Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 21364 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 2 қазаны
№ 302 бұйрығымен бекітілген

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ведомствоның аумақтық бөлімшелері) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;

      2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      3) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      4) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі – бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде электрондық нысанда көрсетілетін төлемдерді жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Ветеринария саласында лицензиялауға мынадай қызмет түрлері жатады:

      1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызмет;

      2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызмет.

2-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру тәртібі

      4. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет):

      1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

      2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) жазылған.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмесінде күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін портал арқылы ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұраным жібереді.

      8. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сұраным келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау арқылы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы еркін нысанда қорытынды жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды және ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың бұл санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердіі енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру тәртібі

      13. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:

      1) жеке тұлғаның-лицензиаттың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген;

      2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) біріктіру, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында заңды тұлға-лицензиатты қайта ұйымдастырған;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайлрда жүзеге асырылады.

      Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 2-тармағына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.

      Егер дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайы, заңды тұлға–лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты өзгерсе, осы Қағидалардың осы тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларына мұндай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы жүзеге асырылады.

      14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе портал арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      15. Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш қайта ұйымдастыру аяқталған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.

      Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.

      16. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.

      17. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген тәртіппен біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұраным жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды жібереді.

      Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      18. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіздер болып табылады:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

      19. Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 43-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға өтініш келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттарды тапсырған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияның және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияға қосымшаның телнұсқасын не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды дайындайды.

4-тарау Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру қағидаларына
1-қосымша

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны беру, мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, мемлекеттік лицензияның және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаның телнұсқасын не уәжді бас тартуды беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтердің электрондық нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтердің электрондық нысаны.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеге арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
5) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің көшірмесі;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
порталға жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі; ;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтердің электрондық нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтердің электрондық нысаны.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) еркін нысандағы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
5) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға арналған өтінім;
2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметінен бас тартуға мыналар негіз болып табылады

1) жеке немесе заңды тұлғалардың бұл санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алымның енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 (7172) 701 998.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұранымы.

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

      Кімге________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету керек)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруiңiздi

      сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық почтасы __________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________

      Факсы _____________________________________________________

      Банктік шоты__________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _______________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Жеке тұлға __________ _____________________ ______________________________

      (қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" _______

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

      Кімге_________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лерінің) толық атауын көрсету керек)

      _____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта

      ___________________________________________________________

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________

      (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почтасы ___________________________________________

      Телефондары _________________________________________________

      Факсы _______________________________________________________

      Банктік шоты __________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы ___________________________________________

      _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Осымен ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болатынымды растаймын.

      Басшы _________________________________ _____________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген, ветеринариялық талаптарға және технологиялық жабдықты жинақтау нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:

      Сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      2. Өндірілетін ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттарға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының; өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн аспаптармен және жабдықтармен жарақталған аккредиттелген зертханалардың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың сынау жұмыстарын орындауы (қызметтер көрсетуі) туралы шарттың бар-жоғы:

      1) әзірлеуші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарының деректері:

      паспорттың нөмірі __________________________________

      берілген күні _______________________________________

      паспортты берген орган _________________________________

      жабдықтың мақсаты ____________________________________

      2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және/немесе калибрлеуден өткені туралы растама:

      нөмірі ___________________________________________

      берілген күні ____________________________________

      сертификатты берген орган ____________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі ________________ бастап ______________ дейін;

      3) зертхананың акредиттеуден өткені туралы мәліметтер немесе акредиттелген зертханамен жасалған шарттар мәліметтері:

      нөмірі _________________________________________

      берілген күні _________________________________

      акредиттеу туралы құжатты берген орган _______________________

      құжаттың қолданылу мерзімі _________ бастап __________________ дейін;

      шарттың нөмірі ______________________________

      жасалған күні ___________________________________

      шарттың қолданылу мерзімі _____________ бастап _____________ дейін

      3. Ветеринариялық препараттар өндіруді регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың бар-жоғы:

      1) ветеринариялық препарат өндіру жөніндегі ұйым стандарты, өндіруші басшысы бекіткен, өндірілетін ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттар (иә/жоқ)__________________

      2) ұйым басшысы бекіткен ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқаулық (иә/жоқ)_____________________________

      3) микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штамдарына арналған паспорттар:

      штамның мақсаты ___________________________________

      штамның нөмірі ______________________________________________

      шартты белгісі __________________________________________

      штамды кім алды ______________________________________

      алынған күні _______________________________________

      штамм қандай жануарлардан алынды ___________________________

      штамм қандай мекемеден алынды ___________________________

      материалдың сипаттамасы____________________________________

      ______________________________________________________________

      (түрі, өлшеп-салу, тұрақтандыру тәсілі)

      серологиялық қасиеттері ________________________________

      титрлеу нәтижелері ___________________________

      4. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттарды өндірумен тікелей айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орта білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің бар-жоғы. Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімінің; мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің бар-жоғы:

      1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

      жоғарғы оқу орнының атауы___________________

      мамандық және біліктілік __________________________

      лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы дипломның нөмірі __________________________

      дипломның берілген күні ___________________

      2) маманданудан/біліктілігін арттырудан өткені туралы мәліметтер: маманданудан/біліктілігін арттырудан өткен мекеменің атауы ___________________________________

      пән __________________________

      сертификаттың нөмірі ____________________________

      сертификаттың берілген күні _______________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптарға және технологиялық жабдықты жинақтау нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:

      Сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      2. Сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың, сондай-ақ "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының бар-жоғы:

      1) стандарттар, әдістемелік нұсқамалар (иә/жоқ)

      2) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған, әзірлеуші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарынан алынған мәліметтер:

      паспортың нөмірі_________________________________

      берілген күні ______________________________________

      паспорты берген орган ______________________________

      жабдықтың мақсаты ___________________________________

      3) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және/немесе калибрлеуден өткені туралы растама:

      нөмірі _____________________________________________

      берілген күні ________________________________

      сертификатты берген орган ___________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі __________ бастап __________ дейін;

      4) базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізуге арналған стандарттық тесттер __________________________________________

      3. Заңды тұлға басшысының "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімінің, мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің бар-жоғы.

      Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер), соңғы 5 (бес) жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің бар-жоғы:

      1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

      мамандық және біліктілік _________________________________

      лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі

      туралы дипломның нөмірі ______________________________

      дипломның берілген күні _________________________

      оқу орнының атауы _________________________________

      2) маманданудан/біліктілігін арттырудан өткені туралы куәлік:

      маманданудан/біліктілігін арттырудан өткен мекеменің атауы ___________________

      _______________________________________________

      пән ___________________________________

      сертификаттың нөмірі _________________________

      сертификаттың берілген күні __________________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

      Кімге_________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын (керегінің астын сызу) №__________ бастап "___" _________ 20___ жылғы берілген) _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға (қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы) (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі ______________________________________________

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі __________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі _____________________________________________________________

      4) қызмет түрі атауының өзгеруі _____________________

      5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _______________________.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________

      ____________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық почтасы _____________________________

      Телефондары ______________________________

      Факсы ________________________________

      Банктік шоты ____________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы __________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Жеке тұлға ____________ ________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

      Кімге_________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын (керегінің астын сызу) №__________ бастап "___" _________ 20___жылғы берілген) _______________________________________ ______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)

      _______________________________________________________________

      жүзеге асыруға (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы) (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті тор көзде Х қою қажет):

      бірігу ___________________________________________________

      қайта құру _______________________________________________

      қосылу ____________________________________________________

      бөліп шығару ______________________________________________

      бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуы__________________________;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________

      4) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________

      5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ___________________________.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________ (елі – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почтасы ________________________________

      Телефондары ________________________

      Факсы _____________________

      Банктік шоты _________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы ________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Басшы____________ ________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________________

  Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға
арналған лицензия беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ

      20____ жылғы "___" _________ № __________

      ___________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы) _________________________________________

      айналысуға__________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ берілді

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес -сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ерекше шарттары ________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескерту: ____________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) ____________________________________________

      (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

      Мөрдің орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

      Алғашқы берілген күні: _______ жылғы " " __________

      Лицензияның қолданылу кезеңі: _______ жылғы " " ____________

      Берілген орны ____________________________

  Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға
арналған лицензия беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША

      Лицензияның нөмірі ____________

      Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________

      Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (лері)____________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)

      Лицензиат ___________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өндiрiстік база және/немесе объект_______________________________

      (орналасқан жерi)

      Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары___________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Лицензиар ___________________________________________________

      (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға)______________________________________________

      (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      Қолы ______________ (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)

      Мөрдің орны (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)

      Қосымшаның нөмірі ________________

      Қолданылу мерзiмi _____ жылғы "____" _______________

      Қосымшаның берілген күні 20___ жылғы " __" _____________

      Берілген орны ________________________

  Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға
арналған лицензия
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның атауы ]



[Уәкілетті органның атауы]

Уәжді бас тарту

      Берілген күні: [берілген күні]

      [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркеу орны:

      Облыс: [Облыс]

      Аудан: [Аудан]

      Қала\елді мекен: [қала\елді мекен]

      [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН]

      Мемлекеттік тіркеу күні [күні]

      Бас тарту себебі: [бас тарту себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі ]



      Қол қоюшының лауазымы [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]