Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 21493 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 233-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.06.2023 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 2 қазаны
№ ҚР ДСМ-112/2020
бұйрығына
1-қосымша

Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 233-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.06.2023 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау тәртібі

      2. Рецепттерді "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсетілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде, амбулаториялық, профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту немесе паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.

      3. Қағаз нысанындағы рецепттер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен расталады.

      Электрондық нысандағы рецепттер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде босатылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецепттер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондық түрде жазылып беріледі, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.

      Электрондық нысанда рецепттерді жазып беру мүмкіндігі болмаған жағдайда рецепттерді жазып беру қағаз нысанда жүзеге асырылады.

      Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті шартта алуға рецепттер медициналық ұйымның бұйрығымен айқындалған уәкілетті тұлғаның қолы қосымша қойылады және "Рецепттер үшін" деген денсаулық сақтау ұйымының мөрімен немесе уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбамен расталады.

      Рецепттерге қол қоюға құқығы бар уәкілетті адамдардың қолдарының үлгілерін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарттары бар фармацевтикалық қызмет объектілеріне медициналық ұйымдар жібереді.

      Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өз қолымен және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.

      5. Ауылдық елді мекендерде дәрігерлер болмаған жағдайда науқастарға амбулаториялық қабылдауды жүргізетін орта медицина қызметкері рецепттерді жазып береді.

      6. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецепттер жазып берілмейді.

      7. Рецепттер науқастың жас шамасы және дәрілік заттардың құрамына кіретін ингридиенттердің әсерінің сипаты ескеріліп жазылады.

      8. Тегін және жеңілдікті дәрілік заттарды алуға рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында белгіленеді.

      9. Рецепттер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецепттер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда жазылады. Жалпылама нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке қолдануға", "Сыртқа қолдануға") шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.

      Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшыдәріде жазылып беріледі.

      10. Рецептіде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес негізгі рецептуралық қысқартулар қолданылады.

      11. Тегін немесе жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға бір рецептуралық бланкте құрамында туынды 8-оксихинолин, гормоналды стероидтар, клонидин, анаболикалық стероидтар, кодеин, тропикамид, циклопентолат, трамадол, буторфанол бар дәрілік заттардың бір атауы, ал қалған дәрілік заттардың – екі атаудан аспайтын атауы көрсетіледі.

      12. Рецептіде көрсетілген препараттың біреуі болмаған жағдайда немесе препараттың толық емес қаптамасы босатылған жағдайда дәріханада рецепттің көшірмесі қалдырылады немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фармацевтика қызметкері жазылып берілген рецепттер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналына енгізеді. Фармацевт рецептінің келесі бетіне босатылған препараттың санын көрсетеді.

      13. Жоғары бір реттік дозадан асатын дозадағы дәрілік затты жазып беру кезінде дәрігер рецептіде дәрілік заттың дозасын жазып беру және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер бұл талаптарды сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылып берілген дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік дозаның жартысын босатады.

      14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.

      15. Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасы көрсетіле отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.

      16. Осы Қағидаларға 11-тармақта көрсетілген дәрілік заттарды алуға рецепттерді жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды.

      17. Дәрілік затқа қағаз түріндегі рецептінің сақталу мерзімі, құрамында есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, улы заттар және күшті әсер ететін заттары бар, бір жыл сақталатын дәрілік затқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде босатылатын, сақталу мерзімі екі жылды құрайтын дәрілік затқа рецептіні қоспағанда, кемінде күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.06.2023 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сақтау мерзімі өткеннен кейін рецептілер жоюға жатады.

      19. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхананың, дәріхана пунктінің басшысы мен материалдық-жауапты адамдары бар комиссия құрылады.

      Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің кезеңі мен саны жазбаша көрсетіледі.

      20. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецепттер республиканың барлық аумағында жарамды, дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға рецепттерді қоспағанда республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігінде жарамды.

      21. Төтенше жағдай, шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантин кезеңінде қағаз түрінде рецептінің жазып беру мүмкін болмаған жағдайда құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды, прекурсорлар мен уытты заттарды қоспағанда электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып (оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы) электрондық түрде не рецепт немесе пациенттің және дәрігердің тегі мен аты-жөні, дәрігердің жұмыс орны көрсетіле отырып, электрондық түрде рецептілерді жазып беруге жол беріледі.

      Пациент рецептінің электрондық көшірмесін дәріханаға, денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пунктіне, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пунктіне электрондық байланыс құралдары арқылы (оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы) жібереді және ол төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин аяқталғаннан кейін кемінде отыз күнтізбелік күн дәріхананың электрондық базасында сақталады.

  Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларына
  1-қосымша

Негізгі рецетуралық қысқартулар

Қысқартулар

Толық жазылуы

Аудармасы

aa

ana

бойынша, тең бөлінген

ac. acid.

acidum

қышқыл

amp.

ampulla

Ампула

aq.

аqua

Су

aq. purif.

aqua purificata

тазартылған су

but.

вutyrum

май (қатты)

comp., cps.

сompositus (a, um)

күрделі

D.

Da, Detur, Dentur

Бер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын

D.S.

Da, Signa; Detur, Signetur

Бер, белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін

D.t.d.

Da (Dentur) tales doses

Осындай дозаларды бер (берілетін болсын)

Dec.

Decoctum

Қайнатпа

dil.

dilutus

Ерітілген

div. in p.aeq

divide in partes aequales

тең бөліктерге бөл

emuls

emulsum

Эмульсия

extr.

extractum

сығынды, сорып алынған

f.

fiat (fiant)

түзілетін болсын (түзілсін)

gtt.

gutta, guttae

тамшыдәрі, тамшыдәрілер

inf.

infusum

тұнба

in amp.

in ampullis

ампулаларда

in caps.gel.

in capsulis gelatinosis

желатинді капсулаларда

in tabl.

in tab(u)lettis

Таблеткаларда

lin.

linimentum

сұйық жақпа май

liq.

liquor

Сұйықтық

M. pil.

massa pilularum

пилюля массасы

M.

Misce; Misceatur

Араластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын

N.

numero

Санмен

ol.

oleum

май (сұйық)

pil.

pilula

Пилюля

p.aeq.

partes aequales

тең бөліктер

pulv.

pulvis

Ұнтақ

q.s.

quantum satis

қанша қажет етілсе, қанша керек

r., rad.

radix

Тамыр

Rp.

Recipe

Ал

Rep.

Repete. Repetatur

Қайтала. Қайталанатын болсын

rhiz.

rhizoma

сала тамыр

S.

Signa. Signetur

Белгіле. Белгіленетін болсын

sem.

semen

Ұрық

simpl.

simplex

Қарапайым

sir.

sirupus

Шырын

sol.

solutio

Ерітінді

supp.

suppositorium

Балауыз

tabl.

tab(u)letta

Таблетка

t-ra, tinct., tct.

tinctura

Тұнба

ung.

unguentum

жақпа май

vitr.

vitrum

шыны ыдыс

ppt., praec.

praecipitatus

Тұнған

past.

pasta

Паста

  Рецепттерді жазып беру, есепке
алу және сақтау қағидаларына
2-қосымша

Жазылып берілген рецепттер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналы

р/с №

Жіберген күні

Пациенттің Т.А.Ә. (бар болса)

Рецептінің күні және нөмірі

Дәрігердің Т.А.Ә. (бар болса)

Препараттың атауы

Саны

Фармацевттің қолы

Фармацевттің Т.А.Ә. (бар болса)

Пациенттің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 2 қазаны
№ ҚР ДСМ-112/2020
бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған);

      2. "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18528 болып тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 сәуірде жарияланды);

      3. "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19425 болып тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 қазанда жарияланды).