Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21315 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 146 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) жалпы конкурс;

      2) ішкі конкурс.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органда және оның ведомствосында құрылатын конкурстық комиссияның құрамына саны конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Конкурс комиссиясының құрамын өзгерту уәкілетті адамның шешімі бойынша тиісті актіні шығару жолымен жүзеге асырылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ішкі конкурс";

      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      37. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      5-тарау алып тасталсын;

      66, 67, 68, 69 және 70-тармақтар алып тасталсын;

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталған уақытша болмайтын жұмыскердің жұмысқа шығу күнін көрсетумен конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.";

      80-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      4-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында:

      2-тарау алып тасталсын;

      5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.";

      25-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.";

      32-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.".

      2. "Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14448 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібінде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сынақтан өтуші – мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген адам.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіретін сынақтан өтушілерге тәлімгерлер бекітіледі.".

      3. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14479 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларында:

      9-2 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

                  ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
4-қосымшасы
  Нысан

Кандидатты бағалау парағы

      Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________

      Лауазымы ___________________________________________________________

      1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)____________________________

      2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ___________________________

      3-сұрақ * (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _________________________

Өлшем

Балл **

1-сұраққа жауап


2-сұраққа жауап


3-сұраққа жауап *


Эссені жазу ***


Кәсіби тәжірибе


Білім деңгейі


Басқару дағдылары ****


Коммуникативтік дағдылар


*


Барлығы


      __________________________________

      (конкурстық комиссия мүшесінің қолы)

      ________________________________________________________________

      (конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "__"_______ 20__ ж.

      Ескертпе:

      * сұрақтар саны және қажет болған жағдайда қосымша өлшемдер мемлекеттік органмен дербес айқындалады

      ** 0-ден 5 баллға дейін қойылады

      *** А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдары үшін

      **** басқарушы лауазымдарға қолданылады

      Эссені бағалаудың параметрлері (екі жүз сөзден артық емес):

      0 балл – кандидат эссені жазған жоқ немесе тақырыбын ашып жазған жоқ (мәселені білмейтіндігін көрсетті)

      1 – 2 балл – кандидат эссе тақырыбын жартылай ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі және түсінігі бар)

      3 – 4 балл – кандидат эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы ауқымды білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың өте жақсы деңгейі бар)

      5 балл – кандидат эссе тақырыбын толығымен ашты (тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгей бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады)

      Кәсіби тәжірибе:

      0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ

      1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам

      Білім деңгейі:

      1 балл – білімі сәйкес келеді

      2 балл – тиісті саладағы магистр

      3 балл – тиісті саладағы PhD доктор

      4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар

      5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар

      Басқару дағдылары:

      0 балл – басқарушы лауазымдағы тәжірибесі жоқ

      1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылға дейін

      2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылдан төрт жылға дейін

      3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі төрт жылдан бес жылға дейін

      4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан алты жылға дейін

      5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жыл және одан астам

      Коммуникативтік дағдылар:

      0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді

      1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді

      2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді

      4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді

      5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.