"Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы____________________
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 19 қазаны № 101 қаулысымен бекітілді |
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі − Инвестициялық қорлар туралы заң), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу шарттары мен тәртібін белгілейді.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) басқарушы компания, көрсетілетін қызметті алушы – уәкілетті орган берген лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
3) пай – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) Инвестициялық қорлар туралы заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Инвестициялық қорлар туралы заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
4) портал – "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;
5) өтініш – инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш;
6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
2-тарау. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу шарттары мен тәртібі
4. Басқарушы компания инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға Инвестициялық қорлар туралы заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Басқарушы компания талап етілетін құжаттармен қоса инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін өтінішті уәкілетті органға қағаз түрінде не портал арқылы электрондық түрде береді.
Уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетеді.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
8. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хаттың жобасын дайындайды.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу ақпараттық жүйесінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіпке сәйкес автоматты режимде жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер қамтылған ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (Оператор) бірыңғай қолдау қызметіне sd@nіtec.kz электрондық пошта бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі және коды (ӘҚНЖК) немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжатының нөмірі және коды (ӘҚНЖК) немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) жөніндегі ақпаратты міндетті түрде ұсынумен авторизациялау сәтінен бастап қатенің дәл уақытын көрсетіп қате туындаған сәтке дейінгі қадамдар бойынша скриншоттарды қоса бере отырып, сұрату жіберу арқылы хабарлайды.
10. Басқарушы компания инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті органның жауапты бөлімшесінің қызметкері:
1) құжаттар қағаз тасымалдағышта ұсынылған кезде басқарушы компанияға ілеспе хатты, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қағаз тасымалдағышта инвестициялық пай қоры қағидаларының бір данасын жібереді;
2) құжаттар портал арқылы ұсынылған кезде басқарушы компанияның "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, электрондық көшірме нысанында *pdf форматында инвестициялық пай қоры қағидаларын жібереді.
11. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе анық емес мәліметтердің болуы;
3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады.
13. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, уәкілетті органның кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
"Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) және уәкілетті органның кеңсесі. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық қордың қағидаларын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша беру. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1)ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бар еркін нысанда жасалған өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және порталда орналастырылған. |
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңба бейнесі бар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкісінде басылады)
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20__ жылғы "___" _________ | Алматы қаласы |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(инвестициялық пай қорының толық атауы және орналасқан жері)
_______________________________________________________ құрылған
_________________________________________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.
Осы шығарылым пайларына халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)
__________________________________________________________________ берілді.
Уәкілетті адам __________________________ __________________
(қолы немесе ЭЦҚ) (тегі, инициалдары)
Мөр орны (қағаз нысаны үшін)