Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-182/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру ету нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 181 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
20___ жылғы _________________үшін
п/п № | Аудиттелетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) | Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттi жүргiзу үшін негiзді (өтініш және шарт) | Жиналған ақпарат тiзбесiн және оған шолуды (санитариялық-эпидемиологиялық қарап-тексеру актілері, сырқаттанушылық туралы деректер, сынақ хаттамалары, өлшеу және басқалар) | Аудиттелетін субъектiнi тексеру, арнайы зерттеулер, оның қызметкерлерiне сауалнама жүргізу нәтижелерін | Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар тізбесін | Аудиттелетін субъектiнiң эпидемиялық маңыздылығы, тәуекел тобын айқындау, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы қорытындыларды қамтуы тиіс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
______________________________________________________ ______________
(Басшының тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) аты) (қолы)
______________________________________________________ ______________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы)
әкесінің (болған жағдайда) аты) Жасалған күні 20 жылғы " "
Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына тапсырады.