"Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 983 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қазанда № 21413 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген, Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және 55-бабына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібін белгілейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағилардың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қылмыстық және әкімшілік заңнамаларда көзделген шекте ауыр экономикалық және қаржылық қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезіндегі ерекшеленгені үшін, қаржы мониторингі органдары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал еткен жұмыстардың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы белгілейді.

      Атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары тұрған кезекті біліктілік сыныбы бұның алдындағы біліктілік сыныбында еңбек сіңірген жылдарының кемінде бір жарым жыл мерзімі өткен соң белгіленеді.

      Кезектен тыс біліктілік сыныбы қызметкерлерге қызмет бойынша ерекше жетістіктері үшін біліктілік сыныбында белгіленген еңбек еткен жылдары мерзімінің кемінде үштен бірі өткенде, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан жоғары бір біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді.

      Қызметтегі ерекше сіңірген еңбегі бар болса біліктілік сыныбы үшін кезектен тыс біліктілік сыныбында еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне қарамастан, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан жоғары бір біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді.

      Кезектен тыс біліктілік сыныптарын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары белгілеу әрбір негіздеме бойынша аржы мониторингі органдарында барлық қызмет ету кезеңі ішінде екі реттен артық емес жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев