"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 48-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысаны бекітілсін.
2. "Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 181 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10866 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 4 қарашасы № ҚР ДСМ-182/2020 Бұйрығына қосымша |
|
Нысан |
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат 20___ жылғы _________________үшін
№ | Аудиттелетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) |
Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу үшін | Жиналған ақпарат тізбесін және оған шолуды (санитариялық-эпидемиологиялық қарап-тексеру актілері, сырқаттанушылық туралы деректер, сынақ хаттамалары, өлшеу және басқалар) | Аудиттелетін субъектіні тексеру, арнайы зерттеулер, оның қызметкерлеріне сауалнама жүргізу нәтижелері | Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар тізбесі | Аудиттелетін субъектінің эпидемиялық маңыздылығы, тәуекел тобын айқындау, анықталған бұзушылықтар (мәні бойынша және қысқаша көрсетіледі) , құжаттама мен есептілікті жүргізудің дұрыстығы туралы қорытындыларды қамтуы тиіс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
_______________________________________________ ______________
(Басшының тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда)) (қолы)
_______________________________________________ ______________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы)
әкесінің (болған жағдайда) аты)
Жасалған күні 20 ___ жылғы "__" _____
Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейін оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына тапсырады.