Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21269 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ 327 бұйрығымен бекітілген

Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-39) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

      1) белгіленген қуат – энергия беруші ұйымның кәсіпкерлік субъектісіне келісілген электр қондырғыларының жиынтық қуаты;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 киловатқа (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарты (бұдан әрі – шарт) – оған сәйкес энергия беруші ұйым кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайтын, ал кәсіпкерлік субъектісі технологиялық қосуға арналған шығындарды төлеуге міндеттенетін келісім;

      3) өтініш беруші – белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғылары бар кәсіпкерлік субъектісі;

      4) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) сыртқы электрмен жабдықтау – энергия беруші ұйымның қосу нүктесінен тұтынушының қосу нүктесіне дейін электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін электр қондырғылары кешені;

      6) технологиялық қосу – жүйелік операторды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған іс-шаралар кешені;

      7) технологиялық қосуға арналған техникалық тапсырмалар (бұдан әрі — техникалық тапсырмалар) – электр желілеріне қосуды орындау үшін қажетті техникалық талаптар және шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Технологиялық қосу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) жаңадан іске қосылатын немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын қосу;

      2) ең жоғары қуаты 200 кВт-қа дейін ұлғайтылатын бұрын қосылған электр қондырғылары;

      3) сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын өзгерту;

      4) электр қондырғыларын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі;

      5) электр қондырғыларын қосу нүктесінің өзгеруі.

      4. Технологиялық қосу процесі туралы ақпарат жылына бір рет жаңартыла отырып, энергия беруші ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      5. Өтініш беруші мен энергия беруші ұйым арасында туындайтын даулар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 400-бабына сәйкес шешіледі.

2-тарау. Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу тәртібі

1-параграф. Технологиялық қосуға құжаттарды беру және қарау

      6. Технологиялық қосу үшін өтініш беруші немесе оның өкілі мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді:

      1) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, дара кәсіпкерлер үшін - рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме;

      2) еркін нысанда жасалған, өз бетінше немесе сарапшы ұйымды тарту арқылы орындалған, мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі;

      3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе кәсіпкерлік субъектісінің электр қондырғылары орналасқан (орналасатын) құқық белгілейтін құжат (бар болса);

      4) көп пәтерлі тұрғын үйлерде және өзге де күрделі құрылыс объектілерінде орналасқан тұрғын емес үй-жайлардағы өтініш берушінің электр қондырғыларын технологиялық қосу жағдайында – "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-тарауы талаптарының нормаларына сәйкес пәтер иелерінің келісімін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) өтініш берушінің электр қондырғыларын бағбандық, бау - бақшалық немесе саяжай бірлестігіне тиесілі электр желілеріне технологиялық қосу жағдайында - жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат, сондай-ақ осындай құжаттар болған жағдайда, жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері және бағбандық, бау-бақшалық және саяжай бірлестігі мүшелерінің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес әрбір жер учаскесіне бөлінген электр қондырғыларының ең жоғары қуатының шамасы туралы деректері бар ақпарат;

      6) өтініш беруші өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);

      7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №);

      8) ситуациялық жоспар;

      9) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтауға арналған жария шартын акцептеу туралы өтініш;

      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгіленген тәртіппен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарды алған жағдайда (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) өтінішке техникалық шарттар қоса беріледі.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілгеннен басқа қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      8. Өтініш электр желілерінде өтініште көрсетілген кернеу класы бар және өтініш берушінің электр қондырғыларынан мынадай қашықтықта орналасқан энергия беруші ұйымдарға беріледі:

      1) 0,4 киловольт (бұдан әрі – кВ) (220 вольт ( бұдан әрі - В), 380 В) қосу кезінде тікелей желі бойынша 600 (алты жүз) метрден аспайтын радиуста;

      2) 6 немесе 10 кВ қосылған кезде 600 (алты жүз) метр және одан көп радиуста тікелей желі бойынша беріледі.

      9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтініштер мен қоса берілген құжаттарды астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда беру және қабылдау энергия беруші ұйымдардың интернет-ресурсы арқылы тек электрондық түрде жүзеге асырылады. Қалған елді мекендерде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтініштер мен қоса берілген құжаттарды қағаз түрінде беруге және қабылдауға жол беріледі.

      10. Энергия беруші ұйым осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде олардың толықтығын қарайды.

      Өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, энергия беруші ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады

      11. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда энергия беруші ұйым құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, энергия беруші ұйым еркін нысанда бас тарту туралы хабарлама жасайды және оны бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жібереді.

      12. Өтініш беруші энергия беруші ұйымның ескертулерін жойған кезде бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағынада көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті қайта береді.

      13. Бас тартумен келіспеген жағдайда өтініш беруші энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді.

      Өтініш беруші энергетикалық сараптаманың бас тарту негізсіздігі туралы қорытындысы негізінде энергия беруші ұйымға қайтадан өтініш береді.

      14. Құжаттарды қайта ұсынған кезде энергия беруші ұйым құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      15. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде энергия беруші ұйым осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге электр қондырғыларын технологиялық қосуға арналған негізделген шығындардың қорытындысын береді және осы тараудың 2 және 3-параграфтарында көрсетілген шараларды қабылдайды.

2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасу

      16. Энергия беруші ұйымдар технологиялық қосу үшін "Заңның 5-бабының 70-40)тармақшасына сәйкес бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу үлгілік шартына сәйкес өтініш берушімен шарт жасасады.

      17. 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым тарапынан қол қойылған шарт және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық тапсырмалар өтініш берушіге астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда өтініш берушінің электрондық түрде қол қоюы үшін энергия беруші ұйымдардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі.

      Қалған елді мекендерде шартты қағаз түрінде ресімдеуге және жіберуге жол беріледі.

      18. Энергия беруші ұйым тарапынан қол қойылған шартты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шартқа өтініш беруші қол қояды және оны астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы энергия беруші ұйымдарға интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде жібереді, қалған елді мекендерде қағаз түрінде жіберуге жол беріледі.

      19. Энергия беруші ұйым бас тарту себептерін көрсете отырып, шарт жасасудан дәлелді бас тартуды мынадай жағдайларда береді:

      1) өтініш берушінің технологиялық қосуын беруді жүзеге асыру үшін қажетті энергия беруші ұйымның бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, электр желілерінің өткізу қабілеті болмаған;

      2) энергия беруші ұйымның электр желілерінің болмауы.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туралы ақпарат энергия беруші ұйымның интернет-ресурстарында орналастырылады.

      20. Шарт жасасудан дәлелді бас тартумен немесе шарт талаптарымен келіспеген жағдайда, өтініш беруші энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді.

      Өтініш беруші энергетикалық сараптаманың шарт талаптарының негізсіздігі туралы қорытындысы негізінде энергия беруші ұйым тарапынан қол қойылған шартты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде энергия беруші ұйымға осы Қағидаларға сәйкес жасалған өзінің шарт жобасын жібереді.

      Энергия беруші ұйым өтініш берушінің шарт жобасын жасасудан бас тартқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның іс-әрекетіне шағымданады.

      21. Өтініш беруші қол қойылған шартты энергия беруші ұйымға жібермеген немесе өзінің шарт жобасын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жібермеген жағдайда, энергия беруші ұйым жіберген шарттың күші жойылды деп есептеледі.

      22. Өтініш беруші энергия беруші ұйымға шартты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабарлаған жағдайда, өтініш берушінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі - Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) сәйкес энергия беруші ұйымнан алынған техникалық тапсырмаларды дербес орындауына жол беріледі.

3-параграф. Технологиялық қосу

      23. Энергия беруші ұйым технологиялық қосуды мынадай мерзімдермен және кезеңдермен орындайды:

      1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде – шартты ресімдеу және оны өтініш берушіге жолдау;

      2) шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде – шартты орындау үшін қажетті электр желілерін және өзге де объектілерді салуға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу және бекіту;

      3) шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде – құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру және өтініш берушіге электр желілері мен электр қондырғыларын пайдалануға беру;

      4) құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде – өтініш берушіге кернеу беру, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін беру;

      5) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде – тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10403 болып тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4 немесе 4-1-тармақтарында көрсетілген құжаттарды жолдау.

      24. Өтініш беруші салынған электр желілерін энергия беруші ұйымнан қабылдауды Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 11-тарауына сәйкес жүргізеді.

  Энергия беруші ұйымдардың
электр желілеріне
технологиялық қосу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш

1

Өтініш беруші


2

энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосуы қажет электр қондырғыларының атауы және орналасқан жері


3

Ғимарат алаңы


4

Пәтерлер саны (нөмірлер, кабинеттер)


5

Өтініш беруші электрмен жабдықтаудың жария шартын жасайтын энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы


6

Байланыстар:
пошталық мекенжайы;
телефон нөмірі;
электрондық пошта мекенжайы.



Электрмен жабдықтау реконструкциялау кезінде

Талап етілетін қуат, киловатт


Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Электр қондырғылары сенімділігінің мәлімделген санаты

I санат ___ киловатт (киловольтампер),
II санат ___ киловатт (киловольтампер),
III санат ___ киловатт (киловольтампер)

Электр қазандықтарын, электр калориферлерін, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанып отыр (қажеттінің астын сызу))

I санат___ киловатт (киловольтампер)
II санат___ киловатт (киловольтампер)
III санат___ киловатт (киловольтампер)

Қолда бар ең жоғары жүктеме

саны _ _ _ дана, бірлік қуаты _____ киловатт (киловольтампер)

Шарт бойынша рұқсат етілген трансформаторлардың қуаты


  Энергия беруші ұйымдардың
электр желілеріне
технологиялық қосу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге: ______________________
  (өтініш беруші желілеріне қосылатын энергия беруші ұйымның атауы)
  Кімнен: _____________________
  (тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

Электрмен жабдықтауға жария шартты акцептеу туралы өтініш

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4 немесе 4-1- тармақтарына сәйкес ____________________________________________

      (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)

      құжаттарды беруге келісім беремін.

      Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      Сонымен қатар:

      ұялы телефон нөмірі ____________________________;

      (қысқа мәтіндік хабарлама)

      ____________________________;

      (мультимедиалық хабарлама)

      ____________________________;

      (мультимедиалық хабарлама)

      электрондық пошта ____________;

      пошта мекенжайы ___________ арқылы электр энергиясын тоқтату туралы хабарлама алуға келісетінім туралы хабардар етемін.

      ____________________                  20__ жыл "__"_________

      (өтініш берушінің қолы)                              (Күні)

  Энергия беруші ұйымдардың
электр желілеріне
технологиялық қосу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Технологиялық қосуға арналған техникалық тапсырмалар

      № _________________                  20___ жылғы " "____________.

      ________________________________________________________________

      (техникалық тапсырманы берген энергия беруші ұйымның атауы)

      ________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      1. Тұтынушының электр қондырғыларының атауы _____________

      ________________________________________________________________.

      2. Электрмен жабдықтау мақсатында өтініш берушінің электр қондырғыларын технологиялық қосу жүзеге асырылатын объектілердің атауы және орналасқан жері _________

      ________________________________________________________________.

      3. Өтініш берушінің қосылатын электр қондырғыларының сұралатын ең жоғары қуаты ____________________________________________________ (киловатт (бұдан әрі - кВт))

      (егер электр қондырғылары пайдалануға енгізілсе

      ________________________________________________________________________ құрайды.

      кезеңдер мен кезектер бойынша кезең-кезеңмен бөлу көрсетіледі)

      4. Бұрын қосылған электр қондырғыларының ең жоғары қуаты _______ кВт.

      5. Сұралатын қуатты ескере отырып қосылған электр қондырғыларының жиынтық қуаты ___________ кВт.

      6. Сенімділік санаты ___________.

      7. Технологиялық қосу жүзеге асырылатын электр желілерінің кернеу сыныбы ____________ (киловольт).

      8. Өтініш берушінің электр қондырғыларын пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі __________________________________________________.

      9. Теңгерімдік тиесілігі және пайдалану жауапкершілігінің шекарасы алдын ала белгіленеді: _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      10. Қосу нүктесі(-лері) (енгізу тарату құрылғылары, электр беру желілері, базалық кіші станциялар) және қосудың әрбір нүктесі бойынша электр қондырғыларының жиынтық ең жоғары қуаты:

      1-нүкте: _______ (кВт);

      2-нүкте: _______ (кВт);

      3-нүкте: _______ (кВт).

      11. Негізгі қуат көзі ____________________________________.

      12. Резервтік қуат көзі ___________________________________.

      13. Энергия беруші ұйым (*)_____________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жаңа қуаттарды (жаңа электр беру желілерін, кіші станцияларды салу, сымдар мен кабельдердің қимасын ұлғайту, трансформаторлардың қуатын ауыстыру немесе ұлғайту, тарату құрылғыларын кеңейту, жабдықты жаңғырту, электр желілік шаруашылық объектілерін реконструкциялау, электр энергиясының сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін кернеуді реттеу құрылғыларын орнату) қосуға байланысты, қолданыстағы электр желісін күшейтуге қойылатын талаптар көрсетіледі, сондай-ақ Тараптардың келісуі бойынша, осы Қағидаларда көзделген техникалық тапсырмаларды орындау бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асырады

      14. Өтініш беруші (**) жүзеге асырады _____________________________

      ________________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      15. Осы техникалық тапсырмалардың қолданылу мерзімі кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейін электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасқан күннен бастап (***)__________ күнтізбелік күнді құрайды.

      _______________________

      (қолы)

      __________________________________________________________________________

      (желілік ұйымның атынан әрекет ететін адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" ______________.

      Ескертпе:

      (*) Мердігер ұйымдармен қатынастарды реттеуді қоса алғанда, өтініш берушінің энергия қабылдайтын құрылғылары орналасқан учаскенің шекарасына дейін техникалық тапсырмаларды орындау жөніндегі энергия беруші ұйымның міндеттемелері көрсетіледі.

      (**) Желілік ұйым өз қаражаты есебінен орындауға міндетті міндеттерді қоспағанда, өтініш берушінің электр қондырғылары орналасқан учаскенің шекарасы шегінде техникалық тапсырмаларды орындау жөніндегі міндеттемелері көрсетіледі.

      (***) Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі осы Қағидалардың 3-параграфында көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.