген.
12. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы бір жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", сондай-ақ әскерге шақыру комиссиясының хаттамасын толтыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасына ____________________________ ____________________________ мекенжайы бойынша тұратын ____________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) телефон ____________________ |
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес кейінге қалдырудың себебі көрсетілсін)
әскерге шақыруды кейінге қалдыруды сұраймын.
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
құжаттарын қосамын.
Күні _________________
Қолы ______________
"Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады: |
10 | Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін. |
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты ол бар болған кезде) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сізге ________________________
20___ жылғы "____" ____________ дейін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(кейінге қалдырудың себебі)
әскерге шақыруды кейінге қалдыру ұсынылды.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20___ жылғы "____" ____________
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауына байланысты әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
______________________________________________________ _______
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашасы № 605 бұйрығына 2-қосымша |
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Азаматтарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
5. Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
6. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.
7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі:
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті комиссия мүшелерінің қарауына жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы өтінішті келіседі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көзделген.
12. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытындысы бір жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", сондай-ақ әскерге шақыру комиссиясының хаттамасын толтыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес босату себебі көрсетілсін)
бейбіт уақытта мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуыңызды сұраймын
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Күні _________________
Қолы ________________
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
2 | Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
2) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады: |
10 | Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін. |
Әскерге шақыру комиссиясының мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытындысы
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
(босату себебі)
Сізге 20____ жылғы "___" ______________ дейін әскери қызметке шақырудан босату берілді.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
_______________________________________________ _________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық болмауына байланысты Сізді бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босатудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
__________________________________________ ______________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________