"Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21323 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ""Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларының жеке басын, заңды тұлғаның жарғысынан, соттылығының жоқтығы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылғаны туралы анықтамаларды; көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын, санитарлық нормаларға лайықты сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі